Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет304/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

5.46-сурет
Ұштардың гомологты емес жалғануы. (A) 
Зақымданған хромосома ұштарын ұстайтын Ku белогы атты 
гетеродимер орталық рөл атқарады. Көрсетілген қосымша 
белоктар зақымданған ұштардың өңделуі мен олардың 
ковалентті түрде жалғануына дейін ұстау үшін қажет. (Ә) 
Ku гетеродимерінің дуплексті ДНҚ фрагментімен байла-
нысқан үш кеңістікті құрылымы. Сонымен қатар, Ku белогы 
антидене мен Т клеткалар рецепторларының түрлілігін тү-
зетін V(D)J байланысуы атты спецификалық рекомбинация 
процесі үшін маңызды. V(D)J байланысуы мен ұштардың 
гомологты емес жалғануы механизмі жағынан өте көп 
ұқсастық көрсетеді, бірақ біріншісі клеткада әдейі түзілетін 
қос тізбекті үзілістерге сүйнеді (Ә, J.R. Walker, R.A. Corpina, 
and J. Goldberg, Nature 412:607-614, 2001 көзінен Macmillan 
Publishers Ltd. рұқсатымен қолданылды).


ГОМОЛОГТЫ РЕКОМБИНАЦИЯ
339
Қорытынды
Генетикалық ақпарат ДНҚ тізбегінде сақтала алады, себебі ДНҚ репарациялаушы 
ферменттердің жиынтығы ДНҚ-да әрдайым орын алатын зақымдарды тексереді. 
ДНҚ репарациясының көптеген түрі матрицалық тізбекке тәуелді болады. Кездейсоқ 
зақым репарациялаушы фермент көмегімен жойылады және матрицалық тізбек не-
гізінде дұрыс қос тізбек түзіледі. 
ДНҚ негіздерінің зақымдануы ДНҚ репарациясының екі жолының біреуімен тү-
зетіледі. Негіздердің эксцизиялық репарациясында, өзгерген негіз ДНҚ-гликозилаза 
ферментімен жойылады. Нуклеотидтің эксцизиялық репарацияда зақымның айнала-
сындағы қысқа аудан жойылады және матрицалық тізбек негізінде нуклеотидтермен 
толтырылады. ДНҚ зақымдарының кейбір түрлері әртүрлі жолдармен репарациялана 
алады – зақымның тікелей химиялық қайтарылуы. ДНҚ-ның зақымы ауқымды болған 
жағдайда транслизиялық полимераза атты дөрекі ферменттер зақымды дөрекі түр-
де түзетеді. 
Басқа маңызды репарациялық жүйелерге ұштардың гомологты емес жалғануы мен 
гомологты рекомбинация жатады – олар қостізбекті зақымдарды репарациялайды. 
Көптеген клеткаларда ДНҚ-ның зақымдары клетка циклының әрі қарай жалғасуын 
тежей алады. ДНҚ репарацияланғаннан кейін клетка циклы жалғасады.
ГОМОЛОГТЫ РЕКОМБИНАЦИЯ
Алғашқы бөлімде біз клетканың ДНҚ тізбектерін ұрпақтан ұрпаққа өте аз өзгерістермен 
берілуін қамтамасыз ететін механизмдерді қарастырдық. Осы бөлімде ДНҚ репарация- 
сы механизмдерінің тағы бір түрін – гомологты рекомбинация атты реакциялардың 
әртүрлі жиынтықтарын қарастырамыз. Гомологты рекомбинацияның маңызды қа- 
сиетіне гомологты ДНҚ тізбектерінің дуплексі арасындағы ДНҚ тізбектерінің алмасуы 
болып табылады. Репарация зақымданған комплементарлы тізбекпен ғана шектел-
мейтіндіктен гомологты рекомбинация ДНҚ зақымдарының көптеген түрлерін түзете 
алады, соның ішінде қос тізбектің үзілуін нақты түрде репарациялауды атап кетуге 
болады. Қос тізбектің үзілуі радиациядан немесе реактивті химиялық заттар әсерінен 
пайда бола алады, бірақ олардың көпшілігі жұмысын тоқтатқан немесе зақымданған 
репликативтік айырлардың әсерінен орын алады. Гомологты рекомбинация осындай 
зақымдарды нақты түрде түзетеді және бұл механизм әр пролиферацияланатын клетка 
үшін аса маңызды болып келеді. 
Осыған қоса біз гомологты рекомбинацияның жынысты жолмен көбейетін орга-
низмдер үшін маңызды екенін көреміз. Мейоз кезінде гаметалардың түзілуіндегі маңыз-
ды қадамда гомологты рекомбинация гомологты аналық және аталық хромосомалардың 
арасындағы нақты ДНҚ аудандарының алмасуын қамтамасыз етеді. 
Гомологты рекомбинацияның қасиеттері барлық клеткаларға ортақ болады
Гомологты рекомбинацияның қазіргі таңдағы ДНҚ репарациясының маңызды меха-
низмі ретінде танылуы оның мейоздың арнайы компоненті ретінде ашылуынан бастап 
өте баяу дамыды. Гомологты рекомбинацияның бір клеткалы организмдерде жүруі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет