316 5-тарау. ДНҚ репликациясы, репарациясы және рекомбинациясы
циклына қажетті қоректік заттар бар жағдайда ғана басталады. Сонымен қатар, инициа-
цияның клетка бөлінуінің бір циклында тек бір рет қана жүруі де реттеледі. Репликация
басталғаннан кейін инициаторлық белок онымен байланысқан АТФ-тің гидролизімен
инактивацияланады. Осы мезетте репликация басталу нүктесі «рефракторлық кезеңге»
тап болады. Рефракторлық кезең басталу нүктесінде жаңадан енген А нуклеотидінің
метильденуіндегі кідірістен кейін орын алады (
5.26-сурет
). Барлық А-лар толығымен
метильденіп бітпегенше және инициаторлық белок өзінің АТФ-пен байланысқан күйін
қалпына келтірмегенше инициация қайта басталмайды.
Достарыңызбен бөлісу: