474
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Есімдердің баяндауыш қызметінде
жұмсалуында жалғаулар-
дың да қызметі ерекше. Əсіресе, ондай кезде жіктік, тəуелдік,
көптік, септік жалғаулары ретіне қарай қолданыла береді. Ол
жалғаулар есімдерге жалғану арқылы сөйлемнің соңында баянда-
уыш қызметінде мол жұмсалады: Ұлпан
биыл жетіде (Б.Май-
лин). Бұл екі кітап – бұл ауыл, бұл өлкенің Абайдан басқа көп жа-
нына əлі тілімен де, сырымен де
ұғымсыз кітаптар (М.Əуезов).
Мен саған –
кіммін? (С.Ерубаев).
Екі жұмадан бері тынышпыз
(Ғ.Мүсірепов). Барым –
бір өзің (М.Əуезов). Есімді баяндауыш-
тардың негізгі тұлғалық белгісі – түбір күйінде жəне түрлі
жалғаулы түрлері. Əсіресе, ондай кезде септік жалғаулы есімдер
барыс, жатыс, шығыс жəне көмектес жалғауында келеді.
Құрама баяндауышты тұлға. Есімдерге түрлі
көмекші
етістіктердің тіркесі арқылы да күрделі баяндауыш жасалады.
Кейде ондай көмекші етістіктер септік
жалғаулы есімдермен де
тіркесте жұмсалады. Мысалы: Ара ағайын
сен емессің (М.Əуезов).
Апырмай, адамзат та ондай
сұлу болады екен-ау? (Б.Майлин).
Қасындағы тобықты жуандарының жасы үлкені
Байғұлақ еді. Бір
өзінен басқа
ешкімге мəлім емес (М.Əуезов). Əрқайсысы да
ойдың
соңында еді (С.Сейфуллин). Түсі торыдан гөрі
күреңге жуық бол-
са керек (Ə.Сəрсенбаев).
Баяндауыш қызметінде есімдерге түрлі көмекші сөздердің
тіркесі арқылы да жасалуы мол кездеседі. Əдетте, көмекші
сөздер пысықтауыш, кейде тағы басқа сөйлем мүшелері үшін
ғана қолданылып келсе, қазіргі
кезде баяндауыштың жасалуын-
да едəуір дəрежеде қолданылады жəне олар да баяндауыштың
көрсеткіші болып табылады. Мысалы: Күн тəртібіндегі мəселе –
егіс жоспарын
өсіру туралы (Б.Майлин). Осы – терең
сайдың
тұсы (М.Əуезов). Мен білмейтін
жер астында (С.Мұқанов).
Баяндауыш қызметінде жұмсалатын қосымша
-нікі, -дікі, -тікі.
Олар жалғанған сөздер баяндауыш сөйлем мүшесі ғана бола алады.
Мысалы: Бұл ауыл –
біздікі (С.Мұқанов). Ал осы күнгі əдебиеттерде
оның бірінші сыңарының тұлғалық ерекшелігін негізге алмай-ақ,
тек құрама баяндауыштар деп қоя салады. Ол
шынында, оңдай
кезде құрама баяндауыштың бірінші сыңары да көптік, тəуелдік,
жіктік, тіпті септік жалғуларында келе береді. Ал екінші сыңары
туралы айтқанда көмекші есімдер ілік, барыс септіктерінен басқа
475
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
септіктерде де жұмсала береді. Сондықтан болар, септеулі түрінде
де кездеседі. Ал модаль сөзді шылаулы түрлері бұрын сөз бол-
майтын. Енді көмекші сөздерді, модаль сөздерді, шылауларды да
баяндауыштық тұлға деп санау орынды.
Достарыңызбен бөлісу: