ТРАНСПОЗИЦИЯ ЖӘНЕ САЙТ-СПЕЦИФИКАЛЫҚ РЕКОМБИНАЦИЯ
355
Ретровирустар тәрізді ретротранспозондар белок қабығы болмайтын
ретровирустарға жиналады
Транспозондардың үлкен туыстастығы
ретровирустар тәрізді ретротранспозондар
деп аталады. Олар өзін хромосомаға ретровирустар сияқты енгізеді және кесіп алады.
Осындай
элементтер ашытқылар, шіркей және сүтқоректілер
сияқты организмдерде
кездеседі; олар вирустарға қарағанда қожайын
клеткасынан кете алмайды,
бірақ ұр-
пақтан ұрпаққа беріле алады. Олардың транспозициясының бірінші қадамында толық
транспозонның транскрипциясы жүреді және транспозонның РНҚ көшірмесі түзіледі.
Қожайын клеткасымен мРНҚ ретінде танылатын транскрипт
кері транскриптазаны
кодтайды. Осы фермент РНҚ молекуласының қостізбекті ДНҚ көшірмесін синтездейді.
Ретровирус сияқты сызықты қостізбекті ДНҚ молекуласы қожайын геномына интеграза
көмегімен енгізіледі.
Адам геномының үлкен бөлігі ретровирустық
емес ретротранспозондардан құралған
Омыртқалылар хромосомаларының
айтарлықтай
бөлігі қайталмалы ДНҚ тізбектерінен тұрады. Адам
хромосомаларында
осы қайталымдар ретровирус-
Достарыңызбен бөлісу: