БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
35
13-сабақ
Тақырыбы: Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары.
Ұғымдар: сөйлеушінің құралдары: дауысы, интонациясы, тембрі және т.б.
Сабақтың мақсаты: әсерлі сөз сөйлеу үшін дауыстың, интонация, тембр, кідірістің
мағынасын анықтау.
Әдістері: шағын дәріс, жаттығулар, әңгімелесу.
Ресурстар: теориялық материал, жаттығулар.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері
туралы
сұрау, позитивпен бөлісу).
Уақыт: 5 минут
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап,
орындау.
Уақыт: 5 минут
«Көзбен тұрғызу» тапсырмасы
Уақыт: 5 минут
Процесі:
Ерікті(лер) аудитория алдына шығып, жүргізуші болады. Оның міндеті – топпен визуалдық
байланыс орнату, қатысушылардың әрқайсысына (кезекпен-кезек, жылдам емес) 5
секунд
ішінде қарау.
№1 нұсқа: жүргізуші сендерге қараған кезде орындарыңнан тұрып, ол қанша қараса, сонша
уақыт тұру керек.
№2 нұсқа: жүргізуші сендерге қараған кезде қол шапалақтау керек. Жүргізуші қарауды
тоқтатқан кезде шапалақтар да тоқтайды.
Достарыңызбен бөлісу: