БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
34
Қол қимылының үш түрі болады: иықтан, шынтақтан, қолбасынан (үш ерікті шақырып,
қимылдардың бір түрін қолдана отырып, сіз айтқан заттарды көрсетулерін сұрай аласыз:
мысалы, күнге дейінгі қашықтық, иненің өлшемі, доптың пішіні). Бұл мысал арқылы
қимылдар айтылғанға сәйкес келуі керек екенін көрсету керек. Шағын аудиторияларда
шынтақ қимылдары (қолбасынан ештеңе көрінбейді), үлкен аудиторияларда иық қимылдарын
қолдануға болады, бірақ оларды асыра пайдаланбаған жөн.
- Сәл күлімсіреу қажет.
«Сөзді көрсет» жаттығуы
Уақыт: 10 минут
Материалдары: поститтер
Процесі:
Бірнеше еріктіге эмоциялар жазылған (ашу, қуаныш, реніш, көңіл және т.б.) поститтер
беріледі. Тапсырма: бір минут ішінде өз сөзін тек қимылдар мен мимиканы қолданып көрсету.
Оқушылармен қимылдар мен мимикамыз сезімдерімізді басқаларға қаншалықты оңай
жеткізетіні туралы сөйлесіңіз. Сондықтан сөз сөйлеу кезінде толқуды, сенімсіздікті немесе
қорқынышты емес, көздеген нәрсені «жеткізу» маңызды.
«Сонымен қатар, тренингтерімізден кейін сендер аудитория алдында сөйлеуден қорықпайтын
боласыңдар».
Достарыңызбен бөлісу: