Р. С. Рахметова


Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілер. Сөйлем соңына



Pdf көрінісі
бет70/85
Дата28.09.2022
өлшемі1,32 Mb.
#40707
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   85
Байланысты:
Синтаксис Оку куралы 20 желтоқсан Рахметова 2

1. Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілер. Сөйлем соңына 
қойылатын тыныс белгілеріне нүкте (.), сұрау белгісі (?), леп белгісі(!) 
және көп нүкте (...) жатады.
 Нүкте белгілі бір ойдың аяқталуына байланысты қойылады. Нүкте 
дұрыс қойылмаса сөйлем түсініксіз болады. Нүкте мынандай жағдайларда 
қойылады:
1. Нүкте тиянақталған ойды білдіретін хабарлы сөйлемнен кейін 
және екпінсіз айтылатын бұйрық, тілек мәнді сөйлемдерден кейін 
қойылады. Құрылысына қарай хабарлы сөйлемдер жай және құрмалас 
болады. 
Қыстың ұзақ кеші. Мұнда қысқы кеш қысқа сезіледі. Аяң-пұяңмен 
жұмысты тәмәмдап аялдамаға асығасың (О.Бөкей). 
Берілген сөйлемдердің алғашқысы – атаулы сөйлем. Екіншісі – жай 
сөйлем. Үшіншісі – құрмалас сөйлем. Айтылу мақсаты хабарлы 
болғандықтан, сөйлемнің соңына нүкте қойылады. 
2. Адамның аты, тегінің бас әріптері шартты түрде қысқартылып 
айтылғанда нүкте қойылады.
А.Байтұрсынұлы: «Қазақ – жоқшы, жоғын іздеген қуғыншы» деп еді. 
(«Егемен Қазақстан» газетінен). 
3. Тағысын тағылар, тағы басқалар, тағы сол сияқтылар деген 
сөздер қысқартылып айтылғанда нүкте қойылады. 
Парыз дегеніміз 

 өзінің мағыналық аясына ақыл, сезім, ерік, абырой, 
ар-ождан, әділдік, шындық, махаббат, т.б. да мәселелерді қамтып, оларға 
адам қызметі аясындағы қайшы құбылыстарды қарама-қарсы қоятын ең 
жоғары интеллектуалдық ұғым.
4. Жыл, ғасыр сөздері қысқартылып қолданылса, нүкте қойылады. 
Ғылымда орныққан Андронов мәдениеті б.з.д. ІІ-І ғасырларды меңзесе, 
«арқайым-сынтас мәдениеті» деген жаңа атауға ие болған жаңалық 


105 
б.з.д. ІV-ІІ ғасырларды қамтып, тек Оңтүстік Орал мен Қазақстанның 
қола дәуірінің тарихы ғана емес, күллі Тұранның өткені туралы мүлдем 
жаңа көзқарас қалыптастыруға алып келді (Газеттен). 
5. Цифрлар арқылы таңбаланатын санамалы нөмірден кейін нүкте  
қойылады: Алдыма екі мақсат қойдым: 1. Сабақты жақсу оқу. 2. Қазақ 
тілін терең меңгеру. 
6. Пьесада әр кейіпкердің есімінен кейін нүкте қойылады. Мысалы:
Сара. Қонақтың бәрі ана жақта ғой, жүрсеңші, біз де солай барайық 
(М.Әуезов). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет