87
Күрделі сөз тіркестері
шiлер, көбiне, ондай тiркестердiң тек жа лаң түрлерiн айтумен
шектеледi де, сөз тiркестерiнiң күрделi құрылымдық ерекшелiк-
терiн сөз етпейдi. С.С. Майзельдiң зат eсiм мен зат eciмнің жал-
ғаусыз тipкeci туралы айта келiп,
ондай тiркестердiң құрылым-
дық ерекшелiгiне де назар аударғандығын бiлемiз [87, 133].
Зат еciм мен зат есiмнiң тiркесi туралы жазған профессор
М. Балақаев: «Осы сияқты қатар тұру арқылы бiрiн- бiрi анықтай-
тын зат есiмдер тобы eкi, үш, кейде төрт сөз ден құралуы мүмкiн:
тeміp қанат балапан, қой көз бала, шоқпар бас тeмip таяқ
сияқты бағыныңқы сыңары
бiрнеше зат eciмнeн де болып, күр-
делi түрде жұмсалғандығын дұрыс көрсетедi
[16, 38].
К.А. Бейсенбаева олардың құрылымдық ерекшелiгiн ескер-
мейдi [88].
Miнe, бұл пiкiрге қарағанда, жалғаусыз зат есiмдер тек екi сөз-
ден келiп, жай сөз тiркестерiн құраумен бiрге, күрделi түрлерiнiң
де жасалатындығын көреміз.
Тiлдiк фактілерге қарағанда жалғаусыз тipкecкeн зат есiмдер
тек eкi сөзден ғана тiркесiп қоймай, үш, төрт, одан да көп
сөзден
де жасалатындығын көремiз. Мыса лы:
Аю төс ене келiнiне
ашуланғысы келiп, бiр
толқып тұрды да, өзiн-өзi тежеумен ұста-
ды (Б. Тілегенов). Miнe, саған
мұз балақ қыранның қауырсы-
нын
əкелдiм, Айзада (Ш. Мұртаза).
Ұзын бойлы,
бұйра шашты,
қошқар мұрын, үлкен мөлдiр қара көздi, сопақ бет, отыздағы жыл-
тыр қара жiгiт бiздi қарсы алды (Б.Момышұлы). Аттың eкi жам-
басына келер тұсқа, балалардың бесiгiне, шапанына қадайтын
Достарыңызбен бөлісу: