5-тапсырма.Тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңіз. Сөйлем
мүшелеріне талдаңыз.
Ерлік – елдің сыны. Еңбегі аздың өнбегі аз. Атақты ұры аштан өледі. Оқу инемен құдық қазғандай. Еңбек ет те міндет ет. Батыр жарасыз болмас. Жақсы жұмыс – жанға тыныс. Сезікті секіреді. Өнерлінің өрісі ұзақ. Жақсылық қылсаң бүтін қыл. 6-тапсырма. Мәтіндегі тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңіз. Абайдың есінде болсын деп, білдіруімен бірге, өзі кешірген өмірге ащы бір мысқылын айтты. – Өлейін десең, көрге де жібергісі келмейді. Онда кетсе Базаралы аман кетіп, жетісіп кетер мекен деп, тағы қызғанады. Соны ойлап, мыналар кем қойса көрімен шеңгел тастайын деп отыр-ау деймін! Ал тағы тұрып қалдым. Сенің жыныңды келтіре түсу үшін, көзіңе қанды сүйел болып басыла түсу үшін «ал өлмедім!», «көнбедім!» деген боп жүріп жатқан күйім бар! – деп көзін қысты. Үлкен бір саналы, ерлік қалпымен қарады. Абай күтпеген сәтте, баяғыдағы бір өр мінезіне басып, ескісін еске түсіріп, сылқ-сылқ күлді (М.Әуезов).
7-тапсырма. Сіздің ойыңызша берілген анықтамалардың қайсысы дәл,
толық берілген? Пікіріңізді дәлелдеңіз. Өзіңіздің анықтамаңызды
ұсыныңыз.
Синтаксис термині грек тілінен алынған. Онда syntaxis – қоспа, біріктіру деген мағына болатын. Бұл сөз обаста сөз бен сөздің бірігу, қосақталуы деген ұғымда жұмсала жүріп, кейін екі түрлі терминдік ұғымға ие болып кетті: біріншісі – тілдегі сөздердің тіркесуінен сөйлем құрадың жүйесі деген мағынада да, екіншісі – тілдік синтаксистік құрылысын зерттейтін ғылым деген мағына. Синтаксисті ғылым деген ұғымда жұмсағанда, оны, әдетте, грамматика ғылымының морфология сияқты, үлкен саласы деп білеміз. Оның өзі үш бөлімнен құралады: Сөз тіркесінің синтаксисі; Жай сөйлемнің синтаксисі; Құрмалас сөйлемнің синтаксисі (Қазақ тілінің
грамматикасы);
121
Синтаксис гректің sintaxis деген сөзінің негізінде пайда болған. Бұл сөздің бастапқы мағынасы «құрау». Синтаксис термин ретінде екі мағынада жұмсалады: бірі сөйлеудің (высказывание) құрылысы, жүйесі мағынасында, екіншісі – тіл ғылымының (грамматиканың) бір саласының атауы мағынасында. Синтаксис жөніндегі ғылым бірнеше саладан құрылады. Оның сала- салаға бөлінуі тілдің синтаксистік құрылысының дара тетіктерінің, бөлшектерінің ыңғайына, оларды зерттеп тану мақсатына бағынышты (Р.С.Әміров).