Р. С. Рахметова



Pdf көрінісі
бет82/85
Дата28.09.2022
өлшемі1,32 Mb.
#40707
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Байланысты:
Синтаксис Оку куралы 20 желтоқсан Рахметова 2

 
5-тапсырма. Тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңіз. Сөйлем 
мүшелеріне талдаңыз. 
Ерлік – елдің сыны. Еңбегі аздың өнбегі аз. Атақты ұры аштан өледі. 
Оқу инемен құдық қазғандай. Еңбек ет те міндет ет. Батыр жарасыз 
болмас. Жақсы жұмыс – жанға тыныс. Сезікті секіреді. Өнерлінің өрісі 
ұзақ. Жақсылық қылсаң бүтін қыл. 
 
6-тапсырма. Мәтіндегі тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңіз. 
 
Абайдың есінде болсын деп, білдіруімен бірге, өзі кешірген өмірге ащы 
бір мысқылын айтты. 
– Өлейін десең, көрге де жібергісі келмейді. Онда кетсе Базаралы 
аман кетіп, жетісіп кетер мекен деп, тағы қызғанады. Соны ойлап, 
мыналар кем қойса көрімен шеңгел тастайын деп отыр-ау деймін! Ал 
тағы тұрып қалдым. Сенің жыныңды келтіре түсу үшін, көзіңе қанды 
сүйел болып басыла түсу үшін «ал өлмедім!», «көнбедім!» деген боп жүріп 
жатқан күйім бар! – деп көзін қысты. Үлкен бір саналы, ерлік қалпымен 
қарады. Абай күтпеген сәтте, баяғыдағы бір өр мінезіне басып, ескісін 
еске түсіріп, сылқ-сылқ күлді (М.Әуезов). 
7-тапсырма.
 
Сіздің ойыңызша берілген анықтамалардың қайсысы дәл
толық берілген? Пікіріңізді дәлелдеңіз. Өзіңіздің анықтамаңызды 
ұсыныңыз. 

Синтаксис термині грек тілінен алынған. Онда syntaxis – қоспа,
біріктіру деген мағына болатын. Бұл сөз обаста сөз бен сөздің бірігу, 
қосақталуы деген ұғымда жұмсала жүріп, кейін екі түрлі терминдік 
ұғымға ие болып кетті: біріншісі – тілдегі сөздердің тіркесуінен сөйлем 
құрадың жүйесі деген мағынада да, екіншісі – тілдік синтаксистік 
құрылысын зерттейтін ғылым деген мағына. 
Синтаксисті ғылым деген ұғымда жұмсағанда, оны, әдетте, 
грамматика ғылымының морфология сияқты, үлкен саласы деп білеміз. 
Оның өзі үш бөлімнен құралады: Сөз тіркесінің синтаксисі; Жай 
сөйлемнің синтаксисі; Құрмалас сөйлемнің синтаксисі (Қазақ тілінің 
грамматикасы); 


121 

Синтаксис гректің sintaxis деген сөзінің негізінде пайда болған.
Бұл сөздің бастапқы мағынасы «құрау».
Синтаксис термин ретінде екі мағынада жұмсалады: бірі сөйлеудің 
(высказывание) құрылысы, жүйесі мағынасында, екіншісі – тіл 
ғылымының (грамматиканың) бір саласының атауы мағынасында. 
Синтаксис жөніндегі ғылым бірнеше саладан құрылады. Оның сала-
салаға бөлінуі тілдің синтаксистік құрылысының дара тетіктерінің
бөлшектерінің ыңғайына, оларды зерттеп тану мақсатына бағынышты 
(Р.С.Әміров). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет