39
Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің барлық түрлеріне, атап айтқанда, өндірістік,
дайындау және қайта өңдеу кәсіпорындарына жан-жақты қолдау көрсетілетін болады. Қазіргі
заманғы технологияларды енгізу үшін халықаралық мамандарды тарта отырып және
жергілікті ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді оқытумен модельдік фермалар
желісі құрылатын болады. Су және жер ресурстарын тиімді басқару және шөлейттенуге қарсы
күрес
жөніндегі
геоақпараттық
жүйелер
жаппай
қолданыс
табатын
болады.
Технологиялардың тиімді трансферті және аграрлық ғылымды дамыту мақсатында отандық
ауыл шаруашылығы ҒЗИ мен жоғары оқу орындарының халықаралық ғылыми
қоғамдастықпен өзара іс-қимылы жандандырылатын болады, оның негізгі міндеттері асыл
тұқымды гендік қорды дамыту, өсімдік шаруашылығындағы репродуктивтілікті арттыру,
егіншілікті дамыту, сондай-ақ ресурс тиімділігін арттыру болады. Саланы білікті
мамандармен қамтамасыз ету, АӨК-де озық білім мен үздік тәжірибені тарату үшін аграрлық
университеттердің рөлі қайта қаралатын және оларда оқыту бағдарламалары жаңартылатын
болады. Ауыл шаруашылығы өндірісінің экспорттық әлеуетін дамытудың перспективалы
бағыты органикалық өнім өндірісі, оның ішінде оны дамыған елдерге экспорттау болады.
Органикалық өнім өндірісін сертификаттаудың жеке жүйесі енгізілетін болады,өнім сапасын
анықтау жөніндегі мамандандырылған зертханалар дамытылады.
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына
сәйкес 5 жыл ішінде (2017 - 2022 жж.) АӨК-дегі еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл
шаруашылығы өнімдерін экспорттауды кемінде 2,5 есе ұлғайту негізінен АӨК-ні
цифрландыру есебінен қамтамасыз етілетін болады.
АӨК цифрландыру шеңберінде республика бойынша кемінде 20 цифрлық ферма және
4000 озық ферма құрылады және процестер мен мемлекеттік қызметтерді 100%
автоматтандыру қамтамасыз етіледі. Цифрландыру фермерге және оның қызметін басынан
бастап сатуға дейін жеңілдетуге бағдарланатын болады. АӨК Мемлекеттік бағдарламасына
сәйкес іс-шаралар есебінен ЖІӨ 3 трлн теңгеден астам өсімі жоспарланып отыр, онда АӨК
цифрландыру әсері 30% немесе 1 трлн. теңге.
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 15 шілдедегі кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде ҚР
Президенті Қ.К.Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрлігі жүргізген ауыл шаруашылығы
жерлерін түгендеу 16,5 млн.га пайдаланылмайтын алқаптарды анықтағанын және бұл
проблеманың бір бөлігі ғана екенін атап өтті. «Үкіметке барлық ауыл шаруашылығы
жерлеріне аудит жүргізуді және жер кадастрының ақпараттық жүйесін цифрлауды
тапсырамын. Жер - өндірістің басты факторы. Бұл мәселеде тиімділік пен ашықтық жоқ
болғандықтан, ауыл дамымай отыр. Біз мұның күрделі жұмыс екенін түсінеміз. Мұнда ауыл
шаруашылығы және цифрлық даму министрліктерінің үйлесімді өзара іс-қимылы қажет. Бұл
жұмысты келесі жылдың соңына дейін аяқтау маңызды. Нормативтік және іс жүзінде ауыл
шаруашылығы жерлерінің тиімді пайдаланылуына бақылауды күшейту қажет. Жер жұмыс
істейтіндерге тиесілі болуы керек. Үкімет, атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрлігі
жерді ұтымды пайдалану мониторингіне кірісті. Бұл жұмысты аяғына дейін жеткізу керек.»
41
Достарыңызбен бөлісу: