Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Энергетиканы, оның ішінде жаңартылатын энергетиканы дамыту және халықты



Pdf көрінісі
бет192/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

Энергетиканы, оның ішінде жаңартылатын энергетиканы дамыту және халықты 
энергиямен қамтамасыз ету. 
Солтүстік Қазақстан облысының энергетикалық кешенінде "СЕВКАЗЭНЕРГО" 
компаниялар тобы, "Көкшетау Энерго" ЖШС жұмыс істейді.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ (ЖЭО-2) - Петропавлдағы жылу энергиясының және Солтүстік 
Қазақстан облысының сегіз ауданы мен Петропавл қаласының электр энергиясының негізгі 
көзі. 
Станцияның белгіленген электр қуаты 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 541 
МВт, жылу қуаты 713 Гкал/сағ. Станция Екібастұз көмірінде жұмыс істейді. Көмірге жылдық 
қажеттілік 3,1 млн. тоннаны, мазутқа 3 мың тоннаны құрайды. 
2019 жылы "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ 2-ЖЭО жабдықтарын жөндеуге, қайта жаңартуға және 
жаңғыртуға 5,4 млрд.теңге бағытталды. Жылу қуатын беру схемасын қайта жаңарту 
(техникалық құбыр өткізгіштерді, сорғы станциясының жабдықтарын, ЦТРП жабдығын сатып 
алу, монтаждау және оқшаулау), отын беруді жаңғырту жалғастырылды, № 6 
автотрансформатор сатып алынды. Осы іс-шараларды өткізу 1,2 млн. кВтсағ электр энергиясын 
үнемдеуге және энергиямен жабдықтаудың сенімділігі мен параметрлерін ұлғайтуға мүмкіндік 
береді. 
Петропавл 2 - ЖЭО электр энергиясын өндіру 2018 жылы 3211 млн. кВт.с, жылу – 1893 
мың кВт.с құрады.
"Солтүстік Қазақстан ТЭК" АҚ Петропавл қаласы және облыстың сегіз солтүстік 
аудандары (Аққайың, Есіл, Жамбыл, Қызылжар, Мамлют, М. Жұмабаев, Тимирязев, Шал ақын) 
үшін электр энергиясын тасымалдау мен бөлуді жүзеге асырады.
Облыс бойынша "Солтүстік Қазақстан ТЭК" АҚ электр энергиясын беру желілерінің 
ұзындығы 13299 км құрайды, қосалқы станциялар саны - 2411 дана. "Солтүстік Қазақстан ТЭК" 
АҚ желілеріндегі электр энергиясының шығындары 2016 жылғы 90,5% деңгеймен 
салыстырғанда 2018 жылы 8,39% құрады. Нормативтен тыс шығындар жоқ. Электр желілерінің 
тозуы 2018 жылы 5%-ға төмендеді және 64,8%-ды құрады (2016 жылы 69,8%). 
2018 жылы инвестициялық бағдарлама аясында "Солтүстік Қазақстан ТЭК" АҚ 1,2 мың 
электрмен жабдықтау желісі мен 138 қосалқы станцияға күрделі жөндеу және қайта жаңарту 
жүргізілді, мұның өзі электрмен жабдықтаудың сенімділігіне, сондай-ақ өткізу қабілетін 
арттыруға және электр энергиясының жаңа тұтынушыларын қосуға оң әсер етеді. 
2019 жылы электрмен жабдықтау желілерін жөндеуге және қайта жаңартуға 1,68 
млрд.теңге бағытталды. 1033 км желіге, 111 қосалқы станцияға күрделі жөндеу жүргізілді. Бұл 
ретте 0,4-10 кВ ЭБЖ, Петропавл қ. № 3 қосалқы станцияны қайта жаңарту орындалды, АСКУЭ 
енгізу жалғастырылды. "Новомихайловка-құю" 110 кВ ЛЭП құрылысы жүргізілуде. Бұл ЛЭП 
"Сибирь", "Новомихайловка" және "Литейная" қосалқы станцияларын қосады, бұл "СКРЭК" ақ 
тұтынушыларының және ЮУЖД тартымдық қосалқы станциялардың сенімділігін арттырады, 
сондай-ақ тұтынушыларға электр энергиясының толық жіберілмеуін төмендетуге мүмкіндік 
береді. 
"Көкшетау Энерго" ЖШС Солтүстік Қазақстан облысының бес оңтүстік ауданында электр 
энергиясын беруді және бөлуді жүзеге асырады (Айыртау, Ақжар, Ғ. Мүсірепов ат., Тайынша, 
Уәлиханов). Кәсіпорынның теңгерімінде 10,47 мың км әуе және кабельдік электр беру желілері, 
1749 қосалқы станциялар мен трансформаторлық пункттер бар. "Көкшетау Энерго" ЖШС 
желілеріндегі электр энергиясының шығындары 2018 жылы 17,79% құрады, бұл 2016 жылғы 
деңгейден 0,5%-ға төмен (18,29%). Нормативтен тыс шығындар жоқ. Электр желілерінің тозуы 


279 
2018 жылы 4,1 пайыздық пунктке төмендеді және 52,3% құрады (2016 жылы – 56,4%). 2019 
жылы жөндеу және қайта жаңартуға 559,5 млн.теңге бағытталды. 2019 жылы жөндеу және 
қайта жаңартуға 559,5 млн.теңге бағытталды. 730 км желіге, 97 подстанцияға күрделі жөндеу 
жүргізілді. 
Солтүстік Қазақстан облысында баламалы көздерден қуаты 2,26 МВт Сергеев ГЭС бар. 
"Қазақтелеком" АҚ облыстың екі ауданында өндірістік объектілерді резервтік электрмен 
жабдықтау үшін Ақжар және Уәлиханов аудандарында жиынтық қуаты 9,4 кВт үш жел 
толқынды электр кешені орнатты. 2012 жылы Новоникольское ауылында "Зенченко и К" 
командиттік серіктестігі өз қаражаты есебінен жалпы қуаты 1,5 МВт (2×750кВт) екі жел электр 
станциясын орнатты, сондай-ақ 2015 жылдың 1 тоқсанында қуаттылығы 1 МВт-тан 
германиялық "NEG MICON" фирмасының екі жел энергетикалық қондырғысы іске қосылды. 
2017 жылы Айыртау ауданында "Миллениум" және "Магзум" шаруа қожалықтары, 
"Байшагиров" ЖК және "Алдонгаров" ФХ өз қажеттіліктері үшін күн батареяларын енгізді.
2018 жылы облыста жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша 26 жаңа нысан 
енгізілді, оның ішінде сабанмен жұмыс істейтін 22 қазандық және Петропавл қаласында күн 
панелімен жұмыс істейтін 4 мобильді құрылғыларды зарядтау станциясы. 
Барлығы 2018 жылы жаңартылатын энергия көздерімен электр энергиясын өндіру 20,7 
млн. кВт құрады, бұл 2017 жылға қарағанда 1%-ға артық (20,5 млн. кВт.сағ). Электр энергиясын 
өндірудің жалпы көлемінде ЖЭК объектілерімен электр энергиясын өндіру үлесі 0,65% құрады. 
2018 жылы жаңартылатын энергия көздері бойынша аукциондық сауда-саттықтың 
енгізілген жүйесі шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысында жалпы қуаты 52 МВт жел электр 
станцияларын салу бойынша "EnergoTrust" ЖШС және "Иван Зенченко" ЖШС жобалары 
жеңімпаз болып анықталды. 
2019 жылғы 8 қазанда "Иван Зенченко" ЖШС 2 жел генераторы пайдалануға берілді. 2019 
жылдың соңында облыста жалпы қуаты 58 МВт жаңартылатын энергияны пайдалану бойынша 
151 объект бар (Сергеев ГЭС — 2,26 МВт, жалпы қуаты 3,5 МВт "Зенченко и К" КС 4 жел 
генераторы, "Иван Зенченко" ЖШС 2 жел генераторы — 2 МВт, 105 биоқазандық — 50 МВт). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет