Ұзақ мерзімді жоспар тарауы
|
5.3.1
|
Сабақ: Қазақ әдебиеті
|
Мектеп
|
Күні: 09.12.2017 жыл
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 5
|
Қатысқандар: 24
|
Қатыспағандар: 0
|
Сабақтың
тақырыбы:
|
Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
5. Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады:
Шығарма мазмұнымен таныса отырып, тірек ұғымдарды таба алады.
Мәтінді мағыналық бөліктерге бөле отырып, өлеңнің идеялық мазмұнын анықтайды.
Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын ұсынады.
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Шығармадағы көркемдегіш құралдарды ажырата алады (метафора).
Оқушылар мәтін мазмұны бойынша тың идеялар ұсына алады.
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
А.Байтұрсынұлы өмір сүрген кезеңнің тарихи сипатын түсіндіре алады.
Өлең идеясын өз сөзімен тұжырымдай алады.
|
Бағалау критерийлері
|
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алады.
Әңгіменің мазмұндық тақырыбы мен идеясын ажырата алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады:
Өлеңнің мазмұнының идеясы мен тақырыбын түсінеді.
Әдеби-теориялық ұғымды есте сақтайды.
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Адамдық тұқымы, көңілін көгерту, қор болған еңбек, диқаншы, садақа, жүндеу, қамыт, жасық, бейнет, зейнет, таяққа еті үйрену, метафора, алмастыру.
|
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Адамдық диқаншысы, Ахмет Байтұрсынұлы, «Малым-жанымның садақасы, жаным-арымның садақасы», қамыт кию, қамшы жеу, сөз маржаны.
|
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
Ақын өлеңді неліктен «Адамдық диқаншысы» деп атады?
Диқаншы деген кімдер?
Диқаншы мен «Адамдық диқаншысы» өлеңінің арасында қандай байланыс бар?
|
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
«Малым-жанымның садақасы, жаным-арымның садақасы» мақалы шығарманың негізгі түйіні дегенге келісесің бе?
|
Алдыңғы оқу
|
Ахмет Байтұрсынұлы өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпаратпен таныс.
Мысал өлеңдер туралы біледі.
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақ тілі, Тарих, Өзін-өзі тану, Биология.
|
Құндылықтарға баулу
|
«Мəңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын сақтау, еңбекқорлыққа, адамгершілікке баулу. Сын тұрғысынан ойлау. Жеке, жұптық, топтық жұмыс барысында өзара сыйластықты, жауапкершілікті сезіну.
|
Жоспар
|
Жоспарлан ған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
7 минут
|
2 минут
5 минут
|
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесемін.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын қадағалаймын.
3. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу, бір-бірінің жақсы мінез-құлық қасиеттерінтани отырып,сыйластық пен достықты қалыптастыру мақсатында шеңбер бойында тұру ретіне қарай «Оң жағымда...» тренингі өткізіледі.
4. Сыныпқа қима қағаздағы «Әдептілік», «Ар-ұят», «Адамдық», «Белгі» сөздерін алғыза отырып, «Сөзден-сөйлем» әдісі арқылы топтарға біріктіремін.
ІІ. Үй тапсырмасы.
Сыныптық жұмыс. «Тәрбиенің қайнар бұлағы» тарауы бойынша алған білімдерін «Зымыран сұрақтар» әдісімен қорытындылаймын.
Кері байланыс:«Бір сөйлеммен тұжырымдаңыз» әдісі
|
«Бір сөйлеммен тұжырымдаңыз»
|
Сабақтың ортасы
30 минут
Сабақтың соңы
3 минут
Бағалау
|
1 минут
2 минут
2 минут
5 минут
5 минут
5 минут
5 минут
5минут
1минут
|
ІІІ. Жаңа тақырып.
Сыныптық жұмыс. «Түрткі сұрақ» әдісі арқылы оқушыларға ой қозғау үшін төмендегідей сұрақтар беріледі.
- Неліктен біз осындай сөздер арқылы топқа бөліндік?»
- Осы мақалға синоним бола алатын тағы қандай мақал-мәтелдерді атай аласыңдар?
- «Малым-жанымның садақасы, жаным-арымның садақасы» деген мақалды қалай түсінеміз?
Бағалау: «Бас бармақ» әдісі
Мұғалім түсіндірмесі. Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы
1-тапсырма. Оқылым/Тыңдалым Топтық жұмыс жұмыс. «Орындықтағы стикер» әдісі арқылы шығарманы мәнерлеп оқиды. (Әр топтан бір оқушының алдын-ала орындығына стикер жапсырылады, таңдау соған түседі.) Келесі топты бағалау критерийлері алдын-ала парта бетіне қойылады. Бағалау критерийлері:
Түсінікті оқу
Интонацияны дұрыс қою
Дауыстың анық болуы
Бағалау: ««Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
2-тапсырма. Айтылым. Жұптық жұмыс. Әр топ оқылған шығарма бойынша түсінгендерін жұбымен талқылайды. шығарма идеясын «Метафоралық модель құру» әдісі арқылы ұсынады, топ ең түйінді деген бір идеяны іріктеп алады.
Кері байланыс:Жұмыс барысында қарым-қатынас жасаудың қай стилі басым болды?
-Бір адамға бағытталған стиль
-Тапсырманы орындауға бағытталған стиль.
3-тапсырма. Топтық жұмыс. «Сиқырлы қаламсап» әдісі арқылы сұралады.
1-топ. Өлеңнің негізгі идеясын үш сөйлеммен тұжырымдап, ойымызды мақал-мәтелмен түйіндейік.
2-топ. Бейнет, зейнет, таяққа еті үйрену, диқаншы сөздерін синонимдерімен алмастырып, сөйлем құрап жазайық.
3-топ. Өлең мәтінінен метафораларды тауып, мысалдар арқылы дәлелдейік.
4-топ. Төмендегі сызбаның көмегімен өлең кейіпкерінің бейнесін өз жұбымызға сиапттап берейік. Сипаттаны өлеңдегі мысалдармен дәлелдеуді ұмытпайық.
Бағалау: «Шұғыл сұрақтармен өз-өзін бағалау»
Кері байланыс: Топтағы орындау барысында топта ауызбіршілік сақталды ма?
-Топта ауызбіршілік пен серіктестік қарым-қатынас сақталды;
-Топтағы бірлік, ауызбіршіліктің бұзылғаны байқалды;
4-тапсырма. «Эйлер шеңбері» әдісі арқылы «Адамдық диқаншысы» өлеңі мен «Құмырсқа» әңгімесі арасындығы үндестікті анықтайды.
Анықтау тапсырмалары:
1. Мәтіннің жанрлық стилін анықтайды.
2. Әдеби шығарманың түрін ажыратады.
3. Мәтіннің тақырыбы мен идеясын нақтылайды.
Бағалау: «Жұптық шапалақ»
5-тапсырма. Қалыптастырушы тапсырма «Денотаттық баған» әдісі арқылы шығармаға басқаша тақырып қойып, екі сөйлеммен түсіндіру.
Дескриптор:
*Шығармаға басқаша атау ұсынады.
* Атауды ұсынудың себебін 2 сөйлеммен түсіндіреді.
Кері байланыс: «Бағдаршам»
Бекіту. «Сөздер банкасы» әдісі
Үйге тапсырма. «Адамгершілік» тақырыбына 2 шумақ өлең құрастырып келу.
Топтардың «Бағалау парақтары» жиналып алынады, талданады.
|
Топ басшысында бағалау парағы
Слайд
«Денотаттық баған» әдісі
|