Аулада биік ағаш өсіп тұр. Бүгін ағашқа су құямын сөйлемдерінде биік
ағаш, бүгін құямын, ағашқа су құямын сөз тіркестері салаласа
байланысады. Сөз тіркестерінің құрамындағы бағыныңқы сыңарлар (бүгін,
ағашқа, биік) сөйлемдегі айтылатын ойды толықтап тұрады. Сөйлем
ішінен оларды алып тастасақ та, сөйлемдік дәрежесінен айырылмайды»
деген пікір айтады
15
.
Құрмалас сөйлем туралы пікірлер жиырмасыншы жылдардан
басталады. А.Байтұрсыновтың «Тіл құралы» атты оқулығында қазірде
қолданылып жүрген басқа да көптеген лингвистикалық терминдер сияқты
«құрмалас» сөзі алғаш рет қолданылды. Терминнің мағынасы өзі атау
болған категорияның мазмұнына сәйкес. Қазақ тілінде құрмалас сөйлем
синтаксисін зерттеушілер – А.Байтұрсынов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов,
С.Жиенбаев, Т.Қордабаев. Құрмалас сөйлемнің негізгі критерийлерін және
компоненттерінің орналасу жолын анықтауда сол кезде ғалымдар
арасында пікір қайшылықтары кездеседі. Қазіргі таңда бұл мәселелер
шешімін тауып, бір жүйеге түсірілді. Құрмалас сөйлемдерді зерттеуді
жалғастырып, түрлі қырынан танытып жүрген қазіргі ғалымдардың
қатарына Р.Әміров, Қ.Есенов, З.Ерназарова, А.Қайыров, Т.Ермекова,
Ә.Елшібаеваларды және т.б. жатқызамыз. Құрмалас сөйлемдерге қатысты
тың деректер қатарына қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем компоненттерінің
байланысу тәсілдеріне тән ерекшеліктерді жатқызуға болады. Олар
семантика-грамматикалық,
аналитика-синтетикалық,
грамматикалық
тәсілдер түрінде жіктеледі. Семантика-грамматикалық тәсілдерге
мағыналық тұтастық, есімдік, үстеулер, лексикалық қайталау, ықшамдау,
ассоциативті
синонимдік
байланыстар,
ассоциативті
антонимдік
байланыстар, сөйлем мүшелерінің алмасуы жатқызылады. Аналитикалық-
синтетикалық тәсілдерге құрмалас сөйлем компоненттерінің шылаулар,
орын тәртібі мен интонация тәсілдері арқылы байланысы жатады.
Грамматикалық (синтетикалық) тәсілдерге құрмалас компоненттерінің
баяндауыш формасы арқылы құрмаласуы жатады.
Құрмалас сөйлемдерді құраушы ең басты факторға мағыналық
тұтастық жатқызылады. С.М.Исаевтың «Жай сөйлемдердiң жалғаулықсыз
салаласуындағы сөйлем мүшелерiнiң атқаратын қызметi туралы»,
«Некоторые особенности употребления послелога «үшiн» в языке
казахской
периодической
печати»
және
т.б.
мақалаларында
құрмаластарды таптастыруда компонент баяндауыштарының атқаратын
рөлi туралы айтылады. Ғалым: «Бiздiң байқауымызша, компоненттердiң
15
Ильясова Н.Ә. Сөз тіркесі синтаксисі. – Алматы, 2009. – 32-33.
13
мағыналық жағынан үндесiп келуi екi түрлi болады: бiрiншiсi
компонентердiң барлығында ортақ ойдың, мағынаның болуы да, екiншiсi
компонентердiң өзара бiр-бiрiмен мағыналық қарым-қатынасы»
16
, - дейді.
Қ.Есенов ортақ бастауышқа негізделген құрмаластарды күрделенген жай
сөйлем ретінде тануды ұсынады
17
.
Ендеше, бүгінгі синтаксис саласына қатысты берілетін білім
мазмұнының ІІ кезеңі 1950-2000 жылдардың үлесіне тиеді.
Үшінші кезеңге 2000 жылдардан бері қарайғы зерттеулер жатады. Бұл
кезеңде зерттеу объектісіне айналған синтаксистік бірліктердің ашылмаған
жаңа қырлары назарға ілікті. Синтаксис саласы қатысымдық
лингвистикамен, прагмалингвистикамен сабақтастықта зерттелуде.
Синтаксистік бірліктер қатысымдық бірлік ретінде қатысымдық
лингвистикамен ұштасса, сөйлеу тілінің прагматикалық негізі ретінде
прагмалингвистикамен
сабақтасуда.
Оның
мәні
мен
мазмұны
Ф.Оразбаеваның «Тілдік қатынас негіздері», З.Ерназарованың «Сөйлеу тілі
синтаксисінің прагмалингвистикалық аспектісі» атты еңбектерінде
қарастырылады.
Қазіргі таңда жеке ғылыми бағыттар ретінде қалыптасқан
құрылымдық синтаксис, туындаушы синтаксис, функционалды синтаксис,
коммуникативті синтаксисте тіл бірліктері мен сөйлеу бірліктері әр түрлі
аспектіде алынып қарастырылады. Құрылымдық синтаксисте тіл бірліктері
жекелей алынып, ішкі байланысы құрылымдық-мағыналық деңгейде
қарастырылса, функционалды синтаксисте осы белгілердің қалыптасуы
контекст, мәтін деңгейінде зерттеледі. Ал қатысымдық синтаксисте сөйлем
мүшелері мен сөйлемнің актуальді мүшеленуінің арақатынасы
анықталады. Функционалды синтаксис мәтін ішінде сөйлемдердің түзілу
механизмін түсіндірсе, коммуникативті синтаксис сөйлемдегі берілген
ойды тема – ремалық (ескі – жаңа) қатынасқа жіктеп, сөйлемде жаңа
ойдың берілуін басшылыққа алады.
Сөз тіркесі синтаксисінің мәнін анықтайтын зерттеулер қатары
семантика, сөзжасам, номинация теориясымен сабақтастықта зерттелуде.
Оны Б.Рысбайдың «Қазіргі қазақ тіліндегі шектеулі тіркестер»,
Н.Ильясованың «Қазіргі қазақ тіліндегі атаулық тіркестер: қалыптасуы мен
даму үрдісі», М.Сәрсембаеваның «Матаса байланысқан сөз тіркестерінің
лексикалануы негізінде жасалған туынды сөздер семантикасы»,
Ж.Әуелбекованың «Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің лексикалану
семантикасы», Ж.Суинжанованың «Атаулық тіркестердің сөзжасамдық
семантикасы» тақырыбында жазылған зерттеулері нәтижесінде айқындауға
болады. Д.Байғұтованың «Қазіргі қазақ тіліндегі меңгеру байланысу
формасы, аясының кеңеюі мен тарылуы», М.Қойшыбевтың «Есімше
бағыныңқылы құрылымдардың деривациялану жолдары», А.Дәулетованың
16
Исаев С.М. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Өнер, 2007. – 340 б.
17
Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисі. – Алматы: Білім, 1995. – 136.
14
«Есімшелердің функционалдық парадигмалық жүйесі», Ә.Елшібаеваның
«Салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрылымдық, функционалдық
арақатынасы», Ж.Ибраимованың «Қазақ тіліндегі мүшеленбейтін
сөйлемдер», Л.Ибраимованың «Сөйлесім синтаксисінің лингвистикалық
функционалдық табиғаты», Н. Нұрлыбаевтың «Балаларға арналған
мәтіндердегі жай сөйлемдер құрылымының лингвостатистикалық сипаты»
тақырыбында жазылған еңбектері синтаксис саласының функционалдық
қырларын айқындаса, Т.Ермекованың «Құрмалас сөйлемдер жүйесі» атты
монографиясында синтаксистің функционалды грамматика, функционалды
семантикамен байланысы анықталады. Ғалым құрмалас сөйлем
құрамындағы компоненттерді компонент жай сөйлемдер деп атап, олардың
құрмалас сөйлем семантикасын айқындаудағы маңыздылығын көрсетеді.
Құрмалас сөйлем құрамындағы семантикалық компоненттер ең алғаш рет
талданып, функционалдық қатынас түрлері айқындауыштық қатынас,
субъект-предикаттық қатынас, атрибуттық қатынас, объектілік қатынас,
адвербиалдық қатынас, теңдік қатынас тұрғысында талданады.
Компоненттер
арасындағы
семантика-грамматикалық
қатынастар
ыңғайлас мәнді, мезгіл мәнді, қарсы мәнді, түсіндірмелі мәнді, себеп мәнді,
шарт мәнді, салыстырма мәнді, мақсат мәнді, амал мәнді, талғау және
кезектес мәнді құрмаластардың мәнін айқындауға негіз болатынын айтады.
Құрмалас сөйлем компоненті – кез келген жай сөйлем емес, әрқайсысы
субъект-предикаттық
қатынасқа
негізделген,
өзара
мағыналық-
интонациялық тұтастықта қолданылатын жай сөйлемдер.
18
Қ.Шәукенұлы сабақтас құрмаластардың мағыналық түрлерін
топтастырудың жаңа жүйесін жасаған:
1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем;
2. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
3. Кезектес бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
4.Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
5. Мәндес бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
6. Сын қимыл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
7. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
8. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
9. Түсіндірмелі сабақтас құрмалас сөйлем
10. Салыстырмалы сабақтас құрмалас сөйлем
11. Болжалды сабақтас құрмалас сөйлем
12. Көп тармақты сабақтас құрмалас сөйлем
19
.
Ә.Елшібаева «салалас, сабақтас құрамалас сөйлемдер түрлі процестер
арқылы құрылымдық ерекшеліктерге ие болып» қалыптасқанын, «салалас,
сабақтас сөйлемдер кейін туған коммуникативтік міндеттерді өтеу үстінде
біріне-бірі құрылымдық жағынан әсерін» тигізгенін, олардың «даму,
қалыптасу процесінің нәтижесінде тұрақталған тілдік тұлғалар» болып
18
Ермекова Т.Н. Компоненттер құрылысының құрмалас сөйлемнің грамматикалық-семантикалық сипатына қатысы: филол. ғыл.
докт. ... автореф. – Алматы, 2007. – 43 б.
19
Шәукенұлы Қ. Синтаксис. – Алматы, 2004. – 248 б.
15
табылатынын, сонымен бірге «арнаулы коммуникативтік мақсатқа сай
құрылатын, өзгеріске түсетін және өзара байланыста болатын тілдік
құрылымдар» екенін ғылыми тұрғыдан дәйектеп, олардың түрлерінің
жасалу жолын тілдік фактілер арқылы дәлелдеп берді
20
.
Б. Елікбаев «Қазіргі қазақ тіліндегі есімдер синтаксисі» атты
докторлық диссертациясында сөз бен сөз тіркесін сөйлесімге тән
коммуникативтік бірлік ретінде қарастырады. Есімді сөйлемдердің
коммуникативтік қызметі мен функционалдық ерекшеліктерін саралайды,
есімді сөйлемдерді құрылымына қарай есімді жай сөйлемдер және есімді
құрмалас сөйлемдер түрінде топтастырады. «Етістікті сөйлемдердің етістік
баяндауыштары актуалсыздануы нәтижесінде баяндауыштың алдыңғы
орнындағы есімдер баяндауыш жүгін көтеріп, есімді сөйлемге айналады.
Мұндай етістікті сөйлемдердің орнын есімді сөйлемдер басқанда, оның
коммуникативтік қызметі өзгермейді, қайта шұбалаңқылықтан арылып,
сөйлем бойында нақтылық пен жинақылық қасиеттері пайда болады» деп,
есімді сөйлемдердің табиғатын анықтай келе, сөйлемдердің мәтін ішіндегі
байланысу жолдарын анықтауда есімді сөйлемдердің маңызды екеніне
назар аударады.
21
Қорыта келгенде, синтаксис саласының зерттелуін үш кезеңге бөліп
көрсетуге болады:
І кезең. 1920-50 жж.
ІІ кезең. 1950-2000 жж
ІІІ кезең. 2000 жылдардан бері қарайғы кезең.
І кезеңге А.Байтұрсынов, Т.Шонанов, Қ.Жұбанов, Жиенбаев,
Ұйықбаев, С.Аманжолов және т.б еңбектері мен тұжырымдарын
жатқызамыз.
ІІ кезең Н. Сауранбаев, К.Аханов, Т.Қордабаев, М.Балақаев,
Ғ.Мадина, О.Төлегенов, Г.Жәркешова, Н.Бейсенбаева, Ә.Аблақов,
С.Исаев, Т.Сайрамбаев, Р.Әмір, М.Серғалиев, Б.Шалабай т.б еңбектері мен
тұжырымдарын қамтиды.
ІІІ кезеңге З.Ерназарова, Ф. Оразбаева, Ж. Жакупов, Т. Ермекова, Б.
Елікбаевтардың тұжырымдары жатады және аталған кезең Б.Қапалбеков,
Б.Рысбай, Н.Ильясова, Д.Байғұтова, Ә.Елшібаева, М.Сәрсембаева,
Ж.Әуелбекова, Ж.Суинжанова, М.Қойшыбаев, А.Дәулетова, Ж.Ибраимова,
А.Шойбекова Г.Темірбекова, Р.Дәрменқұлова, А.Алтаева, Л.Ибраимова, Н.
Нұрлыбаев т.б сынды зерттеушілердің еңбектерімен толыға түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |