Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет2/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

 
Кіріспе
 
Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты жедел өзгермелі тарихи жағдайларда 
қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты - Қазақстан Республикасы дамуының негізгі 
стратегиялық құжатына сәйкес құжаты «Қазақстан-2050» стратегиясы1 негізінде құрылған. 
Осы Қазақстан халқына Жолдауында Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев былай дейді: «Бізге өз 
табиғи байлықтарымызға деген көзқарасымызды ой елегінен өткізудің принципті маңызы бар. 
Біз оларды сатудан қазынамызға кіріс құя отырып, оларды дұрыс басқаруды, ең бастысы, 
еліміздің табиғи байлығын орнықты экономикалық өсуге барынша тиімді кіріктіруді үйренуіміз 
керек. 
«Қазақстан-2050» стратегиясының басты мақсаты 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, 
дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру болып 
табылады. Бұл басты мақсатқа қол жеткізудің индикаторы 2050 жылға қарай әлемнің ең 
дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру болып табылады. Стратегияның басты ерекшелігі 
жалпыға ортақ экономикалық прагматизм болып табылады.
Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасын 
(бұдан әрі - «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдама) 2013 жылы қабылдау арқылы 
«жасыл экономикаға» көшу еліміздің дамуындағы жаңа бағыт болды.2. Бұл құжатта «Жасыл 
экономика» халықтың өмір сүру сапасының жоғары деңгейі, қазіргі және болашақ ұрпақтың 
мүддесінде табиғи ресурстарды ұқыпты және ұтымды пайдалану, ел қабылдаған халықаралық 
экологиялық міндеттемелерге, оның ішінде Рио-де-Жанейро қағидаттарына, XXI ғасырға 
арналған күн тәртібіне, Йоханнесбург жоспарына және Мыңжылдық декларациясына сәйкес 
экономика ретінде айқындалады.
Тұжырымдамаға сәйкес «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі іс-шаралар келесі 
бағыттарда жүзеге асырылуда: су ресурстарын орнықты пайдалану, тұрақты және жоғары 
өнімді ауыл шаруашылығын дамыту, энергияны үнемдеу және энергия тиімділігі, электр 
энергетикасын дамыту, қалдықтарды басқару жүйесі, ауаның ластануын азайту және 
экожүйелерді сақтау және тиімді басқару.
«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамада айқындалған «жасыл 
экономикаға» көшу жөніндегі негізгі басым міндеттер мынадай: 
1) ресурстарды (су, жер, биологиялық және т. б.) пайдалану және оларды басқару 
тиімділігін арттыру; 
2) қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту және жаңа инфрақұрылым салу;
3) қоршаған ортаға қысымды жұмсартудың рентабельді жолдары арқылы халықтың әл-
ауқатын және қоршаған ортаның сапасын арттыру;
4) ұлттық қауіпсіздікті, оның ішінде су қауіпсіздігін арттыру; 
«Жасыл» экономиканың мақсатты индикаторлары, нормалары мен шаралары біздің 
еліміздің заңнамалық актілері мен бағдарламалық құжаттарында көрсетілген, олар биліктің 
барлық деңгейлері мен азаматтық қоғамның барлық салалары үшін нұсқаулық болып табылады. 
2013-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу 
тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі No 750 қаулысымен (бұдан әрі - Жоспар) бекітілген. 
2018 жылы Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму 
жоспары қабылданды (Президенттің 2018 жылғы 15 ақпандағы №636 Жарлығы). Ол 2020 
жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының орнына келді. 
«Жасыл экономика» мен қоршаған орта жаңа стратегиялық жоспар саясатының жеті 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ - ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫ Н. А. НАЗАРБАЕВТЫҢ 
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ. «Қазақстан-2050» СТРАТЕГИЯСЫ

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы 
Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығымен бекітілген.



бағытының бірі болып табылады. Бұл бағыт келесі міндеттерді қамтиды: 
- Париж келісімі шеңберінде міндеттемелерді орындау; 
- қаржыландыру көздерін анықтау, жасыл қаржыны есепке алу және инвестицияларды 
тарту; 
- «жасыл» технологияларға инвестицияларды ынталандыру; 
- экономиканы декарбонизациялау; су ресурстарын пайдалану және қорғау тиімділігін 
арттыру; 
- ЖЭК дамыту және дәстүрлі энергия көздерін жетілдіру; 
- биоалуантүрлілікті сақтау;
- қалдығы аз экономиканы дамыту;
- қалдықтарды басқару, бұл «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамаға 
толық сәйкес келеді. 
«Цифрлық Қазақстан» басқа жаңа мемлекеттік бағдарламасының мақсаты (Үкіметтің 
2017 жылғы 12 желтоқсандағы №827 Қаулысы) экономиканың негізгі секторларын 
цифрландыру болып табылады. Оны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары
қоршаған орта 
мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін құруға қолдау 
көрсетуді көздейді. Осы Мемлекеттік бағдарлама балық ресурстарының, биоалуантүрліліктің, 
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, су қорының және су шаруашылығы құрылыстарының 
автоматтандырылған мониторингін енгізу жөніндегі іс-шараларды көздейді, бірақ олар оның іс-
шаралар жоспарында айтылмаған. Бағдарламаның басым бағыттарының бірі «ақылды» 
қалалардың тұжырымдамасы болып табылады, ол бұдан басқа, жылумен жабдықтау жүйелерін 
автоматтандыруды көздейді, бұл сондай-ақ «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі 
тұжырымдамаға толық сәйкес келеді. Бұдан басқа, «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі іс-
шаралар «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдаманы іске асыруға жауапты барлық 
министрліктердің стратегиялық жоспарларына енгізілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті (бұдан 
әрі -
Статистика комитеті
)
ЭЫДҰ-ның жасыл өсу жөніндегі әдіснамасына сәйкес «жасыл» 
экономика көрсеткіштерін әзірледі және жыл сайынғы негізде www.stat.gov.kz интернет-
ресурсында жариялайды. 
2018 жылы БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының (БҰҰ ЕЭК) сарапшылары 
Қазақстан бойынша экологиялық қызметтің нәтижелілігіне Үшінші шолуды (ЭҚНШ) аяқтады. 
Осы Шолудың ұсыныстары қоршаған ортаны қорғаудың және табиғи ресурстарды 
пайдаланудың проблемалық салаларын айқындау кезінде және әрі қарайғы қызметтің 
жоспарланған бағыттарын айқындау барысында осы баяндаманы жасау кезінде кеңінен 
қолданылды. 
2017 жылы ҚР Президентінің 31 қаңтардағы №415 Жарлығымен «Қазақстан 
Республикасының дамуға ресми көмек саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 - 2020 
жылдарға арналған негізгі бағыттары» қабылданды, онда ТДМ-ға қол жеткізу міндеті қойылды, 
ал 2018 жылы ҚР Премьер-Министрі орынбасарының басшылығымен ТДМ-ны іске асыру мен 
мониторингілеуді үйлестіру үшін тоқсанына бір рет жиналатын, Қазақстанда тиісті ТДМ-ға қол 
жеткізу бойынша пікірмен алмасу және ұсынымдар әзірлеу үшін жауапты Үйлестіру кеңесі мен 
бес ведомствоаралық жұмыс тобы (Әлем; Адамдар; Планета; Гүлдену; Әріптестік) құрылды. 
ТДМ-ға қол жеткізу бойынша Қазақстанның ерікті ұлттық шолуы 2019 жылы БҰҰ 
сайтында жарияланды
3. 
Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің басшылығымен ТДМ 
индикаторларының ұлттық құрылымының жобасы дайындалды. Комитеттің веб-сайтында ТДМ 
бойынша есептілік үшін Ұлттық платформаны/парақты іске қосу бойынша жұмыс жүргізілуде. 
Дегенмен, мемлекеттік биліктің орталық органдарының лауазымды тұлғалары арасында және 
3
 
https://sustainabledevelopment.un.org/content/documents/23453KAZAKHSTAN_VNR_Kazkahstan_web_site_20
19.pdf 



қосалқы ұлттық деңгейде ТДМ туралы хабардар болу деңгейі төмен болып табылады. 
2016 жылы Қазақстан ЭЫДҰ-ның «жасыл өсу» туралы Декларациясына 4 және 
қорғасынмен байланысты тәуекелдерді қысқарту туралы декларацияға қосылды, оған сәйкес 
оларға қол қойған елдер «жасыл өсу» стратегияларын іске асыру, «жасыл» инвестицияларды 
көтермелеу және табиғи ресурстарды тұрақты басқару, сондай-ақ отынның қазба түрлеріне 
арналған субсидиялар сияқты экологиялық зиянды шараларды жою мақсатында ішкі саясатты 
реформалау жөніндегі өздерінің күш-жігері туралы мәлімдейді. Ел ЭЫДҰ-ның Экологиялық 
саясат жөніндегі комитеті мен оның қосалқы органдарының жұмысына белсенді қатысуға, озық 
тәжірибемен алмасуға және «жасыл өсудің» жеке саясатын нығайту мақсатында ЭЫДҰ-ның 
әдістемелік ұсынымдарын пайдалануға ұмтылады. 
Осы баяндаманы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі №750 
қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі 
2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына 
сәйкес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 
(ЭГТРМ) тапсырысы бойынша «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық 
жобалар орталығы» КЕАҚ (ХЖТИЖО) дайындады. Осы жоспарға сәйкес мұндай баяндамалар 
үш жылда бір рет дайындалуы тиіс және бірінші баяндамада 2014-2016 жылдар қамтылған. Осы 
баяндама 2017-2019 жылдарды қамтиды, алайда Тұжырымдаманың әрбір бағыты бойынша 
келтірілген тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу проблемаларын талдау біріншісімен 
салыстырғанда біршама толықтырылды. Осы баяндаманы жасау кезінде Қазақстан 
Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасы Энергетика 
министрлігі, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл 
шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму 
министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық 
экономика министрлігінің Статистика комитеті, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар 
мен астана әкімдіктері, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың, БАҚ-тың және өзге де 
жарияланған ақпарат көздерінің материалдарымен пайдаланылған. 
Сондай-ақ, осы баяндамада Қазақстан Республикасында оны қолдануды ескере отырып, 
енгізіліп жатқан барлық салалардағы халықаралық тәжірибенің талдауы келтірілген. 
Келтірілген болашаққа арналған жоспарлар қолданыстағы, оның ішінде 2017, 2018 және 
2019 жылдардың басында қабылданған стратегиялық және бағдарламалық құжаттармен тығыз 
байланысты, ал ұсынымдар негізінен халықаралық ұйымдар жүзеге асырған Қазақстан 
бойынша халықаралық тәжірибе мен шолуларды талдаудан туындайды. 
Ұлттық баяндаманың ауқымды ақпараттық-талдамалық материалдары орталық және 
жергілікті басқару органдарына, барлық деңгейдегі депутаттарға, жалпы халыққа, қоғамдық 
ұйымдар мен бизнеске арналған және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік, салалық 
және аймақтық бағдарламаларды іске асырудағы және өтпелі кезең тұжырымдамасының 
мақсатты индикаторларына қол жеткізудегі қызметінің жариялылығы мен ашықтығын 
қамтамасыз етеді. жасыл экономикаға бағытталған. 
Есептеу және талдау үшін Статистика комитетінің деректеріне сәйкес Қазақстан 
бойынша мынадай жалпы көрсеткіштер: 
халық саны (жыл соңына), 2017 жылы – 18157,3 мың адам, 2018 жылы – 18395,7 мың 
адам, 2019 жылы – 18632,2 мың адам. 
өндіріс әдісімен жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) 2017 жылы – 54378,9 млрд. теңге, 2018 жылы – 
61819,5 млрд. теңге, 2019 жылы – 69532,6 млрд. теңге. 
жалпы шығарылымы 2017 жылы – 4070, 9 млрд. теңге, 2018 жылы - 4474,1 млрд. теңге, 
2019 жылы – 5151,2 млрд. теңге. 

OECD. Declaration on Green Growth Adopted at the Meeting of the Council at Ministerial Level on 25 June 
2009 [C/MIN(2009)5/ADD1 / FINAL] 



өнеркәсіп өнімін (тауарын, қызметін) өндіру көлемі 2017 жылы - 22790,2 млрд. теңге, 
2018 жылы - 27218,1 млрд. теңге, 2019 жылы – 29380,3 млрд. теңге. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет