Ауыл шаруашылығының өнімділігі жоғары әдістерге көшуі. Су шығынын төмендету және шығымдылығын арттыру. Органикалық ауыл шаруашылығын дамыту.
Қостанай облысында 136,6 мың га суармалы жер бар, оның ішінде: лиманды суару – 104,3
мың га; тұрақты суару – 32,3 мың га. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге бекітілген
жерлердің 4442,2 га егістігі, оның ішінде 3738,1 га жаңбырлатыа суару тәсілімен, 259,5 га
тамшылатып суару, 444,6 га атыз бойынша суарылады. Дәнді дақылдарды суару үшін тікелей
бүрку қондырғылары қолданылды, бірақ ең тиімді, үнемді әдіс тамшылатып суаруды қолдану
болып табылады.
Ылғал үнемдеуші инновациялық технологияларды енгізу, гербицидтер мен
минералды тыңайтқыштарды ұлғайту 2018 жылы 5015 мың тонна астық өсіруге және жинауға
мүмкіндік берді.
Жем-шөп дақылдарының алқабы ұлғайтылды, 2017 жылы олардың ауданы 383 мың га
құрады, бұл 2015 жылдың деңгейінен 10,6 мың га артық, дәнді дақылдар алаңы 6 мың гектарға
ұлғайтылып, 20,5 мың гектарды құрады, дәнді-бұршақты дақылдар алаңы 36,6 мың гектарға
ұлғайтылып, 65,8 мың гектарды құрады.
2015 - 2017 жылдар кезеңінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 240,2 мың
гектарға ұлғайды және 2018 жылғы 1 қаңтарға 10671,4 мың га құрады, оның ішінде егістік –
6015,0 мың га (2015 жылғы деңгейге 99,8%), шабындық – 113,6 мың га (2015 жылғы деңгейге
98,6%), жайылым – 4238,8 мың га (2015 жылғы деңгейге 98,9%).
Атап айтқанда 2017 жылы пайдаланушылардың ерікті түрде бас тартуына байланысты
алаңы 480,9 мың га, оның ішінде егістік - 48,4 мың га, шабындық - 1,9 мың га, жайылым – 417,5
мың га жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.
Энергетиканы, оның ішінде жаңартылатын энергетиканы дамыту және халықты энергиямен қамтамасыз ету. Электрмен жабдықтау. Қостанай облысында энергия тапшы. Аймақта орналасқан электр
станцияларының электр энергиясын өндіруі жалпы тұтынудың 30% -ынан аспайды (2019 жылы
облыста электр энергиясының жалпы шығыны - 4,77 млрд. КВтсағ, 2018 жылы - 4,71 млрд.
КВтсағ) және 0,95 млрд. кВтсағ құрайды. Аймақтағы электр энергиясының тапшылығы сыртқы
көздермен жабылады («Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС «Екібастұз ГРЭС-2» ЖШС).
Облыста электр энергиясын өндіруді мына ұйымдар жүзеге асырады: "ССКӨБ" АҚ
Рудный ЖЭО қуаты 267 МВт, Қостанай ЖЭО 12 МВт, Арқалық ЖЭО 4 МВт. Барлық
өндірілетін электр энергиясын энергия көздері кәсіпорындардың өз қажеттіліктері үшін
пайдаланады.
Электр желілерінің жалпы ұзындығы-29,3 мың км, соның ішінде кабельдік желілер-1501,5
км. Облыс аумағында кернеуі 35 кВ және одан жоғары 317 қосалқы станция және 4140 РП, ТП,
КТП 6-10/0,4 кВ.
Облыстың энергетиктеріне энергетикалық жабдықтың аса қатты тозуы қиындық туғызып
отыр, пайдаланылатын электр жабдықтарының тозуы 73,4% құрайды.
244
Жалпы облыс бойынша қалаларда желілердің тығыздығы жоғары. Алайда, қалалық және
ауылдық жерлер арасындағы электр және жылу желілерінің тығыздығындағы сәйкессіздікті
атап өткен жөн.
2020
жылдың 1 қаңтарына Қостанай облысының барлық елді мекендері
орталықтандырылған электр желілеріне қосылды.
Өндіріс үлесін арттыру үшін 2018 жылдан бастап «Қостанай облысы Қостанай ауданында
қуаты 50 МВт болатын Ыбырай жел электр станциясының құрылысы» жобасы іске асырылуда.
Сондай-ақ, облыста қуаты аз жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер
белсенді енгізілуде, Облыстың 5 қаласы мен 16 ауданында 200-ден астам шағын ЖЭК
объектілері (10 кВт-қа дейін) орналасқан.