Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Ауылдық елді мекендерде су тарту бойынша



Pdf көрінісі
бет184/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

Ауылдық елді мекендерде су тарту бойынша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы №767 қаулысымен 
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаға 
сәйкес "Орталықтандырылған су тартуға қол жеткізу" көрсеткіші "Халықты ағынды суларды 
тазартумен қамту" болып өзгертілді.
Әдістемеге сәйкес, халықты ағынды суларды тазартумен қамту көрсеткіші ауылдық елді 
мекендердегі халықтың жалпы санынан есептеледі.
Облыста ағынды суларды тазартумен 5 ауылдық елді мекен қамтылған, бұл халық 
бойынша 3,3% немесе 7,4 мың адамды құрайды (ауыл халқының жалпы саны 221,9 мың адам): 
- Мойылды ауылы, Павлодар қ., салынған жылы 1970 ж., ұзындығы 0,7 км., сүзу алаңы
бар;
- Достық ауылы; Ақсу қ., салынған жылы 1979 ж., ұзындығы 35 км., КСС – 1 дана., 
- Қалқаман ауылы, Ақсу қ., салынған жылы 1968 ж., ұзындығы 12 км., КСС – 2 дана.,
- Баянауыл ауданы Майқайың кенті, тоған-жинақтаушы;
- Шарбақты ауданының Шарбақты ауылы, салынған жылы 2014 ж, ұзындығы 8,2 км., КСС 
бар.
Қоршаған ортаның жай-күйі, ауа мен судың ластану көлемінің қысқаруы.
2017 — 2019 жылдары стационарлық желінің бақылау деректері бойынша Павлодар 
қаласының атмосфералық ауасының ластану деңгейі төмен деп бағаланды. ИЗА 2 - 5 (төмен 
және жоғарылау (2018 жылы) деңгей), СИ = 2 - 5 (жоғарылау және жоғары деңгей) және НП = 1 
- 4% (жоғарылау деңгей) құрайды.
Екібастұз қаласының атмосфералық ауасының ластану деңгейі төмен деп бағаланды. 
ИЗА 2017 және 2019 жылдары 3 (төмен деңгей) және 2018 жылы ИЗА+7 (төмен және жоғары 
деңгей), СИ = 1,4 - 6 (жоғарылау және жоғары (2018 жылы) деңгей) құрайды, НП мәні = 0 - 2% 
(жоғарылау деңгей).
Ақсу қаласының атмосфералық ауасының ластану деңгейі төмен деп бағаланды. ИЗА 1 
- 5 (төмен және жоғарылау (2018 жылы) деңгей) құрады. СИ = 1,8 - 4 (жоғарылау деңгей), НП = 
0% (төмен деңгей).
Тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында атмосфералық ауаның жай-күйі туралы 
ағымдағы ақпарат облыс қалаларындағы LED-экрандарда көрсетіледі. Павлодар қаласында 6 
экран орнатылған (Естай көшесі - Н.Назарбаев даңғылы, А.Сәтбаев-Кривенко, Н. Назарбаев – 
Лермонтов даңғылы, теміржол вокзалында және әуежайда) және Екібастұз қаласындағы 1 экран 
(М.Жүсіп-М. Әуезов көшелерінің қиылысында). Посттардағы деректер әр 12 минут сайын 
кезеңділікпен және 1 минут трансляция ұзақтығымен таратылады. Әрбір зат бойынша 
концентрация деңгейін мг/м
3
және рұқсат етілген шекті концентрацияға қатысты қарауға 
болады (түс шкаласы бойынша: 0-1 ШРК – төмен деңгей; 1-5 –жоғары деңгей; 5-10 – жоғары 
деңгей; 10 ШРК–дан астам-өте жоғары деңгей). 
Қоршаған ортаға ластаушы заттар эмиссиясының жалпы массасынан жылу энергетикасы 
кәсіпорындарының үлесі 64%, қара металлургия 16%, түсті металлургия 7% және мұнай өңдеу 
4%. 
2018 жылдың 12 айында атмосфераға жалпы шығарындылардың көлемі облыс әкімдігінің 
деректері бойынша 980,2 мың тонна лимит кезінде 716,2 мың тоннаны құрады (2.12.1-кесте). 
2.12.1-кесте. Стационарлық көздерден зиянды заттардың шығарындылары.
Облыстардың атауы 
Зиянды заттардың шығарындылары, мың тоннамен 
2017 жыл 
2018 жыл 
2019 жыл 
лимит 
дерек
лимит 
дерек
лимит 
дерек
Павлодар
968,511 
618,14 
980,2 
716,2 
986,4 
721,5 
Павлодар облысы әкімдігінің деректері бойынша 
Оның ішінде 1-санат бойынша облыстың ірі кәсіпорындарының үлесіне 85 - 86% келеді, 
қалған II, III, IV санаттағы объектілерге шамамен 14-15% келеді.


272 
2016 жылға дейін шығарындылардың төмендеуі, содан кейін облыстың жылу 
энергетикалық кәсіпорындарында электр энергиясын өндірудің артуы себебінен өсу болды, 
мысалы: 
- "Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС 2018 жылы өткен жылмен 
салыстырғанда 29,2%-ға артық электр энергиясын өндірді (14.797 млрд. кВт.сағат және 19,121 
млрд.кВт.тиісінше атмосфераға шығарындылар көлемі 56,2 мың тоннаға немесе 37,3%-ға (150,5 
мың тоннадан 206,7 мың тоннаға) ұлғайды.);

"Қазақстан алюминийі" АҚ-да атмосфералық ауаға ластаушы заттардың 
шығарындылары 33,98 мың тоннаны немесе 60% (56,753 мың тоннадан 90,74 мың тоннаға 
дейін) құрады. Бұдан басқа, Сазбалшық өндірісі 28061 тоннаға немесе 1,9% артты (1480991,0 
тоннадан 1509051,90 тоннаға дейін). 
2018 жылы облыстың ірі өнеркәсіп кәсіпорындарымен табиғат қорғау іс-шараларын 
орындауға 9,5 млрд. теңге игерілді, жоспар бойынша 6,3 млрд. теңге, оның ішінде аса 
маңыздылары: 
- "Богатырь Көмір" ЖШС-не 1,2 млрд. теңге жоспармен "Екібастұз" кен орнында аршу 
жыныстарын салу арқылы пайдаланылған учаскелерді қалпына келтіруге 3,4 млрд. теңге 
жұмсалды.;
– Ақсу ферроқорытпа зауыты - "Қазхром "ТҰК" АҚ филиалы 2,6 млрд.теңге жоспар 
бойынша 2,8 млрд. теңге игерілген, оның ішінде 2,3 млрд. теңге феррохром шлактарын өңдеуге 
981802 тонна, ол оны ұсату және металл, қайта өңдеу және өндіріске қайтару үшін өнімдер 
және бірнеше фракциялы қиыршық тас алуға негізделген.
Сондай-ақ, кәсіпорындарда жұмыс 2019 жылы да жалғасты. Мысалы, Павлодар алюминий 
зауытында тозаң шығарындыларын 13%-дан астам төмендету жоспарланған экологиялық әсері 
бар жентектеу цехының пештеріндегі қолданыстағы электр сүзгілерін кезең-кезеңімен 
ауыстыру бойынша жұмыстар басталды. Ақсу ферроқорытпа зауытында № 4 цехтың газ 
тазалағыштарын қайта құру бойынша жұмыстар басталды (жоба 5 жылға есептелген, 
экологиялық әсері – жылына 180 т шаң шығарындыларын азайту). 
Облыс әкімдігі жасаған меморандум аясында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар атмосфералық 
ауаны бақылаудың автоматтандырылған станцияларын орнату бойынша жұмыстар жүргізуде. 
Қалған кәсіпорындар бойынша мониторингтің ұқсас жүйелерін енгізу 2020 жылдан бастап 
кезең-кезеңімен жоспарланған. 
Ішінара ауаның ластануы көгалдандырумен өтеледі. 2019 жылы Павлодар қаласының № 1 
автожолының бойында 5000-ға жуық өтемдік ағаштар отырғызылды. 2020 жылы күзде 650 дана 
ағаш пен бұтаны өтем түрінде отырғызу жоспарлануда. 
2020 жылы жасыл қорды күту жұмыстарына 204 млн. теңге бөлінді, жасыл желектерді 
суару жиілігі бір маусымда 10 рет. 
"Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС 2020-2024 жылдарға арналған кәсіпорынның СҚА 
көгалдандыру жобасын әзірледі, оның шеңберінде 64,2 га алаңда 17000 ағаш көшеттерін кезең-
кезеңмен отырғызу жоспарлануда, оның ішінде 2020 жылға 3400 көшет отырғызу 
жоспарланған. 
СҚА жайластырудың ұқсас жобаларын Ақсу ферроқорытпа зауыты (2020 жылдан 2025 
жылға дейін 3000 ағаш отырғызу, 2028 жылға дейін күту жұмыстарымен), "Каустик" АҚ (2021-
2031 жылдар аралығында жыл сайын 14,71 га алаңда 300-400 бірліктен отырғызу), 
"Майқайыңалтын" АҚ (2021-2031 жылдар аралығында жыл сайын 14,71 га алаңда 300-40 
бірліктен отырғызу), "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ әзірледі. (жыл сайын 2000 бірліктен), 
"Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС Б. Нұржанова " (жыл сайын 500 бірліктен). 
Павлодар облысының аумағында жер үсті суларының ластануын бақылау 4 су 
объектісінде (Ертіс және Усолка өзендері, Джасыбай, Сабындыкөл көлдері) жүргізілді.
Ластаушы заттар төгінділерінің нақты көлемі (негізгі кәсіпорындар - Су Арнасы МКК, 
Ақсу Су Арнасы МКК, Екібастұз су арнасы МКК) салыстырмалы түрде тұрақты болып қалвп 
отыр (2.12.2-кесте).


273 
2.12.2-кесте - Өнеркәсіптік және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды төгудің нақты 
көлемі
Төгінділердің нақты көлемі туралы ақпарат
2017 ж. 
2018 ж. 
2019 ж. 
Өнеркәсіптік төгінділер
Су тарту көлемі, мың м3
1956656,7 
1999503,3 
1 846 975 
Ластаушы заттардың көлемі, мың 
тонна 
Шаруашылық-тұрмыстық 
ағынды сулар
Су тарту көлемі, мың м3
4285,5 
4258,7 
4 067 
Ластаушы заттардың көлемі, мың 
тонна 
18,486 
28,23 
29,7 
Авариялық және
рұқсат етілмеген
төгінділер
Су тарту көлемі, мың м3


Ластаушы заттардың көлемі, мың 
тонна 
Барлығы (жоғарыда 
аталған барлық төгінділер)
Су тарту көлемі, мың м3
1960942,2 
2003762,0 
1851042 
Ластаушы заттардың көлемі, мың 
тонна 
18,486 
28,23 
29,7 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет