«ЛӘйлі – МӘЖНҮН» жырындағы бас қАҺармандардың Өзіндік сипаттары


Key words: Kazakh folklore, love epics, oriental motif, main character.  Итегулова С.А. Характерные черты главных героев эпоса «Лейли-Меджнун»



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата28.09.2022
өлшемі412,71 Kb.
#40685
1   2
Байланысты:
2307-1-4452-1-10-20181126

Key words: Kazakh folklore, love epics, oriental motif, main character. 
Итегулова С.А.
Характерные черты главных героев эпоса «Лейли-Меджнун»
Статья посвящена анализу персонажей эпоса с восточными мотивами, широко 
распространенного в казахском фольклоре. Автор отмечает довольно широкую известность 
эпоса «Лейли-Меджнун» в народе, ценность проповедования искренней любви, а также 
выносливости и терпения и раскрывает образы главных героев эпоса. В ходе раскрытия образа 
героев для более детального анализа были взяты несколько вариантов эпоса. Данная статья 
является составной частью научного проекта, посвященного проблеме унификации фольклорных 


ISSN 1563-0223 Eurasian Journal of Philology: Science and Education. №2 (166). 2017
53
Итеғұлова С.А.
персонажей, в связи с этим автор в статье задается вопросом «Как должны быть изображены 
образы Лейли и Меджнуна?». В этой связи автор обращает пристальное внимание не только на 
язык произведения, художественные особенности и поэтику, но и на внутреннее содержание, 
время и место происхождения событии. 
В воспитании современной молодежи в духе патриотизма огромное значение имеют такие 
качества, как доброжелательность, решительность и доверие, присущие главным героям эпоса. 
Нужно отметить искусное описание образов персонажей в изобразительном плане, которое 
привлечёт внимание подрастающего поколения к знакомству с такими ценными произведениями. 
Ключевые слова: казахский фольклор, любовные эпосы, восточный мотив, главный герой. 
«Ләйлі – Мәжнүн» дастаны шығыс 
халықтарының аса кең таралған ғашықтық 
дастандарының бірі. «Жырдың басты кейіпкері 
7-8 ғасыр аралығында өмір сүрген араб 
ақыны Каис ибн Муад, сол ақынның махабба-
ты жырланады» деген дерек бар. Әзірбайжан 
ақыны Гәнжәуи Низами «Ләйлі – Мәжнүн» 
дастанын бір жүйеге түсіріп, алғаш біртұтас 
поэмаға айналдырған. Кейін Дехлеви, Жәми, 
Науаи, Физули, т.б. ақындар жырлады. Пар-
сы, түркі халықтары Мәжнүннің Ләйліге арнап 
шығарған өлеңдерімен таныс болған [1]. 
Дастанның оқиға желісі төмендегідей: Араб 
елінде бір перзентке зар болған дәулеті асқан 
бай Алладан жатса-тұрса бала сұрайды. Тілегі 
қабыл болып, бір ұл көреді. Қайс пен Ләйлі 
бала кезінде-ақ бір-бірін көрсе ғана уанып, 
бірге өседі. Он жасында екеуі бір молдаға мек-
тепке барып, сол жерде күнде кездесіп жүріп, 
ғашықтықтың торына шырмалады. Қыздың ана-
сы елдің қауесет сөзінен қорқып, Ләйліні үйінен 
шығармай қояды. Қызды көрмесе тұра алмайтын 
халге жеткен Қайыс есінен танып, ақылынан 
адасады. 
Әкесі жынды адамға қызымды бермеймін 
деп Ләйліні басқа адамға қосады. Мұны естіген 
ғашық жігіт жапан түзді кезіп кетеді. Сөйтіп, 
Қайыс «Мәжнүн» аталады. Елден жырақ кеткен 
Мәжнүннің көкірегі толған ащы шерді ұшқан құс 
пен жортқан аңнан басқа ешбір жан түсінбейді. 
Жырда фольклорлық туындыларға тән мифтік 
бейнелер де бар. Ол бейнелер Ләйліні қорғап 
жүретін жын түрінде көрініс алған. Ләйліге 
үйленгенімен, онымен жұбайлық өмір кеше 
алмаған Ләйлінің некелі жары құсадан қайтыс 
болады. Кейін Ләйлінің өзі де Мәжнүнін аңсап, 
құсадан қайтыс болады. Сүйгеніне қолы жет-
пеген Мәжнүн көп жапа шегіп, жаны күйзеліп, 
ақыры дүние салады. 
Жырда Ләйлі мен Мәжнүннің ата-анасы, 
күтуші қыздар, Нәпіл батыр, Ләйлінің күйеуі, 
Мәжнүннің досы Зәйіт тәрізді кейіпкерлер 
бар. Бірақ Ләйлі мен Мәжнүннен басқасының 
портреті толық бейнеленбеген. Олар шығармада 
қос ғашықтың сезімін бейнелеу үшін қосалқы 
кейіпкер ретінде қолданылады. 
Енді осы екі кейіпкердің суреті қандай болу 
керек деген мәселеге тоқталамыз. Алдымен 
«Бабалар сөзі» жүз томдық басылымының он 
тоғызыншы томына енген, фабулалық төркіні 
шығыстан келсе де, қазақ халқының төл ту-
ындысына арналған «Қисса Ләйлі – Мәжнүн» 
ғашықтық дастанына талдау жасамақпыз. 
Жырдың жалпы желісінде, Ләйлі мен Мәжнүн 
шығыстың Бағдад қаласында туған деген 
мәлімет бар. Сол себепті олардың киім киісінде 
шығыстық белгілер болғаны жөн деп есептейміз. 
Шығарманың басты кейіпкері, Ләйліге 
ғашық болып, сүйгеніне қосыла алмай ақыл-
есінен адасып, Мәжнүн (есалаң) атанған – Қайыс 
мырза. 
Анадан айдай болып туды бала,
Ер ұғлан болды ужуды келген жәна.
Той берді көп мал сойып, шаттық етіп,
Құдаға мың шүкірлік айтып сәна.
Раушан нұр шашады туған бала,
Ғазиздап құрмет етті жерден Алла, [2] – 
деп жырлағандай көркімен елді тамсандырып, 
ерекше жаралған Қайыс ата-анасына қуаныш 
сыйлап өмірге келгенімен, шырылдап жылағаны 
бір басылмай, ел-жұртын қатты састырады. 
Емшекке жылап бала алданбайды,
Нәрсеге не қызықты көз салмайды.
Уақытылы пейілі қанып ұйқтамайды,
Бір жанын пида қылып жалбаңдайды.
Күн-күннен жылағаны болды ғалиб,
Сарғаяды дая байғұс қайғыланып.
Алданып һәрбір жерге жұбансын деп,
Баланы қыдырады қолына алып.
Бір үйге баланы алып келді жетіп,
Үйде отыр бір жас бала қаріп айтып.
Көрген соң жас баланы шаттық кіріп, 
Жылағанын қоя қойды сабыр етіп [2].
Көріп отырғанымыздай, өмірге келген 
сәтінен бастап жылауы бір тыйылмаған Қайыс 
Ләйліні көрген сәтінде жылағанын қоя қояды. 


ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №2 (166). 2017
54
«Ләйлі – Мәжнүн» жырындағы бас қаһармандардың өзіндік сипаттары 
Қос сәби сол нәресте кезінен-ақ бірін-бірі іздеп, 
жылап, дегібірсізденгендері туралы нанымды 
етіп суреттеледі. 
Екі сәбидің көркем кейпін жыршы:
Сүйеді қолына алып екі нұрын, 
Айырмай бір-бірінен көркем түрін.
Дүниеде теңдесі жоқ екі бала,
Көрген жан һеш теңгермес ұжмақ хорға, – 
деп бейнелейді [2].
Сөйтіп, нәресте кезінде-ақ бірін-бірі іздеген 
қос сәби он жасқа келіп, хат тану үшін молданың 
алдына мектепке келеді. Осы жерде Ләйлі мен 
Қайыс қайта кездесіп, ғашық оты тұтанады. 
Қыздарда періштедей бір бала бар,
Өзінен табылғандай көркем ажар...
Ол қыз да оқып жүрген шәкірт бала,
Ләйлі деп атайды екен есімін жәна.
Жұмсақ тіл, раушан жүзі, сабыр құлық,
Беріпті бәрін жиып Хақ тағала.
Сөйлеспей жүреді екен лебіз ашып,
Барады күннен-күнге қайғы басып.
Һешкімге бір білдірмей сыртындағы
Ләйлі де жүреді екен болып ғашық [2].
Жырда Ләйлі мен Мәжнүннің тек тәні сұлу 
ғана емес, жандары да сұлу. 
Сабырға ғашық отын жеңдіреді,
Өздерін мехнатқа көндіреді.
Қызда ұят, жігітте әдеп кәміл толық,
Кетпеген ол екеуі мезгіл еді [2], – 
деген жолдардан Ләйлі мен Қайыстың мінез-
құлқы танылады. 
Ләйлі Қайысқа ғашық екен деген гу-гу 
әңгіме шыққанын естіп, анасы Ләйліні мектепке 
жібермей қояды. Қайыстың қайғырып Мәжнүн 
атануы осы сәттен басталады. 
Мәжнүннің бейнесін толық ашуға Ләйлінің 
берген мына жауабы жәрдемдеседі:
Ләйлі айтты: 
- Мәжнүн жүзі туған айдай,
Балауыз сырты сұлу жаққан шамдай.
Көзі гауһар, аузы нун, қолдары син,
Кірпік оқ, қасы бейне жаққан жайдай.
Жүзінің көз аялар көрсе нұрын,
Сипаттап айта алмаспын мыңнан бірін.
Бір ғазиз Мәжнүн дүние ішіндегі
Мәжнүнге сенің ұқсап келмес түрің.
Мәжнүнде хасыл болған түрлі ғылым,
Арттырып Тәңір берген артық білім.
Сандуғаш, бұлбұл құстар тұрар тыңдап,
Әгарда әпсана оқып шығарса үнін [2].
Мәжнүн ғашықтықтың дертінен ел-жұрттан 
безіп, өмірдің қызығынан баз кешіп, адам баспас 
тау мен тасты барып мекендейді. Ләйлінің әкесі 
Қайыс дертінен жазылса, қызымды беремін деп 
уәде береді. Бірақ Қайыс бұл шартты қабылдай 
алмайды. «Ғашықтық дертінен жазамын» деп, 
емге сүйреген өз әкесінің түрлі әрекетіне қарсы 
шығып, «егер кеудемдегі ғашық оты сөнетін бол-
са, менің тірлігімнен не пайда? Мейлі, мәжнүн-
ақ болайын, бірақ ғашықтық сәулесі сөнбесін» 
деп азапты жолды таңдайды.
Мәжнүн бейнесін суреттегенде оны аң-
құстармен бірге бейнелегені дұрыс. Өйткені 
адамдар түсінбеген Қайыстың қайғы-зарын 
аң-құс түсініп, оның маңайын төңіректеп, өз 
қамқорлықтарына алады. 
Енді Шәкәрім жырлаған нұсқасына келер 
болсақ, ақынның өзі: 
Мәжнүннің Ләйләменен аз жұмысы,
Әне сол шын ғашықтың қылған ісі.
Бұлардың әпсәнәсін жазған адам –
Фзули Бағдади деген кісі.
Ондай ғып еш бәйітші жаза алмаған,
Нақышын шын келтіріп қаза алмаған.
Кітабын Фзулидің іздеп тауып,
Кез болды былтырғы жыл азар маған.
Мен оның келтіре алман мыңнан бірін,
Айтуға тіл жетпейді тәтті жырын.
Мәжнүннің атын білер, жайын білмес,
Қазаққа ұқтырайын біраз сырын, – 
деп тарқатып өтеді [3].
Жырда Қайыстың нұрлы бітімі:
Келбеті бұл баланың өзгеден жат,
Бір көрсең, көргің келер неше қабат.
Бетінде бек сүйікті бір нұры бар,
Қыласың ықтиярсыз шын махаббат.
Балқытар жылы жүзі сүйегіңді
Бергендей аса мұқтаж тілегіңді.
Неге жақсы көргенің мағұлым емес,
Арбап тұр нұрлы жүзі жүрегіңді, – 
деп суреттеледі [3].
Жырда Ләйлі асқан төзім иесі болып су рет-
теледі. Оны ақын Ләйлінің жүрегінен ақта рылған:
Соған тұрса жұбанып,
Жалынға жанып жатайын.
Қайысым жүрсе қуанып,
Қайғысын мен-ақ татайын.
Ғашықтықтың дертіне
Күн сайын әрі батайын.
Жетпек болсам сертіме,
Ол үшін жанды сатайын, – 
деген ащы запыран түрінде жеткізеді [3].


ISSN 1563-0223 Eurasian Journal of Philology: Science and Education. №2 (166). 2017
55
Итеғұлова С.А.
Мектепке ертең ерте Қайыс барды,
Жан-жаққа Ләйләні іздеп көзін салды.
Сабаққа келмегенін есіткен соң,
Ғашыққа шыдай алмай талып қалды.
Жүрегіндегі дерті өзіне аян Қайыс дертінен 
емдетпекші болған ата-анасына қарсы шығады:
«Дәрігерге қаратпаймын жын қақса да,
Дертімді ойымдағы шын тапса да.
Құдайдан басқа менің дәрігерім жоқ,
Бұл дерттен жазылмаймын кім бақса да.
Байқайын серуендеп тауға шығып,
Сабаққа ішім пысты тым қыстығып.
Осыдан Құдай оңдап жазылмасам,
Сіздерден науқасымды қойман тығып», – 
деп елсізге кеткен Қайыстың ғашықтық дерті 
күн санап асқына түседі [3]. Ол жырда:
«Ләйлә» деп зарланады ұзақ түнге,
Жүдеді қайғысы асып күннен күнге.
Ғашықтық ішін өртеп диуана боп,
Қор болып адамдықтан шықты мүлде.
«Демеңіз, халқым, мені құдайға шет,
Ата-анам хақыңды кеш, мархамат ет.
Дауасы науқасымның сіздер емес,
Аман бол, үмітіңді үз, қасымнан кет
Дертіме табылмайды сізден айла,
Кісендеп, жынды десең, мені байла».
Аузынан «аһ» дегенде жалын шығып,
Деді де талып кетті «Ләйлә! Ләйлә!», – 
деп суреттеледі [3].
Ел-жұрты Қайысты бұл дертінен айықты-
рудың жолын іздегінімен, Қайыстың өзі 
сауығудың жолын іздемейді. 
«Меккеге барып дұға етсе жазылады» деген 
үмітпен, ата-анасы Меккеге баруға көндіреді. 
Меккеге барған сапарында Қайыс дертінен жа-
зылуды емес, қайта ғашықтық өртін ұлғайтуды 
тілейді. Жырда бұл сәт төмендегідей өрбиді:
Мекеге алып барды ата-анасы,
Көзінен тия алмайды аққан жасын.
Мәжнүннің зарлап айтқан сөзі мынау,
Құшақтап Байтолланың босағасын:
«Арғы атам – Адам Ата, хақ пайғамбар,
Айрылып Хауа Анадан болыпты зар.
Дұғасын осы арада қабыл қылдың,
Бере көр тілегімді паруардігар!
Шығарма Ләйлә дертін жүрегімнен,
Айырма ғашық отын сүйегімнен.
Зарлатып өмірімде күйіп-жанғыз,
Өзімнің болды дейін тілегімнен.
Ләйләнің мен алмасам құрметті атын,
Көңіліме қатты бекіт махаббатын.
Жолдасым – бейнет болсын, жауым – рахат,
Көп тартқыз ғашықтықтың михнатын.
Күн сайын рахатымды қашыра бер,
Дертімді жалындатып асыра бер.
Көп жүргіз, бейнет көргіз, жасымда алма,
Қайғының ең ауырын басыма бер!
Қорықпаймын жас күнімде өлемін деп,
Айтамын бір Ләйлә үшін көнемін деп.
Бір Алла, рахметіңмен уағда қылдың,
«Пендеме, шын тілесе, беремін» деп.
Жалғанда жануменен өткізе көр,
Тыныштық, рахатымды кеткізе көр.
Дүниеде қосылуға жазбасаң да,
Өлген соң мұратыма жеткізе көр!»
Мәжнүннің осы болды бар тілегі,
Ләйләден басқа да емес жан жүрегі.
Ел-жұрты, ата-анасы күдер үзді,
«Бұл дерттен жоқ екен, – деп, – түзелмегі».
Қайтадан елге жүрді қадам басып,
Күн сайын жынды болды қайғысы асып.
«Аң болып айдалада жүремін» деп,
Айрылды халқыменен амандасып.
Жалынған қарамады сөздеріне,
Жабылса бой бермейді өздеріне.
«Ата-ана, елі-жұртым аман бол» деп,
Көрінбей кетті алыста көздеріне.
Қаңғырып шығып кетті елсіз жерге,
Кез болды осындай дерт қайран ерге.
Адамнан аң сықылды көрсе қашып,
Қосылды даладағы киіктерге.
Елсізде аңмен бірге қаңғырыпты,
Тау мен тас дауысына жаңғырықты.
Жартаспен жаңғырыққан жауаптасып,
Лебізі тиген жерді жандырыпты [3].
Аңшының қақпанына түскен киікті, саятшы-
ның торына түскен көгершінді дос қылып, 
өмірден баз кешеді. 
Мәжнүн Ләйліні қанша жалындап сүйгені-
мен, оған ата-анасының ақ батасын алып, ық-
тиярымен үйленгісі келеді. Сол себепті де ел-
жұрттан жасырынып келген Ләйліге қосылудан 
бас тартып, үйіне қайтарады. Сондай-ақ, Нәпіл 
батыр Ләйліні күшпен алып бермекші болғанда 
да батырды тоқтатады. Ол жырда:
Ләйләні айттырды кеп Ебінсалам,
Қалайша жалған айтып тірі қалам.
Әперсең, кісі хақын әпересің,
Өзің біл не қылсаң да енді, балам».
Науфалдың қаны қашты көзі жайнап,
Бармағын ыза болып алды шайнап.
«Сен маған кісі хақын әперме, – деп,
Бір жағынан Мәжнүн тұр ағатайлап.
- Алмаймын әперсең де кісі хақын,
Бар еді Ләйліге бір жазған хатым.
Сенімді жолдасыңнан соны жеткіз,
Сізге жоқ онан өзге аманатым», – 
деген шумақтар арқылы көрсетеді [3]. Бұл 
үзіндіден Қайыстың тура жолды таңдайтын 
әділеттілігі көрінеді.


ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №2 (166). 2017
56
«Ләйлі – Мәжнүн» жырындағы бас қаһармандардың өзіндік сипаттары 
Қорыта айтқанда, «Жалғаннан сөйтіп өтті 
Ләйлә, Мәжнүн; Сол жылы дәл он алты жасында 
еді, – деп жырланғандай, Ләйлі – көркіне төзімі сай 
сабырлы бикеш түрінде, ал Мәжнүн – сырт келбеті 
келісті, бірақ ғашықтық дерті әбден меңдеп, сабы-
рын жеңген бозбала түрінде бейнеленгені дұрыс.
Әдебиеттер
1 htt�s://kk.wiki�edia.org/wiki/ Ләйлі-Мәжнүн.
2 Бабалар сөзі. Жүз томдық. – Астана: Фолиант, 2007. Т. 19: Ғашықтық дастандар. – 2005. – 328 б. – Б. 9-161. 
3 Құдайбердиев Ш. / Ләйлі-Мәжнүн дастаны // shakarim.besaba.com. 
References
1 htt�s://kk.wiki�edia.org/wiki/ Läyli-Mäjnün. 
2 Babalar sözi. Jüz tomdıq. – Astana: Folïant, 2007. T. 19: Ğaşıqtıq dastandar. – 2005. – 328 b. – B. 9-161. 
3 Qudayberdïev Ş. / Läyli-Mäjnün dastanı // shakarim.besaba.com.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет