ТРАНСПОЗИЦИЯ ЖӘНЕ САЙТ-СПЕЦИФИКАЛЫҚ РЕКОМБИНАЦИЯ
359
Фазалық вариация көмегімен бактериялар популяциясы қожайын организмнің им-
мундық жүйесінен аман қалады. Егер қожайын организм флагеллинге қарсы антиде-
нелер түзетін болса, онда бактерия синтездейтін флагеллин түрін инверсия көмегімен
өзгерте алады.
Бактериалды консервативті сайт-спецификалық
рекомбиназалар клеткалық
және даму биологтарының қайталанбас құралына айналды
Клеткалар мен вирустар қолданатын басқа да механизмдер
сияқты консервативті
сайт-спецификалық рекомбинация көмегімен зерттеушілер көптеген мәселелерді шешу-
ге ынталануда. Спецификалық гендер мен белоктардың
функцияларын ашу мақсатында
зерттеу объектісі ретінде ғалымдар заманауи гендік инженерия әдістерінің көмегімен
консервативті сайт-спецификалық фермент пен нысана
ДНҚ-сы бар рекомбинантты
құрттар, шіркейлер мен тышқандарды алды. Белгілі бір уақытта ферментті кодтайтын
ген активацияланады және нысана тізбекті тасымалдай алады. Осы тасымал көмегімен
белгілі бір клеткаларда немесе ұлпаларда спецификалық генді жояды (
5.66-сурет
). Ны-
сана ген дамудың тек ерте кезеңдері үшін маңызды болған жағдайда пайдалы болады.
Ұқсас тәсілдермен спецификалық генді белгілі бір ұлпаларда қате (орынсыз) экспрес-
сиялануын қоздырады. Осы әдістің көмегімен жануардың кез келген ұлпасындағы кез
келген белоктың функциясын анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: