2.9. Қостанай облысы Облыстың аумағы, халқы және ЖӨӨ. ЖӨӨ-дегі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының үлесі. Экономиканы әртараптандыру Облыс аумағы-196 мың км
2
. 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс халқы
875,6 мың адамды, ал 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 872,8 мың адамды құрады.
2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін ЖІӨ көлемі бойынша облыс Қазақстан өңірлері
арасында 12-орында. Елдің жалпы ішкі өнімінде облыстың үлес салмағы 2015 - 2017 жылдары
тиісінше 3,5 - 3,4% құрады. Жан басына шаққандағы ЖІӨ бойынша-11 орын.
141
2.9.1-кесте. 2015-2018 жылдардағы жалпы өңірлік өнім
Атауы
Өлшем бірлігі
2017 ж.
2018 ж.
2019 ж.
ЖӨӨ
млрд. теңге
1850,3
2069,3
2451,7
ЖІӨ ФКИ
%
104,6
105,9
104,6
Жан басына шаққандағы ЖІӨ
мың теңге
2108,9
2367,1
2815,9
Қостанай облысының өнеркәсіп өндірісінің негізгі өңірлік өнімдері темір кені өнімдері,
бокситтер, асбест, машина жасау өнімдері, ұн, кондитерлік өнімдер болып табылады.
Өнеркәсіп өндірісінің республикалық көлемінде облысқа темір кенді шекемтастар,
бокситтер, асбест өндірісінің 100% келеді.
Кен өндіру, өңдеу өнеркәсібі, электр энергиясын, газ бен суды өндіру және тарату
бойынша кәсіпорындар жұмыс істейді. Қазіргі заманғы көп салалы өнеркәсіпті комбинаттар,
зауыттар, қазіргі заманғы шағын кәсіпорындар ұсынады.
Өнеркәсіп өнімін өндірумен жұмыс істейтіндердің саны 43 мың адамнан асатын 700-ге
жуық кәсіпорын айналысады.
Статистика комитетінің деректері бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2015 жылы
449,2 млрд.теңгеден 2017 жылы 764,3 млрд. теңгеге дейін және 2018 жылы 883,4 млрд. теңгеге
дейін және 2019 жылы 1207,0 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің
көлемі 2017 жылы 244,5-тен 412,6 млрд. теңгеге дейін және 2018 жылы 459,0 млрд. теңгеге
дейін және 2019 жылы 646,0 млрд.теңгеге дейін ұлғайды.
2019 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі өнімдерін шығарудың нақты
көлем индексі 126,2% құрады. Өсу негізінен машина жасау саласында (үлесі – 37,5%) және
металлургияда (үлесі – 19,8%) өндіріс көлемін ұлғайту есебінен қалыптасты. Жеңіл
автомобильдер өндірісі – 2 есе, жүк автомобильдері 8,1 есе, он және одан да көп адамды
тасымалдауға арналған автомобильдер өндірісі 5,3 есе ("СаркаАвтоПром" ЖШС), комбайндар
өндірісі – 47,9%-ға ("Агромашхолдинг KZ" ақ), тракторлар өндірісі – 8,6 есе ("Агромашхолдинг
KZ" ақ, "Композит групп" ЖШС), өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі
алтын өндірісі – 9,7%–ға ("Варваринское" АҚ), ыстықтай илектелген шыбықтар мен өзектер –
65,0%–ға ("ЕвразКаспианСталь" ЖШС), алкогольсіз сусындар-18,4% ("Фирма Арасан"ЖШС).