© 2017 Al-Farabi
Kazakh National University
ҒТАХР 17.71.07
Итеғұлова С.А.,
Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы
Әлеуметтік лингвистика бөлімінің басшысы, ф. ғ. к., Астана қ., Қазақстан,
e-mail: itegul-saya@mail.ru
«ЛӘЙЛІ – МӘЖНҮН» ЖЫРЫНДАҒЫ
БАС ҚАҺАРМАНДАРДЫҢ ӨЗІНДІК СИПАТТАРЫ
Мақалада қазақ фольклорында кең тараған шығыстық сарындағы дастанның кейіпкерлеріне
талдау жасалады. «Ләйлі-Мәжнүн» дастанының ел арасында кең таралғандығын, ол адал
махаббатты ғана емес сабыр мен төзімділік сияқты қасиеттерді де уағыздауымен құнды екенін
айта келіп, жырдың басты кейіпкерлерінің сомдалу барысына тоқталады.
Кейіпкерлер бейнесін
ашу барысында салыстыру үшін дастанның бірнеше нұсқалары алынған. Бұл мақала фольклорлық
кейіпкерлерді біріздендіру мәселесіне арналған ғылыми жобаның бір үзігі болғандықтан
авторлар мақалада негізінен «Ләйлі мен Мәжнүннің бейнелері қалай сомдалу керек» деген
мәселені көтереді. Бұл ретте шығарманың тілі, көркемдік ерекшеліктері
мен поэтикасы ғана емес,
оқиғаның ішкі мазмұны, өту уақыты мен орны басты назарда болу қажеттілігі туралы айтылған.
Бүгінгі таңдағы жастардың қарым-қатынасына жыр кейіпкерлерінің бойындағы ізгілік,
тоқтам мен сенімнің тигізер тәрбиелік мәні ерекше. Олай болса, осындай құнды туындыларды
жас
ұрпақпен қайта табыстырып, сөзбен кестеленген бейнелерді суретпен берудің маңызы мол
екендігін айта кеткен жөн.
Түйін сөздер: қазақ фольклоры, ғашықтық жырлар, шығыстық сарын, бас қаһарман.
Itegulova S.A.
Character features of the main heroes of the epic «Layla-Majnun»
The article analyzes the characters of the epic work with the oriental motifs, widely spread in Ka-
zakh folklore. Speaking about the wide spread of the epos «Leyli-Majnun»
among the people, about its
teaching value not only about sincere love, but also about such qualities as patience and endurance, the
author reports the direction of he image of the main heroes of the epic. This article is part of the scientific
project devoted to the problem of unification of folklore characters, in this connection
the author in the
article raises the problem «How should images of Layla and Majnun be represented?». Moreover, it is
said that it is necessary to pay close attention not only to the language of the work, artistic features and
poetics,
but also to the inner content, time and place of happenings.
The qualities of the epic characters such as benevolence, determination and trust have a special
educational significance for young people in our days. It must be said that the importance of the acquain-
tance of the young generation with such valuable works, the transfer of the
image characters described
in words, is very large.