Талғат сайрамбаев


Шартты рай тұлғалы баяндауыштар



Pdf көрінісі
бет236/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Шартты рай тұлғалы баяндауыштар: Егер сəулең болмаса, 
Мейлің тіріл, мейлің өл (Абай).
Қимыл есімі мен шылаулардың тіркесуі арқылы: Əңгі-
мені басынан бастау үшін, Саржанмен кездескен күнді есіме 
толық түсіріп көрейін (Ə.Əбішев).
Есімді тұлға. Баяндауыш қызметінде жұмсалатын сөз тапта-
ры – есімдер. Есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы бірдей 
дəрежеде емес. Оңдай кезде көп жұмсалатыны – зат есімдер. Де-
генмен, есімдердің бəрінің де баяндауыш болу принциптері бір 
іспеттес. Есімдер де етістіктер сияқты түбір күйінде жəне түрлі 
жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы: Қаланың іш-сырты – əскер 
(X.Есенжанов). Ауа тұп-тұнъқ, тап-таза, жібектей жұмсақ 
(Ғ.Мүсірепов). Қонақ үй шешелер үйіндей емес, сыртынан да 
салқын, үнсіз (М.Əуезов). Мен танктерді санай бастадым. Барлы-
ғы – он жеті (А.Байтанаев). Хасен қазір колхозшы (С.Керімбеков).


474
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуында жалғаулар-
дың да қызметі ерекше. Əсіресе, ондай кезде жіктік, тəуелдік, 
көптік, септік жалғаулары ретіне қарай қолданыла береді. Ол 
жалғаулар есімдерге жалғану арқылы сөйлемнің соңында баянда-
уыш қызметінде мол жұмсалады: Ұлпан биыл жетіде (Б.Май-
лин). Бұл екі кітап – бұл ауыл, бұл өлкенің Абайдан басқа көп жа-
нына əлі тілімен де, сырымен де ұғымсыз кітаптар (М.Əуезов). 
Мен саған – кіммін? (С.Ерубаев). Екі жұмадан бері тынышпыз 
(Ғ.Мүсірепов). Барым – бір өзің (М.Əуезов). Есімді баяндауыш-
тардың негізгі тұлғалық белгісі – түбір күйінде жəне түрлі 
жалғаулы түрлері. Əсіресе, ондай кезде септік жалғаулы есімдер 
барыс, жатыс, шығыс жəне көмектес жалғауында келеді.
Құрама баяндауышты тұлға. Есімдерге түрлі көмекші 
етістіктердің тіркесі арқылы да күрделі баяндауыш жасалады. 
Кейде ондай көмекші етістіктер септік жалғаулы есімдермен де 
тіркесте жұмсалады. Мысалы: Ара ағайын сен емессің (М.Əуезов). 
Апырмай, адамзат та ондай сұлу болады екен-ау? (Б.Майлин). 
Қасындағы тобықты жуандарының жасы үлкені Байғұлақ еді. Бір 
өзінен басқа ешкімге мəлім емес (М.Əуезов). Əрқайсысы да ойдың 
соңында еді (С.Сейфуллин). Түсі торыдан гөрі күреңге жуық бол-
са керек (Ə.Сəрсенбаев).
Баяндауыш қызметінде есімдерге түрлі көмекші сөздердің 
тіркесі арқылы да жасалуы мол кездеседі. Əдетте, көмекші 
сөздер пысықтауыш, кейде тағы басқа сөйлем мүшелері үшін 
ғана қолданылып келсе, қазіргі кезде баяндауыштың жасалуын-
да едəуір дəрежеде қолданылады жəне олар да баяндауыштың 
көрсеткіші болып табылады. Мысалы: Күн тəртібіндегі мəселе – 
егіс жоспарын өсіру туралы (Б.Майлин). Осы – терең сайдың 
тұсы (М.Əуезов). Мен білмейтін жер астында (С.Мұқанов).
Баяндауыш қызметінде жұмсалатын қосымша -нікі, -дікі, -тікі. 
Олар жалғанған сөздер баяндауыш сөйлем мүшесі ғана бола алады. 
Мысалы: Бұл ауыл – біздікі (С.Мұқанов). Ал осы күнгі əдебиеттерде 
оның бірінші сыңарының тұлғалық ерекшелігін негізге алмай-ақ, 
тек құрама баяндауыштар деп қоя салады. Ол шынында, оңдай 
кезде құрама баяндауыштың бірінші сыңары да көптік, тəуелдік, 
жіктік, тіпті септік жалғуларында келе береді. Ал екінші сыңары 
туралы айтқанда көмекші есімдер ілік, барыс септіктерінен басқа 


475
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
септіктерде де жұмсала береді. Сондықтан болар, септеулі түрінде 
де кездеседі. Ал модаль сөзді шылаулы түрлері бұрын сөз бол-
майтын. Енді көмекші сөздерді, модаль сөздерді, шылауларды да 
баяндауыштық тұлға деп санау орынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет