Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет161/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

Агроөнеркәсіптік кешендегі негізгі басымдық ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта 
өңдеуді және экспорттауды ұлғайту, жоғары рентабельді, аз ылғал тұтынатын ауыл 
шаруашылығы дақылдарының үлесін ұлғайту болып табылады. 2019 жылдың қорытындысы 
бойынша ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 3185,8 мың теңгені құрады (2017 жылғы 
сәйкес кезеңнен 39,0 % артық).
Статистика комитетінің деректері бойынша 2017 жылы ауыл шаруашылығы өнімдері 
(қызметтері) 88,7 млрд.теңгеге, 2018 жылы - 103,9 млрд. теңгеге, ал 2019 жылы — 128,6 млрд. 
теңгеге, өсімдік шаруашылығының артықшылығымен (62,6%) өндірілді. 
2018 жылы облыста 184,5 мың гектар ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде 
дәнді дақылдар 94,8 мың га, майлы дақылдар 10,3 мың га, жем-шөп дақылдары 61,5 мың га, 
картоп, көкөніс және бақша дақылдары 17,4 мың га. Күріштің негізгі дақылы 86,8 мың га 
құрады. 
Егілген күздік бидайдан 7483 тонна, жаздық бидай 2695 тонна, арпа 368 тонна, дәндік 
жүгері 3849 тонна, тары 1766 тонна өнім алынды. Дәнді дақылдардың жалпы түсімі 489 583 
тоннаны құрады. 
2019 жылы 183,1 мың га егілді (оның ішінде 87,9 мың га күріш, 9,6 мың га дәнді 
дақылдар, 7,9 мың га майлы дақылдар, 60,2 мың га жемшөп дақылдары, 17,4 мың га картоп, 
көкөніс, бақша дақылдары). 2018 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы дақылдарының 
егістік алаңы 5,8 мың гектарға ұлғайды. 
Өсімдік шаруашылығы саласында 4 күріш өңдеу зауыты іске асырылды: атап айтқанда, 
Шиелі ("Бағбан Әшіров" ШҚ), Жаңақорған ("Нұрбол И" ШҚ), Қармақшы ("Жаңажол" ЖШС) 
және Жалағаш аудандарында ("Таң ЛТД"ЖШС). Сонымен қатар, Жалағаш ауданында 
"МанаМАБба" ШҚ-да оазистік суаруды көрсету жобасы іске асырылды. Сонымен қатар, 2019 
жылдың желтоқсанында облыс орталығында 2,2 га алаңда автоматтандырылған жылыжай 
кешені ашылды ("КазАгроМир" ЖШС).
Ауыл шаруашылығының өнімділігі жоғары әдістерге көшуі. Су шығынын төмендету 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет