30 1-тарау. Клеткалар мен геномдар
Эукариоттық клеткалардың қайталанбас қасиеттері қандай тізбек бойынша дамыға-
ны әлі белгісіз. Бір шынайы көзқарасқа бастапқы клетканың басқа клеткаларды қорек
ететін жыртқыш түрінде тіршілік ететінін жатқызуға болады (
1.27-сурет
). Осындай тір-
шілік әрекеті жиырылғыш қасиеті бар плазматикалық мембрана мен осы мембрананы
тұрақтандыратын әрі оның қозғалуына мүмкіншілік беретін цитоқаңқаның болуын қа-
жет етеді. Сонымен қатар, ол клетканың нәзік ДНҚ-сының цитоқаңқаның қозғалыстан
қорғайтын бөлек компартментінде орналастырылуын қажет етеді.
1.26-сурет.
Фагоцитоз. Бейнефильмнің тоқтатылған кадрлар жиынтығы
адам қанының ақ клетка-
сының (нейтрофил) антиденемен ыдырауға таңбаланған қанның қызыл клеткасын (қызыл түспен
боялған) жұтуы көрсетілген (
13.5-бейнефильмді
қара). (Stephen E. Malawista және Anne de Boisfleury
Chevance сыпайлылығы).
Достарыңызбен бөлісу: