Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет103/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

-тағ, -тег, -тек қосымшасының -дай, -дей түріне ауысу арқылы 
қалыптасқан сөз тіркестерінен де көруге болады
[14, 118-119].
«Аффикс -сіз не присоединяется к прилагательным и числи-
тельным.
Изредка рассматриваемый аффикс приобретает дополнитель-
ный элемент -ін, -ің, являющийся омертвевшим аффиксом ору-
диного падежа. А: сəнсізің, без тебя; ТН: күлсізін, без рабов»
[15, 122] – дей келіп, А. Шербак қабыса байланысатын -сіз, 
-сыз жұрнақты сөздердің септік жалғауын қабылдап, бір уақыт-
тарда меңгеріле байланыста болғандығын мегзейді, бірақ қазіргі 


212
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
тілімізде ондай құбылыстың (жіктеу есімдіктері) -сіз жұрнағын 
қабылдап, содан соң септелуі кездеспейді. Бұдан бірде қабыса, 
бірде меңгеріле байланысатын формалардың таралу процесін 
көруге болар еді.
Көптеген зерттеушілер үстеулерді жасалуына қарай есімді 
жəне етістікті деп екіге бөліп қарайды да, соның ішінде есімді 
үстеулердің сөйлем құрамында жұмсалу барысында септік жал-
ғауларының көнеленуі қалыптасқандығын көрсетеді:
барыс септікті – бірге
жатыс септікті – қайда, анда
шығыс септікті – қайдан
құралдық септікті – кундузун. Бұл фактіден морфологиялық 
жəне фонетикалық өзгерістер нəтижесінде бұрын меңгеріле 
байланысқан сөздерден енді басқа байланысу формасына ауысу 
процесін көруге болар еді
[13, 122].
Т. Қордабаев жарыссөз, мейраммен құттықтау, жалынды 
сəлем, т.б. жаңа сөз тіркестері туралы айта келіп, жарыс жəне 
сөз екеуі де бұрыннан бар екендігін, сондықтан да сөз жарыс-
тыру, сөз таластыру тəрізді тіркес құрағанмен, жарыс сөз тү-
рінде айтылмағандығын көрсетеді
[15, 46-47]. Ал қазіргі тілімізде 
жарыс жəне сөз өзара қатынасы жағынан да, мағыналық жа-
ғынан да басқа-басқа зат есімдер болса да, енді анықтауыштық 
қатынастағы есімді сөз тіркестерінің қалыпты формасына түс-
кен. Якут тілінде септіктің жалпы болмауы, матасу байланысу 
формасының жоқтығы, өзбек, татар тілдерінде көмектес септік-
тің мəні оның белəн шылауы арқылы берілуі (трамвай белəн 
килдем) синтетикалық тəсілдің орнына аналитикалық тəсілдің 
орнығып қалғандығын көрсетеді
[16, 169].
Бұл айтылғандардан мынаны аңғаруға болады.
1. а) Септік жалғауындағы өзгерістер меңгеру, матасу тəрізді 
байланыс формаларындағы өзгерістерге алып келеді.
б) Сөз тіркесі құрамындағы өзгерістер, бір байланыс форма-
сының тəсілдері ішінде болады.
в) Сөз тіркестері құрамындағы өзгерістер кейде жұрнақтар-
мен байланысты болып келеді. Солар арқылы бір байланыс фор-
масы екінші түрге ауысып отырады.
2. Жұрнақтардың да не көнеленуі немесе жаңа мəн алуы да 
сөз тіркесі құрамының дамуына əсер етеді.


213
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
Сөз тіркестерінің негізі – сөз таптары. Сөз таптарының бір-
бірімен тіркесуінің басты тірегі – тіркесімділік.
Сөздердің тіркесімділігі тілдің сөз байлығымен, оның даму 
дəрежесімен тығыз байланысты. Тіл құрамындағы сөздердің ма-
ғыналық, грамматикалық жағынан дамуы, жазба əдеби тіл 
құрамындағы дифференция – барлығы да оның синтаксистік 
құрылысына əсер етпей қоймайды. Сөздердің жеке грамматикалық 
топтары құрамындағы болған семантикалық жəне грамматикалық 
өзгерістер, айналып келгенде, сөз тіркестерінің жеке құрылым-
дық жаңа түрлерінің қалыптасуына алып келеді. Осы тұрғыдан 
қарастырсақ, тіліміздегі қазіргі есімді, етістікті жəне ортақ басың-
қы сөз тіркестері іштей бірнеше топқа жіктелуінің өзі синтаксис-
тік құрылыстың басынан өткен өзгерістердің жеке сөздер тобы-
ның тіркесімділік қабілетінің, олардың өз ішіндегі семантикалық 
дифференцияның нəтижесі болып табылады. Тіпті сөз тіркесінің 
басыңқы сыңарында үстеулердің жұмсалуы, соның нəтижесінде 
үстеулі сөз тіркесі деп аталатын топтың қалыптасуы кейінгі 
кездің əсіресе тіл құрамында жеке сөздер тобының тіркесімділік 
қабілетінің артуының нəтижесі. А.Г. Гуломов, М.А. Асқаровалар 
сөз тіркестерінің басыңқы сыңарына есімді, етістікті жəне (жуда 
тез, оғыздан тез, уклон тез) деп, үстеуді де негізге алады
[17, 12]. 
Осы тəрізді пікірді қазақ тілі материалының негізінде К.Аханов 
та қолдайды
[18, 195]. Осы сияқты басыңқы сыңардағы өзгешелік-
тер олардың бағыныңқы сыңарлары құрамындағы ерекшелік-
терге негіз болады. Егер бүгінгі тіл фактілері Х–ХVІ, ХІХ ғғ. 
нұсқалары фактілерімен салыстыра зерттелсе, мұндай өзгерістер-
дің мол болғандығын байқауға болар еді. Əрине, əзір біздің 
қолымызда ондай зерттеулер нəтижесі жоқ. Сөз тіркестері 
құрамындағы болған өзгерістердің кейбіреуін бүгінгі тіліміздің 
фактілерін салыстыру жолымен де айқындауға болар еді. Осы 
тұрғыдан қазақ тілі оқулықтарында беріліп жүрген ережелер 
мен тілдің бүгінгі нақты фактілеріне көз жүгіртсек, мынадай жай 
көзге түседі. Қазіргі тіліміздегі сөздердің грамматикалық топта-
ры соларға жататын сөздердің саны, аумақ-көлемі мен олардың 
тіркесу қабілетін, соның салдарынан олардың синтаксистік қыз-
метінің аясын қамти алмайтындығы байқалады. Мысалы: А. Ыс-
қақов: «Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, 


214


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет