тізбегі емес ... (Т.Нұртазин). Екеуі де мылтыққа жүгіргісі келеді,
бірақ бірін-біріжіберетін емес (С.Сейфуллин). Ол ... ділгерліктен құтылған да емес (Б.Майлин).
3. Жоқ сөзі баяндауыш қызметінде не күрделі баяндауыш
құрамында айтылу арқылы да болымсыз сөйлем жасалады:
Тура бидетуған жоқ, туғанды бидеиман жоқ (Мақал). Аспан- да алақандай бұлт жоқ. Біздің атай ... қабағы түксиіпүндеген жоқ (Т.Нұртазин). Əлі ала көлеңкеайыққан жоқ... (М.Əуезов). Осы уақытқа шейін ата дəулетікеміген жоқ ... (Б.Майлин).
4. -сыз, -сіз тұлғалы сын есімдер баяндауыш қызметінде
жұмсалғанда да сөйлемнің мазмұны болымсыз болады, мысалы:
сөзітүсініксіз, баласыақылсыз, тауықарсыз. Қаратау кейде қарлы, кейдеқарсыз. Ер жігіт кейде малды, кейде малсыз (Халық өлеңі).
5. Болымсыз сөйлем құрауға болымсыз етістіктердің қатысы
ерекше болады. Саны көп болмағанмен (ешкім, ештеңе, ешбір, ешқандай, ешқайдан, ешқашан, ешқайсысы, дəнеме, түк), олардың
қатысымен жасалатын болымсыз сөйлемдер жиі ұшырайды.
Əдетте, болымсыз есімдіктер сөйлемнің белгілі мүшесі қызметінде
жұмсалады да, сол сөйлемнің баяндауышы қалай да болымсыздық
тұлғаның бірінде жұмсалады. Сөйтіп, бір сөйлемде болымсыздық
мағына екі дүркін айтылып, сөйлемнің сол мағынасы бекемде-
ле түседі. Болымсыздық мағынаны одан да күшейте түсу керек
болғанда, бір сөйлем ішінде екі (кейде одан да көп) есімдік айты-
лады. Мысалы:
- Қане, кімнің сұрауы бар? – деп мəжіліс ағасы екі-үш қайырып сұраса да, ешкім үн шығармады. – Өзіміздің балалар ғой, бұлар ешкімге айтпас. – Біз ешкімді ешқайда зорлап сайламаймыз (Б.Майлин).
- Біз көргендерден жөндіештеңе қалмапты ғой. Ешкімге