269
Электр желілерінің жалпы ұзындығы 17,5 мың км, оның ішінде: ВЛ-220-110 кВ – 2,7
мың км, ВЛ-35-10-0,4 кВ – 13,6 мың км, кабель желісі – 10-6-0,4 кВ – 1,2 мың км. Подстанция
саны 4349 бірлік, оның ішінде: 220-110 кВ подстанция -78 бірлік, 35-10-0,4 кВ подстанция -128
бірлік, ТП, КТП-6-10/0,4 кВ — 4143 бірлік. Орташа пайдалану мерзімі 30-35 жыл
болғандықтан, электр желілерінің орташа физикалық тозуы 58,5% құрайды.
Кернеуі 220 - 1150 кВ электр беру желілері "KEGOC" АҚ-ның балансында тұр, оларды
пайдалануды орталығы Екібастұз қаласында жүйеаралық электр желілерінің Солтүстік
филиалы жүзеге асырады. 110 кВ және одан төмен электр желілерін "Павлодар Электржелілік
Тарату Компаниясы" АҚ және "Горэлектросеть" ЖШС және "Экибастузэнерго"ЖШС
электржелілік компаниялары пайдаланады. Жыл сайын облыстың
энергия кәсіпорындары
қосалқы станциялардың электр желілері мен электр жабдықтарын қайта жаңарту, жаңғырту,
күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша инвестициялық іс-шараларды орындайды.
3 қаланы
жылумен жабдықтауды екі кәсіпорын жүзеге асырады: "Павлодар жылу
желілері" ЖШС және "Теплосервис" КМК. 2019 жылы облыстың жылу желілерінің ұзындығы –
839,2 км құрады, оның ішінде тозығы жеткені — 316,8 км (37,8%), ауыстыруды қажет ететіні —
325,2 км (38,7%).
Тозған желілердің ұзындығын азайту мақсатында облыста жыл сайын мемлекеттік
бағдарламалар шеңберінде жобалар іске асырылады, бұдан
басқа пайдаланушы ұйымдар
инвестициялық бағдарлама шеңберінде желілерде жөндеу жүргізеді.
2019 жылы "Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту" және "Нұрлы жол" мемлекеттік
бағдарламалары шеңберінде 4,8 км жылумен жабдықтау желілерін және 4 орталық жылу
пункттерін салу және қайта жаңарту жүргізілді.
Амортизациялық аударымдар мен меншікті қаражат есебінен коммуналдық кәсіпорындар
2019 жылы 24,1 км жылумен жабдықтау желілерін күрделі жөндеуден және қайта жаңартудан
өткізді.
2020 жылы «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде
және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 6 жобаны іске асыру жоспарланған.
Жобалар
шеңберінде 19,4 км жылумен жабдықтау желілерін салу, күрделі жөндеу және қайта жаңарту
жоспарлануда. Амортизациялық аударымдар мен меншікті қаражат
есебінен коммуналдық
кәсіпорындармен ағымдағы жылы 2,5 км жылумен жабдықтау желілерін күрделі жөндеуден
өткізу және қайта жаңарту жоспарланып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: