Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


VІІІ тарау БИОТЕХНОЛОГИЯ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН



Pdf көрінісі
бет95/152
Дата29.09.2022
өлшемі4,09 Mb.
#40782
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   152
Байланысты:
О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт

VІІІ тарау
БИОТЕХНОЛОГИЯ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН
ТОЛЫҚТЫРУ МАҚСАТЫНДА ҚОЛДАНЫЛУЫ
1. Энергия көздерін алуда жасыл өсімдіктердің фотосинтездік қабілетін
пайдалану
Қазіргі кездерде адамзат үшін қажетті энергия көздері ретінде табиғи қазбалы
байлықтар: мұнай, газ, көмір, уран сияқты заттар кеңінен пайдаланылуда. Бірақ та,
уақыт өткен сайын табиғи байлықтардың қорлары азайып, таусылу қауіпі
туындауда. Кейбір табиғи қазба байлық көздері өте аз елдерде энергетикалық кризис
сезіле басталды. Осының бəрі жасанды, яғни қайта толықтырылатын энергия
көздерін іздестіру қажеттігіне алып келеді.
Дүние жүзіндегі энергия көздерінің сарқыла бастауына байланысты,
энергоэкологиялық мəселені шешуде таусылмайтын немесе қайта өндірілетін
энергия көздерін пайдаланудың маңызы зор. Осы бағытта Қазақстанда күн жəне жел
энергияларын пайданумен бірге биоэнергетиканы пайдаланудың да зор
мүмкіндіктері бар. Өйткені, республикада мал жəне құс шаруашылықтары
қалдықтарының жылдық құрғақ массасы 22,1 млн. тоннаны құраса, бұл 8,6 млрд,
куб биогаз өндіруге мүмкіндік береді. Қазақстанда жылына өсімдік қалдықтары 17,7
млн. тонна көлемінде қалса, олардың құндылық эквиваленті 14-15 млн. тонна
шартты отынға немесе 12,4 млн. тонна мазутқа тең келеді екен. Ауылшаруашылық
дақылдарынан биоотын (биотопливо), атап айтқанда биоэтанол дайындаудың да
болашағы зор деп есептелінеді. Осы мақсатта 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап
Солтүстік Қазақстан облысында астық өнімдерін терең өңдеуге бағытталған
«Биохим» кəсіпорны өз жұмысын бастаған. Бұл ТМД мемлекеттерінің ішіндегі осы
бағыттағы алғашқы жəне қазіргі кезге жалғыз кластер болып табылады. Аталған
кəсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 57 мың тонна биоотын өндіруге
қабілетті деп есептелінеді.
Энергия тапшылығын азайту мақсатында көптеген елдерде атом энергиясы
станциялары салынуда. Алайда, атом энергиясын өндіруге қажетті уран көздері де
жер шарында көп емес. Сондықтан, ғалымдар жасанды энергия көздерін табу
мақсатында көп ізденіс жұмыстарын жүргізуде. Осы бағытта жүргізіліп жатқан
жұмыстар қатарына күн сəулесін пайдалану, жел жəне геотермиялық энергияларды
пайдалану сияқты жұмыстарды атап өтуге болады. Бірақ та оларды пайдалану үшін
жасап шығарылған қондырғылардың тиімділіктері əлі де төмен дəрежеде қалуда.
Табиғатта күн сəулесі энергиясы көзін, органикалық заттарды пайдалану
арқылы химиялық энергияға айландырудың табиғи жолы бар екендігі айқындала
бастады. Бұл мүмкіндіктің негізі ретінде жасыл өсімдіктерде жүретін фотосинтез
құбылысын атауға болады. Ғалымдардың есептеулері бойынша жер шарындағы
мұхиттар мен теңіздерді қосып есептегенде, жасыл өсімдіктердегі энергия көздері
жыл сайын жағатын көмір энергиясынан 100 есе көп екендігі анықталған. Тек қана
жер шарында қазіргі кезде өсіп тұрған ағаштардағы энергия қуаты, барлық табылған
газ, мұнай жəне көмір қуаттарын қосып есептегеннен артық екендігі мəлім болды.


164
Қазбалы байлықтармен салыстырғанда, жасыл өсімдіктердің қорын қайта қалпына
келтіріп отыруға мүмкіндік бар. Бұл дегеніміз, жасыл өсімдіктердің фотосинтез
қабілеті арқасында түзілген органикалық заттардан алынған энергия көздерін
пайдалана келе, адамзат келесі жылдары да осындай энергия алуды жоспарлы түрде
жүргіу мүмкіндігіне ие бола алатынын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет