235
2018 жылы Қарағанды облысы Саран қаласында қуаты 100 МВт күн электр станциясының
құрылысы аяқталды.
Сондай-ақ, Абай ауданы, Курминское ауылында қуаты 0,5 МВт биогаз қондырғысы 2018
жылы пайдалануға берілді.
Ақтоғай ауданының Гүлшат кентінде қуаты 40 МВт және Ақадыр кентінде қуаты 50 МВт
күн электр станцияларын 2019 жылы іске қосылды.
Бұдан басқа, Кеңгір кентінде
"Казгринэнерджи" ЖШС қуаттылығы 9 МВт биоэлектрлік станцияның құрылысын бастады.
Жылу желілерінің жалпы ұзындығы 2074,4 км, электр желілері - 27884,4 км құрайды.
Белгіленген қуаты 100 Гкал/сағ дейін 63 қазандық жұмыс істейді.
Облыстағы көп қабатты
тұрғын үйлердің жылу есептегіш құралдарымен қамтамасыз етілуі 2018 жылы 86,8%-ды
құрады. Жезқазған, Сәтбаев, Приозерск,
Шахтинск, Балқаш және Абай қалаларында көп
қабатты үйлер 100% есепке алу құралдарымен жабдықталған.
2019 жылы 4,7 км магистральдық жылу желілері жаңғыртылды. Олардың жалпы
ұзындығы 1619 км, оның ішінде тозығы жеткені — 262,4 км (16,2%), ауыстыруды қажет ететіні
— 250,1 км (15,4%).
8
аккредиттелген газбен жабдықтау ұйымы облыс тұтынушыларын тұрмыстық
қажеттіліктер үшін ГРҚ, тұрмыстық баллондар және автомобиль газ құю станциялары (АГҚС)
арқылы сұйытылған мұнай газымен газбен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Сұйытылған газдың
негізгі
жеткізушілері Павлодар, Жаңажол мұнай-химия зауыттары және "Теңізшевройл"ЖШС
болып табылады. Жалпы газ өткізу 2017 жылы - 64 мың тоннаны құрады. 2018 жылы 4 АГЗС
орнатылды, АГЗС жалпы саны 141 бірлікті құрайды (2016 жылмен салыстырғанда 15%, 2016
жылы - 123 АГЗС, 2017 жылы - 137 АГЗС).
2019 жылы "Сарыарқа" магистралды газ құбырының 1061 км-нің 765 км-і Қарағанды
облысының аумағынан өтті. Қарағанды, Теміртау және Жезқазған
қалаларында газ тарату
желілерінің құрылысы жүргізілуде. Алғашқы 300 үй орталық газбен жабдықтауға қосылған. 1
млн адам, 100 елді мекен немесе 68 мың үй, 200 қазандық, 700 кәсіпорын орталықтандырылған
газбен қамтамасыз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: