Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет174/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

Жылумен жабдықтау. Статистика комитетінің деректері бойынша 2019 жылы облыс 
бойынша жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 579,2 км, олар коммуналдық меншікте, оның 
ішінде тозығы жеткендері — 44,1 км (7,6%), ауыстыруды қажет ететіндері — 195,3 км (33,7%), 
ауыстырылғандары — 3,1 км. 
Ақтау, Жаңаөзен және Маңғыстау қалаларында орталықтандырылған жылумен 
жабдықтау пайдаланылады. Ақтау қаласын жылумен қамту ЖЭО-1 және ЖЭО-2 "МАЭК-
Қазатомөнеркәсіп" ЖШС қамтамасыз етеді. Облыстың орталықтандырылған жылумен 
жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейі 51% құрайды.
Жаңаөзен қаласын жылумен қамту "Өзенжылу" МКК орталық қазандығы жүргізеді. 
Аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендерде жылу көзі ретінде автономды 
қазандықтар мен газ қазандары пайдаланылады. Оларды орталықтандырылған жылытуға 
ауыстыру экономикалық тұрғыдан орынсыз.
Газбен жабдықтау. Маңғыстау облысының жалпы газ тасымалдау жүйесі (бұдан әрі-МҰ) 
"Интергаз Орталық Азия" АҚ (ИОА), "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ (ҚТГА) тиесілі магистральдық 
және тарату газ құбырларынан тұрады. 
Облыстың үш қаласында газбен қамтамасыз ету 100%-ды, ал ауылдарда - 91,4%-ды (53 
АЕМ) құрайды. 
Облыс бойынша газ құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 4926 км құрайды, оның ішінде: 
магистральдық газ құбырлары - 1930,00 км; таратушы газ құбырлары - 2995,9 км. Баланс 
ұстаушылар бөлінісінде газ құбырларының желілері: магистральдық газ құбырлары: ИЦА-ға 
тиесілі - 1501,8 км; КТГА-ға тиесілі - 428,2 км; таратушы газ құбырлары: КТГА тиесілі - 2995,9 
км.


261 
"Газ және газбен жабдықтау туралы" ҚР Заңына және ҚР Үкіметінің 05.07.2012 ж. №914 
қаулысына сәйкес "ҚазТрансГаз" АҚ газ және газбен жабдықтау саласындағы бірыңғай ұлттық 
оператор болып белгіленді. Облыста бұл функцияларды "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Маңғыстау 
өндірістік филиалы (МӨФ) атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет