Талғат сайрамбаев


жоқ па? (Құрымбай бəйге алып жүр д. м.). Милиция бастығы  мұның қызметін жақсы деп мақтап отырған жоқ па?



Pdf көрінісі
бет283/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

жоқ па? (Құрымбай бəйге алып жүр д. м.). Милиция бастығы 
мұның қызметін жақсы деп мақтап отырған жоқ па? (Б.Майлин). 
(Милиция бастығы мұның қызметін жақсы деп мақтап отыр д. м.).
Болымсыз тұлғалы сөйлемдер реті келгенде қорқу, күмəндану 
сияқты сезімдерді білдірудің де амалы болады:
Келіні шоқаң етіп сəлем етіп болып, аузын сылп еткізді:
Бəтір-ай, сұмдық болмаса игі еді!... – деді. Қарымсақ ... бір 
шарасын осы таппас па екен дегендей, жүгіріп Сараның үйіне 
барды (Б.Майлин).
1
Д
.
М
. – деген мағынада.


558
Қазіргі қазақ тілі
ІІ. СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ СИНТАКСИСІ
§9. Сөз тіркесінің синтаксисі туралы кіріспе
Грамматикалық құрылыстың өзінше дербестігі, ерекшеліктері 
бар топтарын – грамматикалық единицалар – тұтастықтар 
дейміз. Солардың басты топтары – сөз тіркесі, сөйлем. Бұлардың 
əрқайсысы əр алуан бөлшек, бөлімдерден құралғанымен, бəріне 
тəн, бəріне ортақ белгілеріне қарап, оларды тұтасқан, тұтасып 
ұласқан бөлшектер тобы деп танимыз. Мысалы, сөздің дыбыстық 
құрылысы, лексикалық, грамматикалық мағыналары болады, сөз 
тіркесінің құрамына еніп, адамның ойын, сана-сезімін білдірудің 
бөлшектері қызметін атқарады. Балықтың өмірі суда болатынын-
дай, сөздің өмірі сөз тіркесінің, сөйлемнің құрамында болады. 
Əлемдегі жан-жануарлардың күнелтуі табиғи айналасы болаты-
нындай сөздің, сөз тіркесінің де «табиғи» жұмсалу «айналасы», 
өмір сүру жағдайы болады. Бұлардың сондай шоғырланған ұясы 
да, өмір сүру қызметі де сөйлем ішінде жұмсалуы болады. 
Осындай қарым-қатынастың нəтижесінде əрбір грамматикалық 
единицалар тілдің қарым-қатынас жасау қызметіне ортақтасады. 
Сол үшін жеке сөздер сөз тіркестің құрамына, сөз тіркестері 
сөйлемнің құрамына еніп, ой, пікір тұтастығын құрастыруға 
қатысады.
Сөйтіп, сөз тіркесі дегеніміз сөз бен сөйлемнің арақатынасынан 
шығатын басты синтаксистік единицаның бірі деп есептеледі, 
оның жұмсалу заңдылықтарын айқындаудан бұрын синтаксистік 
басқа единицалардан өзіндік ерекшеліктері, жақын ұқсастықтары 
болады.
Ұласқан бөлшектері қаншама өзара тығыз байланыста 
болатындықтан, ол бөлшектер бірінің қызметін басқа біреуі 
де (кейде, орайы келгенде) атқаруы мүмкін емес пе? Көркем 
əдебиетте – Түн. Мидай дала. Қараңғы түн. Келді ме? Келмеді –
сияқты сөздер мен сөз тіркестері сөйлем қызметінде жұмсалады. 


559
Қазіргі қазақ тілі
Соған қарап сөзді, сөз тіркесін сөйлемнен айырып танудың керегі 
жоқ деуге бола ма?
Соны дəл солай айтпаса да, тіл білімінің көрнекті ғалымдары 
олардың арасына «сына қағып», екі айырып тастау керек екенін 
уағыздады.
Жоғарыда (§2) айтқанымыздай, сөз тіркесінің сыр-сипаты жа-
йында ғалымдардың көзқарастары əр алуан. Дұрысына көз жеткізу 
үшін сөз тіркесінің сөйлемнен (§3), сөзден (§9) айырмашылықтары 
неде екенін білу керек.
Егер сөйлем қарым-қатынас жасаудың, адам ойын білдірудің 
негізгі формасы болса, с ө з жəне с ө з т і р к е с і – сөйлем құраудың 
материалдары. Өзара тығыз байланыстағы бұл үш грамматикалық 
категорияның əрқайсысына тəн өзіндік айырмашылықтары бо-
лумен қатар олардың бастары түйісетін де орындары болатыны 
белгілі. Қалайда күрделі сөздерді жəне басқа түйдекті тіркестерді 
сөз тіркесі деп шатастырмау керек, жеке сөз тіркестері де сөйлем 
қызметінде жұмсалса, олар – сөз тіркестеріне тəн қасиеттерінен 
айырылып қалады деп түсінбеу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет