Р. С. Рахметова



Pdf көрінісі
бет35/85
Дата28.09.2022
өлшемі1,32 Mb.
#40707
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   85
Байланысты:
Синтаксис Оку куралы 20 желтоқсан Рахметова 2

Сонымен анықтауыш құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі 
болып бөлінеді. 
Дара анықтауыш. Осы қызыл шүберек бүгін салтанатты күн 
екенін аздап та болса білдіріп тұрған секілді (Б.Соқпақбаев).
Күрделі анықтауыш. Бір жұрттың үлкен бір оқымысты кісісі екінші 
бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда қасынан бір жарлы кісі өтіп бара 
жатып, оқымыстыға иіліп сәлем береді (Ы.Алтынсарин). Өз ішінде 
шартты 
түрде бастауыш пен баяндауышқа жіктелетін 
немесе сын 
есімдер мен 
есімше 
тұлғаларына аяқталатын 
анықтауыш үйірлі 
анықтауыш деп аталады. Ал анасы бесікте жатқан інісін тербетіп отыр 
(Жақсылық Кенжалиев). 
 Анықтауыш мағынасына қарай сапалық және меншікті болып 
жіктеледі. 
 Сапалық анықтауыш деп заттың сапасын, сынын, түр-түсін, тағы 
басқа белгілерін нақты көрсетіп, анықтайтын сөзімен іргелесе, қабыса 
байланысатын түрін айтады. Кең, жазық маңдайында әжім аз (М.Әуезов).  
 Меншікті анықтауыштар өзі қатысты сөздермен алшақ та, іргелес 
тұрып та байланысып, меншіктілік, біреуге немесе бір нәрсеге тән
мағынаны береді. Кейде ілік жалғаулы сөз сөйлемнің соңында келіп те өзі 
қатысты сөздермен байланысы нақтылы білініп тұрады. Тәкежанды 
Ысқақтың әйелі Мәніке «Ақке» деп атайтын (М.Әуезов). Осыған орай 
анықтаушы сөз бен анықталушы сөздер өзара қабыса әрі матаса 


61 
байланысады. 
Айқындауыш – анықтауыштың ерекше бір түрі. Ол сөйлемде 
берілетін ойды нақты, дәл жеткізуде аса маңызды рөл атқарады.
Айқындауыш анықтайтын сөзінің заттық немесе пысықтауыштық сапасын 
қосымша қасиет ретінде айқындайды. Сонымен бірге бір заттың не 
нәрсенің атын, шығу тегін, я болмаса белгілі бір оқиғаның мезгілін, орнын 
т.б. белгілерін көрсетіп анықтайды. 
С.Исаев айқындауышты «Сөйлемде кейде бір сөзді я сөздер 
тізбегін басқа бір сөз я сөздер тізбегі айқындап, дәлдеп, түсіндіріп 
тұрады» 
61
- деп айтса, М.Қараев: «Сөйлемде бір мүшені айырықша
назармен бөліп атау үшін немесе оның мағынасын дәлелдей түсу керек 
болғанда, ол мүшенің қажетті белгісін көрсете алатын түсіндірмелі сөздер 
беріледі. Мұндай сөздер сөйлемнің айқындауыш мүшесі деп аталады»,
62

деп анықтама береді.
Анықтауыш 
пен 
айқындауыштың 
бір-бірінен 
өзіндік 
айырмашылықтары бар. Анықтауыш анықтайтын сөзінің алдында тұрып, 
оның өзіне тән сынын, сапасын білдіретін болса, айқындауыш анықтайтын 
сөзінен кейін тұрып, оның лексикалық мағынасын басқа сөздермен 
толықтырып, дәлелдеп тұрады.
Айқындауыштар құрылысына қарай үшке бөлінеді: оңашаланған 
айқындауыш, қосалқы айқындауыш және қосарлы айқындауыш.
Айқындауыш сөйлемнің ортасында келсе, екі жағынан, соңында келсе, 
алдынан үтір қойылады. Кей жағдайда айқындауыш мүшелерде 
баяндауыштық реңк басым болса, алдынан сызықша қойылып, соңы 
үтірмен бөлінеді. 
Оңашаланған айқындауыш өзі айқындайтын сөзінен кейін тұрып, 
ерекше әуенмен айтылып, анықтайтын сөзінің заттық, шақтық және т.б. 
мағынасын нақтылап, дәлелдеп тұрады: Артынан, Абай ұғындырған соң, 
олар үндемей қалысты (М.Әуезов). 
С.Аманжолов оңашаланған айқындауыштың екі түрін береді. 
Біріншісі – сөйлемнің ішінде басқа мүшемен қиыспай, дара тұратын 
оңашаланған сөз. Екіншісі 

өзінің айқындайтын сөзімен көбінесе жалғау 
арқылы қиысып тұратын оңашаланған сөз.
63
Қосалқы айқындауыш 

зат есімдердің қосалқы сыны ретінде 
жұмсалатын сөздер. Олар айқындайтын сөздерімен орын ауыстыра береді. 
Қосалқы айқындауыш сөйлемнің бір күрделі мүшесі ретінде жұмсалады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет