Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет286/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

5.24-сурет
Бактериялық ге-
номның 
репликациясы. 
E. 
coli-дің 4.6 x 10
6
нуклеотидтер 
жұбынан 
тұратын 
геномын 
дупликациялау үшін шамамен 
30 минут қажет. Түсінікті болу 
үшін қалыңқы тізбекте Оказаки 
фрагменттері көрсетілмеген. Екі 
репликативтік айыр репликация 
циклы аяқталғанда бір-бірімен 
соқтығысқан кезде не болатыны 
әлі түсініксіз. 
5.25-сурет. 
Бактерияларда репликация процесін иници-
ациялайтын белоктар. Көрсетілген механизм аса таза бе-
локтардың қоспасымен in vitro жағдайында іске асырылған 
тәжірибелер негізінде белгілі болды. E. coli-дегі ДНҚ ре-
пликациясының негізгі инициаторлық белогы, хеликазасы 
және праймазасы сәйкесінше dnaA, dnaB және dnaG белок-
тары болып табылады. Алғашқы қадамда инициаторлық 
белоктың бірнеше молекуласы репликацияның басталу 
нүктесіндегі спецификалық ДНҚ тізбегімен байланысады 
және ДНҚ оралатын тығыз құрылым түзу арқылы ДНҚ-ның 
қос тізбегін тұрақсыздандырады. Келесіде, хеликазаны тие-
уші белок (dnaC белогы) екі хеликаза белогын әкеледі. Осы 
dnaC белогы хеликазаларды олар репликацияның басталу 
нүктесіне дұрыс тиелмегенше тежейді. Хеликазаны тиеуші 
белоктар хеликазалармен бактериялық геномға басқа бір 
тізбекті ДНҚ үзінділерін енгізуден сақтайды. Бір тізбекті бай-
ланыстырушы белокпен бақыланатын хеликазалар ДНҚ-ны 
ашады және праймазаның әрекетіне мүмкіншілік береді. 
Келесі қадамдарда, екі толық репликативтік айырлар баста-
лу нүктесінде жиналады және қарама-қарсы бағытта жылжи 
бастайды. Сол жақты айыр жылжуын бастаған кезде инициа-
торлық белоктар алынады.


316 5-тарау. ДНҚ репликациясы, репарациясы және рекомбинациясы
циклына қажетті қоректік заттар бар жағдайда ғана басталады. Сонымен қатар, инициа-
цияның клетка бөлінуінің бір циклында тек бір рет қана жүруі де реттеледі. Репликация 
басталғаннан кейін инициаторлық белок онымен байланысқан АТФ-тің гидролизімен 
инактивацияланады. Осы мезетте репликация басталу нүктесі «рефракторлық кезеңге» 
тап болады. Рефракторлық кезең басталу нүктесінде жаңадан енген А нуклеотидінің 
метильденуіндегі кідірістен кейін орын алады (
5.26-сурет
). Барлық А-лар толығымен 
метильденіп бітпегенше және инициаторлық белок өзінің АТФ-пен байланысқан күйін 
қалпына келтірмегенше инициация қайта басталмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет