ГЛОССАРИЙ Кітапта
кездесетін кейбір ұғым-түсініктер
Адам геномы – адам клеткасында тұқым қуалау арқылы берік
тұрақтаған
материалдар жиынтығы. Адам геномы ДНК ядросындағы 23
жұп
хромосомнан тұрады. «Адам геноМы» жобасын орындау
барысында
барлық хромосомдар ДНК-сы мен митохондриалы ДНК-
лардың
реттілігінің дəйектілігі анықталды. Қазіргі кезде бұл
мəліметтер
бүкіл əлемдегі биомедициналық зерттеулерде кеңінен
қолданылады
. Толық дəйектеу арқылы адам геномының 20-25 мың
белсенді
генді құрайтындығы анықталған. «Ақылды тозаң» (ағыл. тоtе
– түйір тозаң) – тұтас жүйе ретінде жұмыс істейтін, өткізгішсіз
араласатын
, өзін-өзі ұйымдастыратын өте кішкентай құрылғыларды
сипаттайтын
термин. Олардың көлемі бір түйір құм немесе тозаңдай-
ақ
болуы мүмкін. Əрбір түйірдің (mote) жеке сенсоры, есептеуіш
желісі
, қуат беретін, қарым-қатынасқа түсетін айырым жүйесі болады.
Олар
біріге келе, автоматты түрде қуатты өте аз пайдаланатын,
барынша
икемді желі құрайды. Оның қолданылу аясы өте кең.
«Ақылды тозаң» түсінігін алғаш рет Калифорния университетінің
профессоры
Кристофер Пистер (ағыл. Kristofer Pister) 2001 жылы
ғылыми
айналысқа енгізген.
Алгоритм (ағыл., algorithm, algorismus – əл-Хорезмидің атынан
шыққан
) – алдын ала не істеу керек екені дəл көрсетілген есептеу
үрдісі
. Алгоритм – қазіргі математикада, оның ішінде электронды
есептеу
машиналарында қолданылатын негізгі ұғымдардың бірі.
Белгілі
бір теңдеу түбірінің жуық мəнін кез келген дəлдікпен табу оған
арналған
алгоритммен есептеледі. Компьютердің кең қолданылуына
байланысты
алгоритм жаңа мағынаға ие болды. Берілген есепті шешу
барысында
орындаушыға біртіндеп қандай əрекеттер жасау керектігін
түсінікті
, əрі дəл көрсететін нұсқау да алгоритм деп аталады.