Биологиялық ресурстардың жай-күйі және орман, балық және аңшылық шаруашылықтарының, ЕҚТА және экологиялық туризмнің дамуы 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік орман қоры алаңы 216,8 мың га
құрады. 2017 жылы мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі өзгерген жоқ, ал мемлекеттік
орман қоры аумағында болған орман өрттерінің себебінен орманмен қамтылған алаң 92 га
азайды және 01.01.2018 жылы 89418 га құрады (мемлекеттік орман қоры алаңынан 41%).
Орман көмкерілген алқаптарды ұлғайту мақсатында 2017 жылы мемлекеттік орман
қорында 250 га алқапта орман екпелерін отырғызу жүргізілді, 100 га автожолдар бойында жол
бойындағы орман жолақтары құрылды, 150 га алқапта орман отырғызу әдісімен құм бекіту
жүргізілді. Мемлекеттік орман қорында бір жылдық орман екпелерінің жерсінуі 47,6%-ды
құрайды. Елді мекендерді көгалдандыру мақсатында және орманды қалпына келтіру іс-
шараларын орындау үшін 3377 мың дана көшеттер мен екпе көшеттер өсірілді.
Жыл сайын ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік
мекемелердің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. 2015 - 2017 жылдар аралығында 1
өрт сөндіру машинасы, 8 МТЗ тракторы, 12 УАЗ автокөлігі, 1 ВАЗ автомобилі, 2 ГАЗ жүк
автомобилі сатып алынды.
Орман дақылдарының жоспарлы жерсінуіне қол жеткізу үшін топырақты дайындау
сапасын жақсарту, өсірілетін отырғызу материалының ассортиментін ұлғайту, жергілікті
климаттық жағдайларға неғұрлым бейімделген дақылдарды таңдау бойынша жұмыстар
жүргізілуде.
2017 жылы мемлекеттік орман қоры аумағында жалпы алаңы 557,5 га 17 орман өртіне жол
берілген, оның ішінде орман қазылған 405,7 га құрады (2016 жылы - 3,6 мың га алаңда 2 өрт
оқиғасы).
Ормандарды өрттен қорғау мақсатында барлық ұзындығы 2000 км минералдандырылған
орман жолақтары отырғызылды, сондай-ақ 7300 км қашықтықта оларға күтім жасау атқарылды.
Орам соқпақтарын кесу 97 км орындалды және орман шаруашылығы және өртке қарсы
мақсаттағы жолдарды жөндеу 70 км ұзақтықта орындалды.
Облыста ЕҚТА республикалық маңызы бар төрт мемлекеттік табиғи зоологиялық қорық
(Кирсанов, Бударинский, Жалтыркөл) бар, сондай-ақ облыстық маңызы бар бес мемлекеттік
табиғи қорықшасы бар.
2017 жылы 2015 жылмен салыстырғанда келушілердің саны артып, ішкі туризм 18,9%-ға
ұлғайды.
2017 жылы орналастыру орындарын ұсынумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің
көбеюіне байланысты келушілерді орналастырумен айналысатын объектілердің саны 4 бірлікке
артып, 72 бірлікті құрады, онда 1510 нөмір бар, бұл ретте біржолғы сыйымдылығы 2873 төсек-
233
орынды құрайды. Олар 112,3 мың адамға және 3121,0 млн. теңге сомасында қызмет көрсетті.
Орналастыру орындары қызметтерінің көлемі (мейрамханалар қызметтерін есепке алмағанда)
2015 жылмен салыстырғанда 1,6 есеге артты.