193
Күрделі сөз тіркестері
дық. Ай, Алимашым-ай, аян көрiп пе едiң,
үлкен-кiшiден именбей,
неге соншама боздап мойнына асылдың? («Жалын»). Күлайла
aғaсының жекiруiнен селт етiп, оның қолын босатып жiбер-
дi (М. Иманжанов).
д) Таза күрделi caн eciмнeн немесе сан eciм мен зат есімнен
жасалған күрделi бағыныңқының сыңарлары көбiне жинақтау, топ-
тау, бipiктipy мағынасын бередi: Ию-қию толып жүрген аттылар,
жаяулар екен. Мол қораның əр жерiнде
үштен-төрттен, тоғыз-
оннан топталып, қоралай отырып... сөйлесiп жатқан даулылар
(М. Əуезов). Бiр жерде eкi кici, бiр жерде
үш кiсiден құралып, вин-
товка, алтатар, қылыш, бомба асынған бандылар, күшiгiн алдыр-
ған қасқырша кезiп, елдiң тағы да үрейiн ала бастады (С. Сарғас-
қаев).
Даралау мағынасында жұмсалады: Асыл тacтapдың толып
жатқан коллекцияларын көрсетiп кеп, ақыры қарт ғалым бiздi
үш-үштен бөлiп, кезектеп отырып өзiнiң қараңғы лаборатория-
сына кiрдi (М. Əуезов).
Eкі-екiден, үш-үш тен оңаша кетiп, сыбыр-
сыбыр сөйлескен адамдар (Ғ. Мұстафин).
Заттың сандық бөлшегi мағынасында жұмсалады: Бастауыш
кластардағы 136
баладан оқу жылын 54 бала тек «5»-пен «4»-ке
бiтiрiптi («Қазақстан мұғалімі»).
Заттың шегiн бiлдiредi: 1959 жылы Қазақстан пионер лерiнiң
саны 627
мыңнан асты. Үзбей кiтап алып оқитын тұрақты оқу-
шылардың саны
500-ден асып жығылады («Лениншіл жас»).
Достарыңызбен бөлісу: