Р. С. Рахметова



Pdf көрінісі
бет33/85
Дата28.09.2022
өлшемі1,32 Mb.
#40707
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   85
Байланысты:
Синтаксис Оку куралы 20 желтоқсан Рахметова 2

 
Бақылау тапсырмалары
 
1. Бастауышты тауып тұлғасын көрсетіңіз 
Құнанбай Тәкежан үйінен Нұрғаным ауылына қайтқан жоқ (М.Ә.) 
A) Құнанбай – түбір тұлға 
B) Тәкежан – атау тұлға 
C) Нұрғаным – тәуелдік жалғауы 
D) Құнанбай – атау тұлға 
E) ауылына – түбір тұлға 
2. Логикалық бастауыштың тұлғасы 
A) атау септігі 
B) ілік, барыс септігі 
C) көптік, тәуелдік жалғаулары 
D) түбір тұлға, жіктік жалғауы 
E) нөлдік тұлға 
3. Құрама баяндауышты сөйлем 
A) Асан – студент.
B) Қыран қалықтай ұшты. 
C) Көзінше айта алмады. 
D) Роза ән салды.
E) Айман айта салды. 
4. Бастауышы үстеуден жасалған сөйлем 


57 
A) Үркер төбеден ауып кетті 
B) Қора іші – жеміс және гүл бақша 
C)Жалқаудың ертеңі бітпес 
D) Ауыл-ауылдан бәрі келді 
E) Ізбек қып-қызыл болды 
5. Күрделі баяндауышы бар сөйлем 
A) Абай Ерболға сүйсінгеннен қатты күлді 
B) Абай неге жақсы? 
C) Мінез жағынан баладай сүйкімді 
D) Үй маңындағы гүл, ағаштар өзгеше шеберлікпен егіліпті 
E) Жылқыда Қараша балаларынан өзі мықты, өзі жау түсіргіш Абылғазы 
бар 
 
 
3. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
Сөйлемдегі тұрлаулы мүшелердің маңына топтасып ондағы ойды 
пысықтап, толықтырып, анықтап тұратын сөйлем мүшелерін тұрлаусыз 
мүшелер деп атаймыз.
А.Байтұрсынов өзінің еңбегінде сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері 
туралы былай дейді: «Сөйлеудің асыл мағынасы 

біреуге білдірейін деген 
ойын айту. Айтушының мақсаты 

тыңдаушыға ойын түгел түсіндіру. 
Ойын түсіндіру үшін соған керек сөздерді алу қажет. Бір сөзді ойын 
анықтау үшін алса, екінші сөзді ойын толықтыру үшін алады, үшінші сөзді 
ойын пысықтау үшін алады. Сондықтан сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері: 1) 
анықтауыш мүше; 2) толықтауыш мүше; 3) пысықтауыш сөздер болып 
үшке бөлінеді».
56
Профессор Қ.Жұбанов тұрлаусыз мүшелерді біріктіріп, «Сөйтіп, жаңа
грамматикаларда анықтауыш, толықтауыш делінген категориялар 
мағынасына қарай жіктеуден туған емес, сөздердің бір-бірімен байланысу 
амалына, екінші сөзбен айтқанда, сыртқы белгісіне қарай ғана 
жіктелгеннен туған топтар», 

деп, оларға айқындауыш деген жалпы атау
береді.
57
Ғалым тұрлаусыз мүшелерді айқындауыш деп атайды. 
Айқындауышты жалғаулы толықтауыш, жалғаусыз анықтауыш деп екіге 
бөледі. Ал пысықтауышты ескермейді.
С.Аманжолов сөйлем мүшелерінің жасалуы мен олардың қалыптасу 
мәселелері туралы да сөз қозғайды. Тұрлаусыз мүшелерді анықтауыш деп 
атайды. Бір ғана анықтауыш мүшелерге толықтауыштың да, 
пысықтауыштың да түрлерін жинақтап береді. Тек толықтауыш, 
пысықтауыш деген терминдерді қолданбайды. М.Балақаев «Сөздер сөз 
тіркесінің құрамына ену арқылы сөйлем құраудың материалы болады да, 
бастауыштық-баяндауыштық (тұрлаулы), толықтауыш, анықтауыш, 
пысықтауыштық (тұрлаусыз) қатынаста жұмсалады»,- деп нақты 
56
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1982. -446 б.
57
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966. -356 б.


58 
көрсетеді.
58
Р.Әмір тұрлаусыз сөйлем мүшелерін анықтауыш, толықтауыш, 
пысықтауыш деп бөліп, олардың сұрауларын, ережелерін, мағыналық 
және құрамдық түрлерін нақтылап береді.
Сөйлемде зат есімнен немесе заттық ұғымда жұмсалған басқа да сөз
таптарынан болған мүшелерді сындық, сапалық, сандық, иелік жағынан 
сипттайтын тұрлаусыз мүшені анықтауыш дейміз. Ол қандай? қай? 
кімнің? ненің? қанша? неше? нешінші? деген сұрақтарға жауап береді.
А.Байтұрсынов 
анықтауышқа былай анықтама береді: «Ол 
анықтауыш деп – сөйлем ішінде анықтық үшін айтылған сөзді айтамыз. 
Мысалы; «қысқа жіп күрмеуге келмес» деген сөйлем. Не күрмеуге келмес? 
Жіп не етпес? – күрмеуге келмесбаяндауыш, «Қысқа» деген сөз не 
болады? «Қысқа» сөзін айтпай, құр «жіп күрмеуге келмес» деп қана 
қойсақ, қандай жіп күрмеуге келмейтіні белгісіз, жіптің бәрі күрмеуге 
келмейтіні сияқты болып шығады. Күрмеуге келмейтін аты жіп болғанның 
бәрі емес, «қысқа жіп», қандай жіп екені ашылып, анықталады. Сондықтан  
«қысқа» деген сөз мұнда анықтық үшін алынған сөз болады». Ғалым
жоғарыда айтылғандарды анықтауыштың ішкі белгісі ретінде алған. Бұдан 
басқа сыртқы белгісі бар. Олар «қандай?», «не?», «нешінші?», «кімнің?», 
«не етуші?», «не еткен?», деген сұрауларға жауап береді деп 
анықтауыштың сұрауларын келтіреді. Бұл сұраулардағы не еткен? не 
етуші? тұрлаулы мүшелердің сұрақтарын анықтауыштың сұрағына 
жатқызады
59
.
С.Аманжолов сөйлемде «зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, 
мөлшер және тәуелділік жағынан сипаттайтын» мүшені анықтауыш деп 
атайтынымызды айтады. Анықтауыш қандай? қай? қайдағы? (недегі?) 
қашанғы? кімнің? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген 
сұрақтарға жауап береді, – деп анықтама береді де, анықтауыш болатын 
сөз таптарын төмендегідей саралап көрсетеді: 
1. Сын есімдер анықтауыш болады. Ақ сары ат ішінен тартқан  
(М.Ә.).
2. Зат есімнен болады. Колхоз биыл клубқа арнап үлкен кірпіш үй
салдырды ( Ғ. С.) 
3. Сан есімнен болады. Жаңадан төрт шахта қазылып жатыр (Ғ.М.) 
4. Есімдіктен болады. Абай бұл ауылдың көп жатақ атанған ауыл  
екенін білуші еді ( М.Ә.) 
5. Етістіктің есімше түрінен болады. Әрине, оқитын демалысқа  
шығатын уақыттардың бәрі де күні бұрын белгіленіп қойылған еді ( С. 
Қ.) Осы соңғы түрінде А. Байтұрсынов үстеуден жасалады десе,
С.Аманжолов ілік септік жалғауы жалғанған сөздер анықтауыштың
қызметін атқарады деп бөлек алып қарастырған. С.Аманжолов 
анықтауышты құрамына қарай дара және күрделі анықтауыш деп екіге
58
Балақаев М. Қордабаев Т. Қазіргі қазақ грамматикасы. Синтаксис.А.,Мектеп.1971.-350 б.
59
А.Байтұрсынов. Тіл тағылымы. 

Алматы: Ана тілі, 1992. 

276 бет 


59 
бөлген. Бір сөзден болған анықтауышты дара деп, ал бірнеше сөздің тізбегі 
арқылы болған анықтауышты күрделі анықтауышқа жатқызады. Мысалы: 
1. Абай мына сөзге аса қайран қалды (М.Ә.). 2. Адам деген даңқым бар 
(Абай).
Бұл екі мысалда алғашқы сөйлемде мына сөзі дара анықтауыш, ал 
екінші сөйлемдегі Адам деген сөзі күрделі анықтауыш. Яғни екі сөзден 
құралған. Күрделі анықтауыштар екі я одан да көп сөзден құралады: 
Бір квадрат метр жерде үш жүз сабақ өседі. Әр сабақта мың жарым-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет