Р. С. Рахметова



Pdf көрінісі
бет14/85
Дата28.09.2022
өлшемі1,32 Mb.
#40707
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   85
Байланысты:
Синтаксис Оку куралы 20 желтоқсан Рахметова 2

Сөз тіркесі және күрделі сөздер. Еркін сөз тіркестерінің сыңарлары 
белгілі бір сапаны, іс-әрекетті, белгіні, түрді, түсті білдіреді. Егер сөз 
тіркестерінің сыңарларының бірі сапаны немесе іс-әрекетті білдіру 
қасиетінен айырылып, лексикаланып, мағыналық тұрғыдан өзгеріске түссе, 
мұндай тіркестер сөз тіркестері болудан қалып, фразеологиялық 
тіркестердің немесе күрделі сөздердің қатарына қарай көшеді. Демек, бұл 
тіркестердің түпкі тегі 

еркін сөз тіркестері. Мысалға бозторғай
қараторғай деген сөздерді алайық. Бұлар тарихи тұрғыдан алғанда, еркін 


25 
сөз тіркестері болған да, тілдің дамуы барысында лексикаланып, белгілі 
бір заттың атауына көшкен. Бірақ бозторғай сөзін боз кілем тіркесімен 
шатастыруға болмайды, боз кілем тіркесіндегі боз сөзі заттың түрін, түсін 
білдіру мәнінде жұмсалып, өзінің лексикалық мағынасын сақтап, соған 
орай кілем сөзін анықтап, анықтауыштық қатынаста жұмсалып тұр. 
Сондықтан да боз кілем тіркесінің құрамындағы сөздер жеке-жеке сұраққа 
жауап береді, сөйлемнің белгілі бір мүшесінің қызметін атқарады, ретіне 
қарай тіркес құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға болады. Мәселен, 
кілем сөзін боз сөзімен емес қызыл кілем деп айтсақ, одан грамматикалық 
мағына өзгермейді, сол анықтауыштық қатынаста қала береді. Бозторғай 
тіркесінің бойынан мұндай қасиетті таба алмаймыз, өйткені боз сөзі 
лексикаланып, анықтауыштық қасиеттен айрылған.
Балқия Қасым өз еңбегінде:“… күрделі сөздің қай-қайсысы 
болмасын, оның көзінде-сөз тіркесі тұрғандығы белгілі. Ең бастысы 
олардың тіл заңдылығына қалай келіп, қалай жасалатындығында болса 
керек,-”дейді
37

Сөз тіркесі және сөздердің салалас қатарлары. Тұрақты тіркестер 
сияқты салаласа байланысқан тіркестер де сөз тіркесі бола алмайды. 
Салаласа байланысқан тіркестер қатарына әке мен бала, бойжеткен мен 
бозбала, ақылды да айбатты тәрізді тіркестер жатады. Осы типтес 
тіркестер тіл білімінде салаласа байланысқан тіркестер немесе сөздердің 
салалас қатарлары деп аталып жүр. Мұндай тіркестердің ерекшеліктерін 
сөз тіркесінен ажырату үшін, оның құрылымдық ерекшелігіне назар 
аударған жөн. Сөз тіркесі өзінің тұйықтылық қасиетімен сипатталады, сөз 
тіркесі сыңарларының бірінің басыңқы, екіншісінің бағыныңқы болып 
келу қасиетінен көрінеді. Мысалы биік үй, мектепке келді тәрізділердің 
бірінші сыңарлары – тәуелді, бағыныңқы мүше де, екінші сыңарлары 

ұйтқы, басыңқы мүше. Демек, сөз тіркесін жасауда ұйтқы мүшенің рөлі 
зор. Сөз тіркесі сөйлем құрамындағы өзге сөздермен басыңқы 
сыңарлардың тұлғалық өзгерістерге түсуі арқылы байланысады, ал 
бағыныңқы сыңарлар өзінің бастапқы қалпын сақтап өзгеріске түспейді. 
Бұл қасиет түркі тілдеріне ғана тән, ол оның артықшылығына емес, 
ерекшелігіне байланысты. 
Орыс тіл білімінде бағыныңқы сыңар басыңқы сыңардың ыңғайына 
қарай жекеше, көпше, септік және тек (род) тұлғасына қарай түрленіп 
отырады. Ал салаласа байланысқан тіркестерде мұндай ерекшелік жоқ, 
олар бір-бірімен өзара тең дәрежеде байланысады. Салаласа байланысқан 
тіркестердің бір ерекшелігі – олардың орнын алмастырып айтуға көнеді, 
бірақ бұдан салаластық қатар ыдырамайды, жойылып кетпейді. Мысалы, 
ұл мен қыз, қыз бен ұл 

сөйтіп, бұлар сөйлемнің бірыңғай мүшелерін 
құрайды. Ал сабақтаса байланысқан сөз тіркестерінің сыңарларының 
орнын бұлай алмастыруға болмайды, өйткені мұндай жағдайда сөз 
37
Қасым Балқия Сөзжасам: Семантика. Уәждеме. – Алматы: КИЦОО, 2003. – 167 б.


26 
тіркесінің мазмұны мен грамматикалық табиғаты өзгеріп кетеді.
Сөз тіркесі және толық мағыналы сөздер мен көмекші сөздер 
тіркесі. Сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өзара сабақтаса байланысуы 
керек, әрі дербес мағынасы болуы қажет. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, 
толық лексикалық мағынасы бар сөздер мен көмекші сөздердің 
(шылаулардың, көмекші етістіктердің, көмекші есімдердің) тіркесі сөз 
тіркесін құрай алмайды, өйткені көмекші сөздер өзі тіркесіп тұрған 
сөздердің мағынасын толықтырады, жетілдіреді, бірақ жаңа бір 
грамматикалық мағына тудыра алмайды, яғни толықтауыштық, 
анықтауыштық, пысықтауыштық қатынасты білдірмейді, сонымен, сөз 
тіркесінің құрамындағы сыңарларының әрқайсысының дербес, толық 
лексикалық мағынасының болуы – сөз тіркесіне тән басты шарттардың 
бірі.
Тарихи тұрғыдан қарайтын болсақ, толық лексикалық мағынасы бар 
сөздер мен көмекші сөздердің байланысы сөз тіркесін құраған, өйткені 
қазіргі кезде көмекші сөздер деп жүргеніміз 

ертеде өзінің лексикалық 
мағынасы болған сөздер. Олар тілдің дамуы барысында, қажеттілікке орай, 
көмекші сөздер қатарына қосылған. Осыған байланысты, олар сөз тіркесі 
болудан қалған, бірақ сөз тіркесіне тән байланысу амал, тәсілін сақтап 
қалған. Мысалы: үйге дейін, концерттен соң (синтетикалық тәсіл арқылы, 
меңгеріле байланысқан), көпірдің үсті, үйдің маңы (синтетикалық тәсіл 
арқылы, матаса байланысқан). Осы тәрізді тіркестер қазақ тіл білімінде 
түйдекті тіркестер деп аталып жүр.
Мұндай тіркестер сөз тіркесі болу үшін, басқа бір лексикалық 
мағынасы бар сөздермен тіркесуі керек: үйдің маңын тазалау, көк майса, 
концерттен соң барды және т.б. 
Сөз тіркесі және сөздер тіркесімділігі. Біз ойымызды екінші біреуге 
жеткізу үшін тіліміздегі сөздерді пайдаланып, тіркестіріп, сөйлемдер 
құрап, қажетіне қарай пайдаланамыз. Бірақ, мұнда ескеретін бір жайт 

кез 
келген сөзді тіркестіре беруге болмайды. Мысалы, ақылды сөзін тек адамға 
байланысты ғана айта аламыз, ал ақылды сиыр, ақылды түйе деп айта 
алмаймыз. Демек, сөздер мағыналық тұрғыдан үйлесімін тапқанда ғана 
өзара тіркеседі. Мұндай ерекшелік қазақ тіл білімінде сөздердің тіркесу 
қабілеті немесе сөздердің тіркесімділігі деп аталады.
Жоғарыда 
келтірілген мысалдардан кез келген екі сөздің 
тіркесімділігі сөз тіркесін құрай бермейтіндігін көреміз. Бұдан шығатын 
қорытынды, грамматикалық қасиеті жағынан сөздер өзара тіркесе беруі 
мүмкін. Мысалы: ақылды жер, былтыр барады. Бірақ бұлай қолдануға 
болмайды. Оның себебі - бұл сөздер лексикалық мағынасы жағынан 
үйлесімділігін таппаған сөздер. Сондықтан, сөздердің бір-бірімен тіркеске 
түсуінде лексикалық мағынаның атқаратын қызметі зор.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келгендегі айтар 
түйін – сөздердің бір-бірімен тіркесімдік негізде мағыналық және тұлғалық 
байланысқа түскен тобы сөз тіркесі деп аталады. 


27 
Cөз тіркесінің құрамындағы сөздердің алғашқысы бағыныңқы сөз, 
соңғысы басыңқы сөз деп аталады. Сөз тіркесін жасауға тірек болған сөзді 
басыңқы сөз дейміз. Тірек сөздің мағынасын нақтылап, даралық сипат 
беретін сөзді бағыныңқы сөз дейміз. 
Басыңқы сөздің қай сөз табынан болғанына қарай сөз тіркесі есімді 
тіркес және етістікті тіркес, ортақ басыңқылы тіркес (М.Балақаевтың 
жіктеуінше) болып бөлінеді.
Басыңқы сөз есім сөздерден (зат есім, сын есім) болған сөз тіркесін 
есімді тіркес дейді. Басыңқы сөз етістіктен болған сөз тіркесін етістікті 
тіркес дейді. 
Жоғарыдағы сөз тіркесінің анықтамасына сүйенсек, түйдекті 
тіркестер, фразеологиялық тіркестер, салаласа байланысқан тіркестер, 
терминдік тіркестер, бастауыш пен баяндауыштан тұратын тіркестер, 
тіркес ыңғайындағы атаулы сөйлемдер сөз тіркесінің қатарына жатпайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет