Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет177/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   330
3.66-сурет
).
3.66-сурет. 
ГТФ-байланыстырушы белоктар молекулалық свитчтер ретінде. ГТФ байланыстырушы 
белоктардың (сонымен қатар ГТФаза-лар деп аталады) белсенділігі берік байланысқан ГТФ молеку-
ласын қажет етеді (свитч «қосылған»). ГТФ байланыстырушы белокпен ГТФ-тің гидролизі ГДФ пен 
бейорганикалық фосфор (Ф
б
) түзеді және осы процестен кейін фермент басқа, әдетте инактивті, кон-
формацияға ұшырайды (свитч «өшірілген»). Свитчті қайта қосу берік байланысқан ГДФ-тің диссоциа-
циясын қажет етеді. Осы процесс өте баяу жүреді және ол спецификалық сигналдармен тездетіледі; 
ГДФ диссоциацияланғаннан кейін ГТФ-тің жаңа молекуласы тез арада байланысады. 
ГТФ-байланыстырушы белоктар (сонымен қатар ГТФазалар деп аталады) гло-
булярлы домені бар үлкен белоктар туыстастығын құрайды. Берік байланысқан ГТФ 
молекуласы ГТФ-байланыстырушы белокпен ГДФ-ке дейін гидролизденген кезде бұл 
домен белокты инактивациялайтын конформациялық өзгеріске ұшырайды. Осы туыста-
стықтың прототиптік мүшесі болатын Ras атты мономерлік ГТФазаның үш кеңістіктік 
құрылымы
3.67-суретте
көрсетілген.


194 3-тарау. Белоктар
3.67-сурет.
 ГТФ-пен байланысқан күйіндегі Ras белогының 
құрылымы. Осы мономерлік ГТФаза ГТФ-байлаынстырушы 
белоктардың үлкен туыстастығында кездесетін ГТФ-бай-
ланыстырушы домен болып табылады. ГТФ молекуласы 
ГДФ пен пен бейорганикалық фосфорға ыдыраған кезде 
қызыл аудандар өзінің конформациясын өзгертеді; ГДФ 
белокпен байланысып қалады, ал бейорганикалық фосфор 
босатылады. Ras-қа қатысты болатын белоктардағы «свитч 
спиралінің» арнайы рөлі мәтінде түсіндірілген (3.72-сурет 
пен 
15.7-бейнефильмді 
қараңыз).
Ras белогы клетканың сигналдық жүйесінде 
маңызды рөл атқарады. Оның ГТФ-пен байланысқан 
түрі белсенді болады және клеткада ол белоктың фосфорлану реакциясын қоздырады. 
Бірақ, уақыттың көпшілігінде белок инактивті күйде болады. Ол клетка сыртындағы 
сигналдарға жауап ретінде құрамындағы ГДФ молекуласын ГТФ-ке алмастырған кезде 
активтенеді.
GAP және GEF реттегіш белоктары ГТФ-байланыстырушы белоктардың 
белсенділігін ГТФ немесе ГДФ-тің байланысқанына қарай анықтайды
ГТФ-байланыстырушы белоктар ГТФ немесе ГДФ-тің байланысқанын анықтайтын 
реттегіш белоктармен реттеледі. Ras белогы ГТФазаны активтеуші белокпен (GTPase-
activating protein – GAP) тежеледі. GAP белогы Ras белогымен байланысқан кезде Ras 
белогының құрамындағы ГТФ ГДФ-ке дейін гидролизденеді. Инактивті Ras белогы гу-
анидин нуклеотидін алмастырушы фактормен (guanidine nucleotide exchanging factor 
– GEF) әрекеттескен кезде GEF белогы Ras-ГДФ кешенімен байланысады да, ГДФ-тің 
босатылуын қоздырады. Нәтижесінде клеткада Ras белогы, клеткада көп мөлшерде 
кездесетін ГТФ-пен байланысып, белсенді күйге ауысады (
3.68-сурет
). 
Белоктарды оларға басқа белоктардың ковалентті байланысуы көмегімен 
реттеуге болады
Клеткаларда көптеген белоктардың белсенділігі мен мақсатын анықтайтын кіші белок-
тар туыстастығы болады. Осы кіші белоктар нысана белоктармен коваленттік байланыс 
түзеді. Осы жағдайда кіші белоктың карбоксильдік тобы «нысана» белоктың лизиндік 
бүйір тізбегімен изопептидтік байланыс түзе отырып байланысады. Осындай белоктар-
дың қатарына ең алғашқы болып анықталған убиквитинді жатқызуға болады (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет