Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет40/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   330
1.25-сурет
). Олардың клеткалары әдетте сызықты кеңістік-
те 10 есе, ал көлемі бойынша 1000 есе үлкенірек келеді. Олар цитоқаңқаны – белок 
филаменттерінің жүйесі және олармен байланысқан басқа да белоктармен клеткаға 
механикалық күш, оның пішіні мен қимылын реттейтін және жылжуын бағыттайтын 
арқалық, арқан және қозғалтқыш жүйесін құрайды (
1.1-бейнефильм
). Ядролық мем-
брана ішкі мембраналар жүйесіне кіреді және олар плазматикалық мембранаға ұқсас 
келеді, клетка ішінде әртүрлі кеңістіктерді оқшаулайды және олардың көбісі ыдырату 
реакциялары мен секрецияға қатысады. Қатты клетка қабығы болмайтын көптеген бак-
териялар, жануар клеткалары мен протозойлар атты бос тіршілік ететін эукариоттық 
клеткалар өз пішінін тез арада өзгерте алады және басқа клеткалар мен кіші объек-
тілерді фагоцитоз жолымен жұта алады (
1.26-сурет
). 


30 1-тарау. Клеткалар мен геномдар
Эукариоттық клеткалардың қайталанбас қасиеттері қандай тізбек бойынша дамыға-
ны әлі белгісіз. Бір шынайы көзқарасқа бастапқы клетканың басқа клеткаларды қорек 
ететін жыртқыш түрінде тіршілік ететінін жатқызуға болады (
1.27-сурет
). Осындай тір-
шілік әрекеті жиырылғыш қасиеті бар плазматикалық мембрана мен осы мембрананы 
тұрақтандыратын әрі оның қозғалуына мүмкіншілік беретін цитоқаңқаның болуын қа-
жет етеді. Сонымен қатар, ол клетканың нәзік ДНҚ-сының цитоқаңқаның қозғалыстан 
қорғайтын бөлек компартментінде орналастырылуын қажет етеді. 
1.26-сурет.
Фагоцитоз. Бейнефильмнің тоқтатылған кадрлар жиынтығы адам қанының ақ клетка-
сының (нейтрофил) антиденемен ыдырауға таңбаланған қанның қызыл клеткасын (қызыл түспен 
боялған) жұтуы көрсетілген (
13.5-бейнефильмді
қара). (Stephen E. Malawista және Anne de Boisfleury 
Chevance сыпайлылығы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет