83
Күрделі сөз тіркестері
айырмашылығы тек А.И. Молотковта айтылғаны болмаса,
басқа
ғалымдарда тіпті сөз де болмайды. Сөз тіркесі мен фразеоло-
гиялық
единицаны салыстыру, көбіне, олардың жалпы ерекше-
ліктерінен гөрі ішкі ерекшеліктеріне негізделу керек сияқты.
А.И. Молотков, негізінде, сөз тіркесі мен фразеологияның мына-
дай айырмашылығы бар деп көрсетеді.
1. Фразеологияда
лексикалық мағына болса, сөз тіркесінде
болмайды.
2. Сөз тіркесі сөздің лексикалық
единицасы негізінде бол-
са, фразеологияда сөздің жеке лексикалық единицасы жоқ деп
олардың бір-бірінен екі түрлі айырмашылығын көрсетеді [82, 8].
Шынына
келгенде, сөз тіркесі мен фразеологияның сырттай
ұқсастығы болғанымен, ішкі мазмұны жағынан бір емес. Төменде
ол екеуінің бір-бірінен айырмашылығын беріп отырмыз.
р/с
Сөз тіркесі
Фразеология
1
Сөз тіркесіндегі əрбір сөздің
өзіндік мағынасы бар.
ФЕ-ға қатысты сөздердің əрқай-
сысының өзіндік мағыналары айқын
емес.
2
Сөз тіркесіндегі əрбір сөздің
өзіндік синтаксистік қызметі
болады.
ФЕ-ға қатысты сөздердің əрқайсы-
сының өзіндік қызметі жоқ
3
Сөз тіркесіндегі сөздің орын
тəртібі еркін болады.
ФЕ-ға қатысты сөздердің əрқайсы-
сының орны тұрақты болады.
4
Сөз
тіркесіндегі сөз меңге-
ріле, т.б. байланыста келеді.
Олардың іштей өзара бір-бірімен
байланысу формасында келуі тұрақ-
ты.
5
Сөз тіркесіндегі əрбір сөздің
байланысу тəсілдері бар.
Жалпы фразеологиялық единицалар əрі есімді, əрі
етістікті
сөз тіркестерінде де көп қолданылады.