Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет187/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

ҚТҚ бойынша жалпы ақпарат
Павлодар облысының әкімдігі ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2018 жылы 117,3 мың тонна 
ҚТҚ жиналып, оның 0,12%-ы қайта өңделді. 2017 жылы жиналған ҚТҚ көлемі 426,6 мың 
тоннаны құрады, оның ішінде 0,23% қайта өңделген. 2019 жылы қалдықтарды қайта өңдеу 


275 
деңгейі 15%-ға жетті. 2018 жылы халық саны 760,5 мың адамды құрады, оның 85%-ы ҚТҚ 
жинау және шығару қызметімен қамтылды. 336 ҚТҚ орналастыру объектісінің 5-еуі ғана 
экологиялық және санитарлық талаптар мен нормаларға сәйкес келеді, бұл 1,5% құрайды.
Үш қалада құрамында сынап бар шамдарды жинауға - 200 дана (Павлодар – 160, Екібастұз 
– 30, Ақсу - 10); пластикалық қалдықтарды жинауға – 370 дана (Павлодар – 310, Екібастұз - 40, 
Ақсу-20); электрондық қалдықтарды жинауға-20 дана (Павлодар) контейнерлер орнатылды. 
Сұрыпталған қалдықтар "ПромТехноРесурсKZ" ЖШС Алматы қаласында қайта өңдеуге 
жіберіледі.
Облыста ҚТҚ кәдеге жарату және қайта өңдеуді жүзеге асыратын 10 кәсіпорын 
("Спецмашин" ЖШС, "Завод Гофротара", "ЭлектроТрансРеелто", "InterRubberRecycling", 
"Тандем-ПВ", "СпецПромСервис", "Казахстантрактор, "ЭкоГолд", ЖК "Попов", ЖК "Шарипова 
Қатира») бар.
Екібастұз қаласында "Экибастузкоммунсервис" ЖШС қуаттылығы жылына 40 мың 
тонна сұрыптау кешені пайдалануға берілді.
Ақсу қаласында "Ақсу полигоны" кәсіпорын қалдықтарды сұрыптайды (қағаз, макулатура 
және пластикалық), онда 2019 жылы ҚТҚ полигонына электр беру желілерін салу 
жоспарлануда (іске асыру сомасы 25,0 млн.теңге). 
Павлодар қаласында "Спецмашин" ЖШС қуаттылығы жылына 100 мың тоннаға дейін 
сұрыптау орталығы үшін ауданы 3,5 мың м
2
үй-жай сатып алынды.
Биологиялық ресурстардың жай-күйі және орман, балық және аңшылық 
шаруашылықтарының, ЕҚТА және экологиялық туризмнің дамуы 
Облыстың орман қорының жалпы көлемі - 478,7 мың га, оның ішінде орманмен 
қамтылғаны – 267,5 мың га. 
Республикалық мемлекеттік мекемелердің МОҚ аумағында 12,0 млн.түп көшет 
отырғызылды (БГНПП – 60,3 га алаңда 268,0 мың дана, "Ертіс Орманы" - 2,6 мың га алаңда 11,6 
млн.дана). 
Орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелерінің мемлекеттік орман қоры 
аумағында 30,4 га (135,1 мың дана) алқапта орман дақылдарын көктемгі отырғызу жүргізілді): 
- Павлодар ММ-10,4 га, Чернорецк орманшылығы, № 34 квартал (Павлодар қ.-Тереңкөл ө. 
жолының бойында); 
- Максим Горький ММ-10 га, Қашыр орманшылығы, № 27 квартал (Омбы-Павлодар 
автотрассасы бойында); 
- Өрнек ММ - 10 га, Тасты орманшылығы, № 111,114 орамы (Тасты орман саяжайы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет