44
құрылды және жұмыс істейді;
5) қажетті кадрларды даярлау және ғылымды дамыту үшін осы бағытта 18 энергия
үнемдеу оқу орталығы ашылды. 500-ден астам маман дайындалды;
6) елдегі энергия үнемдеудің барлық процестерін әзірлейтін және үйлестіретін жүйелік
оператор ретінде Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты құрылды;
7) энергия тиімділігі нарығында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру
саласындағы қызметпен 159 энергия аудиторлық ұйым айналысады, 350-ден астам энергия
аудиторы аттестатталды;
8) халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Германия мен Жапонияның алдыңғы қатарлы
тәжірибесі қабылданып, Неміс энергетикалық агенттігі және Жапонияның энергия тиімділігі
орталығы (102 маман Жапонияда оқу курсынан өтті) арқылы қабылдануда, ДБ, ЕҚДБ, БҰҰДБ,
АДБ-мен бірлескен жобалар іске асырылуда;
9) ДАМУ Қоры және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму
министрлігі БҰҰДБ қолдауымен қаржылық ынталандыру және қолдау шаралары арқылы
энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жобаларын қолдаудың институционалдық
негізін құрды;
10) Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы
(ХЖТИЖО) энергия тиімділігі мәселелерін қамтитын ең жақсы қолжетімді технологияларды
(ЕҚТ) енгізумен айналысады.
Достарыңызбен бөлісу: