Бетбұрысты
сəттер – жаңа технологиялық үрдістер негізгі қозғаушы
күш
ретінде шоғырланған қоғамдық орта, сəт, мерзім.
«Бұлт технологиясы» (ағыл., cloud) – бұл өз қармағына басқару
құралдарын
, лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді,
байланыс
желілерін, сондай-ақ қолданушыларды техникалық
тұрғыдан
қолдауды түгел біріктірген ақпаратты сақтау мен өңдеуге
арналған
қолайлы интернеттік орта. «Бұлт технологиясының»
ерекшелігі
– белгілі бір басқару платформасына немесе географиялық
аумаққа
тəуелсіз, кең құлашты мүмкіндігінде. Тұтынушы əлемнің кез
келген
нүктесінен, интернетке қосылған қандай құрылғыдан болсын
«бұлт» қызметімен жұмыс атқара береді.
Bitcoin (ағыл., Bitcoin, bit – ақпарат санын өлшеу бірлігі, соіn – ақша
(монета) – қарапайым сөзбен айтқанда, электронды төлем жүйесі. Бұл
жүйенің
қызмет жасауы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
криптографикалық
əдіс қолданылады. Төлем жүйесі түгелдей ашық
түрде
жүргізіледі. Бұл - интернет желісінде құрылып, сонда ғана
жұмыс
істейтін орталықсыздандырылған цифрлық валютаның жаңа
буыны
. Оны ешкім қадағаламайды, валютаның жүрісі математикалық
алгоритмдерді
есептеуге арналған бағдарламаларды қолданатын
əлемдегі
миллиондаған жаңа буын компьютерлері арқылы өтеді.
Blockchain (ағыл., blockchain немесе blосk chain) - ақпараттық
мазмұны
бар белгілі ереже мен тіркесе түзілген ретті блоктар тізбесі.
Қарапайым
тілмен айтқанда, сіздің өміріңізге қатысты барлық шынайы
дерек
, жазбаларды тізбектеп сақтау технологиясы. Туған сəтіңізден
бастап
ешбір дерек тыс қалмайды. Тіпті, бір кезде жол ережесін
бұ
3ғаныңыз, досыңызға шотыңыздан ақша аударғаныңыз, интернет
дүкеннен
жасаған саудаңыз, үйленгеніңіз, барлығы-барлығы блоктарда
тізбектеліп
сақталады. Қысқаша айтқанда, қағазға жазылатын
деректердің
барлығын blockchain-ге де жазуға болады. Айырмасы –
blockchain-де жазбаны қолдан жасауға, өшіруге, жасыруға болмайды.
Өткен
күнмен жазба жасай салатын нотариустер, айыппұлыңызды
базадан
өшіретін пысықайлар, несие тарихын жаңартатын алаяқтар
дəурені
өтедi. Blockchain деректерін, яғни блоктарды жəне олардың
мазмұнын
иесі рұқсат етсе кез келген адам көре алады. Демек,
blockchain желісінің пайдаланушысына оның деректерін растайтын
нотариус
, тіркеуші, аудитор, сақтандыру агенті, бақылаушылар сияқты
делдалдар
қажет болмайды. Бұл – жеке тұлғаларға ғана емес, заңды
тұлғаларға
да қатысты. Blockchain технологиясы арқылы
келісімшарттар
, сатып алу-сату операцияларын жасауға болады.
Ешқандай
қитұрқы схемасыз, айқын түрде мемлекеттік сатып алу
операцияларын
, тендерлерді өткізе алады. Бұл жүйе – жемқорлықты,
бюрократиялық
кедергілерді жоюға тиімді. Банк жүйелеріне енсе, тіпті
бірнеше
бөлімдерді толығымен қысқартуға, банк операцияларының
көп
сатылы кезеңдерін азайтуға мүмкіндік береді. Делдал-алаяқтық
мүлдем
жойылады. Мамандардың айтуынша, «бұл кезінде интернетте
революциялық
идея болған. Біреу сенсе, біреу сенбеген. Blockchain
технологиясы
да өмірімізге енеді. Бұл жүйе арқылы біз қоғамдағы
қаржылық
айқындылыққа, қаражат пен уақытты үнемдеуге, қоғамның
сенімін
қалпына келтіруге қол жеткізе аламыз».
Қазақстанда
да Blockchain технологиясын ендіруге талпыныстар
жасалуда
.
Достарыңызбен бөлісу: |