247
Облыста Тобыл өзеніне (2 бірлік), Құсмұрын көліне, Қаракөл-Қояндықопа көлдерінің
жүйесіне шартты түрде таза суды төрт рұқсат етілген ағызу белгіленген. Облыстың өнеркәсіп
кәсіпорындарынан ағынды сулардың тікелей төгіндісінің
болмауына қарамастан, су
объектілерінің ауыр металдармен, сондай-ақ органикалық ластағыштармен ластануы
байқалады.
2015 жылы су объектілеріне ағызу көлемінің лимиті 0,795 млн.тоннаны, 2016 жылы –
0,399 млн. тоннаны, 2017 жылы – 0,401 млн. тоннаны құрады. Облыстың жер үсті су
қоймаларына барлық су жіберулер бақыланады. Мониторинг нәтижелері бойынша өнеркәсіптік
кәсіпорындардан су қоймаларына төгінділер нормативтік-таза болып табылады, жалпы массада
шекті рұқсат етілген төгінділерден аспайды және су қоймаларының
сапалық құрамына теріс
әсер етпейді.
Қалалардың шаруашылық-тұрмыстық ағынды сулары 30 млн. м3 көлемінде жергілікті
тазарту құрылыстарында алдын ала тазартудан өтеді. Тазартылған ағындар оқшауланған
буландырғыш жинақтағыштарға, сүзу алаңдарына түседі.
Облыстың аса маңызды экологиялық проблемаларының
бірі облыс орталығында
биологиялық тазарту станциясының болмауы болып табылады. Қазіргі уақытта қолданылатын
Қостанай қаласының ағынды суларын тазарту технологиясы өте қарапайым және 1966 жылдан
бастап пайдаланылатын жер тұндырғыштарында тек механикалық қоспалар бойынша ғана
тазартуды жүргізуге мүмкіндік береді. Қостанай қ. іс жүзінде тазартылмаған ағынды суларды
ағызу көлемі жылына шамамен 13 млн. м
3
құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: