Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет104/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Сөз тіркесі мен жай сөйлем
салмағын, түсін (түр-түсін) жəне басқа сол сияқты сыр-сипатта-
рын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз» [19, 
174], – деген тұжырым айтады. Осындай ереже басқа да ғылыми 
əрі практикалық еңбектерде де орын алған. Солай бола тұра, бұл 
сияқты ереже бойынша сын есімдер тек зат есімдермен тіркесіп 
келіп, анықтауыш қана болуы тиіс. Бірақ сол еңбектің өзінде 
сын есімдер зат есімдермен тіркесіп анықтауыш, ал етістіктермен 
тіркесіп келіп пысықтауыш қызметін атқара алатындықтары айты-
лады [19, 198].
Дұрысында сын есімдер жайлы ереже мен оның синтаксистік 
қызметі жайлы айтылған тұжырымы арасындағы қайшылық олар-
дың тіркесімділік қабілетінің арту фактісін ескермеуден туса ке-
рек. Өйткені сөздердің грамматикалық ерекшелігі жайлы көзқарас 
қазіргі жазба əдеби тілдің енді ғана бой көрсете бастаған кезінде 
қалыптасқан. Алайда əдеби тілдің кейінгі даму барысында əр-
түрлі объективті себептермен жеке сөз топтарының тіркесімділік 
қабілеті молайғаны белгілі. Солардың бірі – сын есімдер. Сын есім-
дердің заттану процесі де олардың тіркесу қабілетінің кеңеюіне 
алып келді, ал соңғы құбылыс олар негіз болған сөз тіркестерінің 
мағыналық топтарының көбеюіне себеп болды. Міне, сын есім ая-
сындағы бір ғана өзгешелік тек сөз тіркесі құрамына емес, сөйлем 
мүшесімен олардың орын тəртібі сияқты синтаксистің басқа да 
салаларына өзгеріс алып келді. Мұндай құбылыс үстеу, көмекші 
сөздерден, тіпті зат есім, етістіктерден де анық байқалады.
Б.И. Борковский тарихи синтаксис туралы айта келіп «...тарихи 
синтаксистің міндеттерінің бірі – синтаксистік жүйенің бұрынғы, 
күні өткен құбылыстарға не жататынын, жаңа, прогресшіл құ-
былысқа не жататынын анықтау»
[20, 313] – деп жазады. Қазақ ті-
ліндегі сөз тіркестерінің бұрынғы сыңары мен қазіргі сыңарының 
арасындағы кейбір айырмашылықтар, жеке формалардың ескіріп, 
жаңа формалардың пайда болып дамуы негізінде қалыптасқан. 
Сөз тіркесі құрамындағы өзгерістер сөз тіркестерінің байланысу 
формасы, тəсілі, құрылысы жəне олардың құрылымдық түрлерінің 
құрамдарынан да байқалады. Онда əрбір жаңалықтардың өзі екі 
жағдайда, біріншіден, бір сөз табының екінші бір сөз табымен 
тіркесі тұрғысынан, екіншіден, бір сөз табының тіркес құрау аясы 
кеңейіп, басқа сөз таптарымен тіркес құрау дəрежесінің молаюы 
арқылы көрінеді.


215
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
Бұл арада бір сөз тіркесіндегі ондай заңдылықтарды сол екі 
бағытта, яғни ішкі жəне сыртқы өзгерісі деп бөле отырып беруді 
жөн көрдік.
Əрбір сөзді жан-жақты тануда оның лексикалық, морфология-
лық жəне синтаксистік қасиеттері негізгі белгі болумен қатар, 
оның ішінде де тіркесу қабілеті, оны басқа сөздерден (немесе 
оның сөз табынан) ерекшеленетін белгілердің бірі болып қаралуға 
тиіс. Дұрысында əрбір сөздің синтаксистік қызметі көбіне сөйлем 
мүшесі ретіндегі функциялық белгісі болса, белгілі бір сөздің басқа 
сөздермен тіркесу қабілеті оның синтаксистік белгілерінің басты 
түрі деп қаралуға тиіс. Кез келген екі сөз қалай болса солай тір-
кесе бермейтіні белгілі. Сөздердің сондай негізгі, басты белгілері 
болатынына төмендегі фактілерді келтіруге болады.
Сын есім, сан есім мен етістіктің есімше түрі зат есімдермен 
тіркесте ғана жұмсалуға тиіс. Сондықтан да сөз таптары зат 
есімдермен қабыса байланысып, есімді сөз тіркестерін құрай-
тыны белгілі.
Тіл дамуының барысында мұндай сөздер үнемі зат есіммен 
тіркесіп қана қоймайды, олардың тіркесу аясы кеңейгенін тарихи 
фактілер көрсетеді. Сондай фактінің бірі үнемі есімдермен ғана 
тіркесуге қабілетті сын есім, сан есімдер енді етістікпен де тіркесе 
алатын дəрежеге ие болуы. Соның нəтижесінде, сөз тіркестері 
құрамында сын есім, сан есімдердің етістікпен тіркесі өз алдына 
сала болып қалыптасты. Мұның өзі, біріншіден, сөз тіркесі құ-
рамында жаңа пікірдің қалыптасуына алып келсе, екіншіден, 
пысықтауыш деп аталатын сөйлем мүшесінің құрылымында жаңа 
түрдің қалыптасуына алып келді.
Сын есімдердің етістікпен тіркесінің қалыптасуы туралы 
түркология жəне қазақ тіл білімінде əртүрлі пікірлер айтылып 
келе жатыр. ХІХ ғасырда-ақ А. Казем-Бек «сын есімнен кейін 
қандай да бір етістік қолданғанда немесе қолданған сияқты 
болғанда үстеуге айналады»
[21, 318] – деп жазғаны мəлім. Осы 
көзқарас біздің заманымызда Н.И. Ашмарин, А.Н. Боровков, 
Ф.Г. Исхахов еңбектерінде де қолдау тапты. Бұл жерде сөздің 
синтаксистік қызметі, яғни тіркес құрау қабілетінің ұлғаюы, оның 
морфологиялық мəні деп қаралғандығы айқын.
Н.К. Дмитриев «Яхшы бала яхшы уный» деген мысалды тал-
дай келіп, көптеген зерттеушілердің бірінші «яхшы»-ны сын 


216
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
есім (өйткені заттың алдында тұрғандығынан), екінші «яхшы»-
ны үстеу (өйткені етістіктің алдында) дей келіп, «ал башқұрттың 
яхшысы мен яхшы бір-бірінен айырмасы жоқ, сондықтан оны 
ешбір ойланбай-ақ сын есімге жатқызуға болады»
[22, 120] – 
деп дұрыс көрсетті. Сол сияқты қазақ тілі негізінде проф. М. Ба-
лақаев «Негізгі жəне туынды сын есімдер етістікке қатысты бо-
лып пысықтауыш қызметінде жұмсалғанда, олар бұрынғы 
лексикалық мағынасын өзгертіп үстеуге айналмайды»
[23, 139], 
мұндай құбылыс енді олардың тіркесу аясының кеңеюінің нəти-
жесі деп тұжырымдайды.
Осы пікірді Н.А. Баскаков, И.А. Батманов, А. Исқақов, 
Г.Ф. Зейналов, С. Кеңесбаев, сол сияқты қазақ тілінде сын есімді 
арнайы зерттеген Ғ. Мұсабаев, Ж. Шəкенов
[24], т.б. ғалымдар-
дың да қолдайтынын көруге болады. Тілдік фактілер мынаны 
дəлелдейді.
Етістікті сөз тіркестері құрамында жиі жұмсалатындар – са-
палық сын есімдер. Сондықтан олар сөйлем құрамында анық-
тауышпен қатар пысықтауыш қызметінде де жиі кездеседі. Са-
палық сын есімдер затты да анықтайды, екіншіден, етістікті де 
əртүрлі жағынан пысықтайды.
Қатыстық сын есімдер сан жағынан қаншалықты мол бол-
ғанымен, зат есімдермен тіркесуде аясы кең де, ал етістікпен 
тіркесуде аясы тар.
Сын есімдер етістікпен тіркескен кезде жалпылама қолда-
ныла бермейді. Əсіресе қосарлы (қызыл-ала) жəне күрделі сын 
есімдер (кейбір жағдайда болмаса) етістіктермен тіркесе бер-
мейді. Ал таза, сапалық сын есімдердің де етістікпен тіркесі 
бірыңғай емес, олардың барлығы бірдей етістікпен тіркесуге қа-
білетті емес.
Əсіресе, түсті білдіретін ақ, қара, көк, сары, т.б. сын есім-
дері еш уақытта етістікпен тіркеспейді. Логика тұрғысынан да 
қимылдың түске қатысы жоқ. Қимылдың істелу мөлшері неме-
се оның түрлі сапасы мен амалы болуы мүмкін. Сондықтан еш 
уақытта қазақ «қара жүрді», «қара айқайлады», т.б. деп айтпай-
ды. Дегенмен, түсті білдіретін сын есімдер ешқашан етістікпен 
тіркеспейді дейтін қағида шықпауы тиіс. Кей жағдайда олар қи-
мылды білдіретін сөздермен тіркесе береді. Ондай жағдайда олар 


217
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
пысықтауыш қызметінде емес, кім? не? сұрауының біріне жауап 
беріп, сөйлемде бастауыш қызметін атқарады, яғни заттанып, зат 
есім мəнін алады. Сын есімдердің басқа семантикалық топтары-
ның етістікпен тіркесі де бірдей емес.
Сын есімдер сияқты сан есімдердің де тіркес құрау аясын 
тарихи тұрғыдан қараудың артықтығы жоқ.
Сапа жəне сан туралы ұғым – адам баласының синтездік ойы-
ның дамуының нəтижесі. Санау тек тілдік жағынан қаралмайды. 
Олар негізінде математиканың да, философияның да объектісі 
болып табылады. «Сөзіміз дəлелді болу үшін А.А. Реформатский-
дің мына пікірін келтірейік: «Сан жəне санаудың қиындығы тек 
таза математикалық қисында емес, бұған қоса сан абстракт ой-
лаудың жемісі бола тұрып, қоғамда сан сөз немесе таңба (іші-
нара цифр) болып кездеседі»
[25, 384].
Санақ жəне сан жайындағы ұғым адамдардың практикалық 
қызметінің негізінде пайда болды. Сан есімдер түп негізі жа-
ғынан көбіне заттарға қатысты, солай болғандықтан олар – зат 
есімдермен тіркесетін сөздер. Бірақ олар барлық зат есімдермен 
емес, санауға болатын заттармен тіркеседі де, абстракті зат 
есімдермен жапа-тармағай тіркесе бермейді. Сондықтан проф. 
М. Балақаев сан есімдердің зат есімдермен тіркесін екіге бөліп, 
«сан есімдер нақтылы ұғымдағы зат есімдермен тіркеседі» деп 
жазады [26, 43]. Мұның өзі сан есімдердің есімдермен тіркесу 
қабілетінің түрліше екенін көрсетеді.
Бірақ сан есімдер конкретті зат атауларының өзімен де жап-
пай тіркесе бермейді. Конкретті зат есімдер жалқы есім жəне жал-
пы есім болып екіге бөлінетіні белгілі. Сонда сан есімдер жалпы 
есімдермен тіркеседі де, жалқы есімдермен тіркеспейді. Мы-
салы: он алма, екі жұма, бес батыр деп айта береміз де, он бес 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет