Қысқаша түйіндеме (қорытынды)
Қазақстан Республикасының 2017-2019 жылдары «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі
тұжырымдаманың іске асырылуын талдау БҰҰ Бас Ассамблеясы 2015 жылғы 25 қыркүйекте
қабылдаған 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Тұрақты даму саласындағы күн тәртібіне
сәйкес Тұжырымдамада айқындалған бағыттардың маңыздылығы мен дұрыстығын, Қазақстан
Республикасының белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізуі және тұрақты дамуы жолындағы
қозғалысты жеделдету мүмкіндігін дәлелдеді. Белгіленген мерзімде барлық мақсаттарға қол
жеткізу ықтималдығы жоғары.
2017-2019 жылдары негізгі көрсеткіштер бойынша келесі нәтижелерге қол жеткізілді.
Қазақстан ел өңірлері бойынша су ресурстарыныңтабиғи әркелкі таралғанын және суы
бар жерлерден тыс жерлерде қалыптасатын су ресурстарына деген жоғары тәуелділікті ескере
отырып, су ресурстарын басқару саясатына үлкен көңіл бөледі. Мұндай саясаттың негізгі
бағыттары ең жоғары саяси деңгейде белгіленеді және кейіннен стратегиялық бағдарламалық
құжаттар мен су заңнамасында көрініс табады.
Стратегиялық құжаттарда су пайдаланудың тиімділігін арттыруға, суды қайта және
айналымдық пайдалануды кеңейтуге, жаңа су қоймаларын салу арқылы су қорларын
жинақтауға арналған қуаттарды арттыруға және халықты сумен жабдықтау және кәріз
жүйелерімен қамтуды кеңейтуге қатысты су секторы үшін нақты нысаналы бағдарлар
белгіленген.
«Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасында халықты (2020 жылы) және ауыл
шаруашылығын (2040 жылы) тұрақты сумен қамтамасыз ету бойынша мақсаттар белгіленген,
ал 2050 жылға қарай су ресурстарына қатысты барлық проблемаларды шешу қажет.
Бассейндер деңгейінде су ресурстарының тапшылығы проблемасы тұтастай алғанда 2025
жылға қарай, ал әрбір бассейн бойынша жеке — жеке 2030 жылға қарай шешілуі тиіс.
Орталық
сумен
жабдықтау
жүйесімен
тұрақты
қамтамасыз
етілген
су
пайдаланушылардың үлесі қалаларда 2013 жылғы 55%-дан 2017 жылы 93,8%-ға дейін және
2019 жылы 97,0%-ға дейін өзгерді, ауылдық елді мекендерде 2013 жылғы 11%-дан 2017 жылы
57,4%-ға дейін және 2019 жылы 62,0%-ға дейін ұлғайды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша
қалаларда – 97,5%, ауылдарда – 86,4% халықты сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз
ету жоспарлануда.
323
Су тарту жүйелерімен қамтамасыз етілген халықтың үлесі қалаларда 2013 жылғы 50%-
дан 2017 жылы 88,0%-ға дейін ұлғайды, бірақ кейіннен 2019 жылы 70,5%-ға дейін төмендеді
(төмендеу бірқатар елді мекендердің Алматы мен Шымкентке қосылуы есебінен болды),
ауылдық елді мекендерде 2013 жылғы 11%-дан 2017 жылы 20%-дан астам өсті, бірақ кейіннен
2019 жылы 8,8%-ға төмендеді.
Халық санының көбеюі және экономиканың біртіндеп өрлеуі суға деген қажеттілікті
арттыратын болады.
Перспективада экономика салаларын сумен қамтамасыз ету жерүсті өзен сулары
есебінен 84%–ға, қалған көлемі-жерасты және шахта-кеніш, теңіз, көл және сарқынды сулар
есебінен жүзеге асырылатын болады.
Су ресурстарын пайдалануды және қорғауды реттеу кезінде суға ұсыныс пен сұранысты
басқару мақсатында су пайдаланудың ұзақ мерзімді лимиттері белгіленген, олар республика
бойынша жыл сайын тұтастай алғанда 28,3 км
3
құрайды. Су ресурстарын ықтимал
пайдаланудың осы көлемдері су жүйелерінің тозуына жол бермеуді ескере отырып
айқындалған.
Суды үнемдеу шаралары ретінде су пайдалануды нормалау жөніндегі ережелер енгізілді.
Экономиканың жекелеген салалары үшін су тұтынудың ірілендірілген нормалары әзірленді,
олар ел тұрғысында су ресурстарын пайдалануды жоспарлау жөніндегі міндеттерді шешуге
арналған. Су тұтынудың ірілендірілген нормаларының негізінде су пайдаланушылар су
тұтынудың үлестік нормаларын әзірлейді, олардың негізінде оларға су ресурстарын
пайдалануға рұқсат беріледі.
«Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасында Қазақстанның ауыл шаруашылығының
алдына өршіл мақсаттар қойылады: 2020 жылы-еңбек өнімділігін 3 есеге арттыруға қол жеткізу,
бидайдың өнімділігін 1,4 т/га дейін арттыру, суаруға су шығынын 450 м
3
/т дейін төмендету.
Ауыл шаруашылығындағы еңбектің жалпы өнімділігі 2016 жылы 2012 жылмен
салыстырғанда 2,3 есеге, 2017 жылы 2,83 есеге, 2018 жылы 3,39 есеге, ал 2019 жылы 4,03 есеге
ұлғайды.
Бидай өнімділігі 2017 жылы 1,24 т/га дейін, 2018 жылы 1,23 т/га дейін төмендеді, ал
қолайсыз 2019 жылы 1,01 т/га дейін төмендеді. Қант қызылшасы (өнімділіктің 6,3%-ға өсуі),
мақта (1,3%-ға), картоп (2,8%-ға), ашық жерлерге отырғызылатын көкөністер (1,3%-ға) үшін
анағұрлым өнімді жыл болды.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі экономиканың басқа
секторларынан артта қалып отыр, ал негізгі дақылдардың өнімділігі дамыған мемлекеттердің
көрсеткіштерімен салыстыруға келмейді (мысалы, бидай өнімділігі 2015 жылы 1,33 т/га құрады,
орташа әлемдік көрсеткіш 3,75 т/га) . Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы суды көп қажет
ететін сектор болып табылады, сонымен қатар оны тасымалдау мен пайдалану кезінде судың
шығыны көп. Нәтижесінде Қазақстандағы ауыл шаруашылығы инвестициялар үшін тартымсыз
болып табылады және қаржыландырумен байланысты қиындықтарды бастан кешуде, бұл орын
алып отырған проблемаларды одан әрі тереңдете түсуде.
2018 жылы суаруға арналған су шығыны гектарына 8209 м
3
құрады, бұл гектарына 8223
м
3
жоспарлы мәннен аспайды. Су және өзге де ресурстарды тұтынуды азайту міндетін шешу
ауыл шаруашылығы алқаптарының басым бөлігінде су мен ресурсты үнемдейтін
технологияларды енгізу арқылы жүзеге асырылады.
ҚР-да суармалы жерлердің жалпы ауданы 1991 жылы 2379,5 мың гектарды, 2000 жылы -
2228,3 мың гектарды, 2017 жылы - 2181,0 мың гектарды, 2018 жылы-2203,1 мың гектарды
құрады.
166
1991 - 2017 жылдардағы суармалы жер алаңдарының динамикасын қарай отырып,
Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік
Қазақстан облыстарында суармалы жер алаңдарының неғұрлым жоғары дәрежеде азаю үрдісі
байқалады. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысында суармалы
жерлердің жыл сайынғы өсімі байқалады.
166
2018 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ
ТУРАЛЫ ЖИЫНТЫҚ ТАЛДАМАЛЫҚ ЕСЕП. ҚР АШМ. Жер ресурстарын басқару комитеті. 2019 ж
324
«Қазақстан-2050» стратегиясы мен Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға»
көшуі жөніндегі тұжырымдамада жалпы электр энергиясын өндіруден 2020 жылға қарай
жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 3%-ға, 2030 жылға қарай 10%-ға және 2050 жылға
қарай 50%-ға жеткізу деген өршіл мақсаттар қойылады.
Электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК үлесі 2018 жылы 1,3%-ды
құрады. Бұл жалпы қуаты 531 МВт болатын қолданыстағы 67 ЖЭК объектісімен қамтамасыз
етілді (ГЭС – 200,25; ЖЭС – 121,45; КЭС – 209; биогаз қондырғысы – 0,35). ЖЭК
объектілерінің электр энергиясын өндіруі 1,35 млрд. кВт сағ (2017 жылға қарай 115%).
2019 жылы «жасыл» энергия 2018 жылмен салыстырғанда 77,8% арттырыла отырып
2,4 млрд. кВт сағ. өндірілді. Электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК үлесі-2,3%.
2019 жылы 21 ЖЭК нысаны пайдалануға берілді. ЖЭК жобалары бойынша тартылған
инвестициялардың жалпы көлемі 613 млн. АҚШ долларын құрады, ал ЖЭК объектілерінің
жалпы саны 1050,1 МВт жиынтық қуатымен 90-ға жетті.
2018-2019 жылдары жалпы қуаты 1205 МВт ЖЭК жобалары үшін алғашқы халықаралық
аукциондық сауда-саттық табысты өткізілді. Сауда-саттыққа 12 елден 138 компания қатысты:
Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия, Германия, Франция, Болгария, Италия, БАӘ, Нидерланды,
Малайзия, Испания. Қойылған 1205 МВт аукциондық сауда-саттыққа қатысушылар белгіленген
қуаты 3893,52 МВт жобаларды іске асыруға өтінімдер ұсынды, бұл сұраныстан 3,2 есе асып
түсті. Осы сауда-саттықта жел электр станцияларына (ЖЭС) тарифтер аукционға
қатысушылардың өтінімдері бойынша орта есеппен 10,6%-ға, шағын су электр станцияларына
(ГЭС) 14,5%-ға, күн электр станцияларына (СЭС) 34,7%-ға төмендеді. Мәселен, Түркістан
облысы Шәуілдір кентінің маңында белгіленген қуаты 50 МВт күн электр станциясын салу
үшін инвесторды таңдау аукционын өткізу кезінде бағасы - 12,49 тг/кВт сағ., шамамен 3,2
цент АҚШ долларын құрайтын «Arm Wind» ЖШС компаниясы аукциондық сауда-саттықтың
жеңімпазы болды. Бұл тариф Қазақстандағы күн энергетикасы нарығында рекордтық төмен
тариф болып табылады. Бұл тариф Қазақстандағы күн энергетикасы нарығында рекордтық
төмен тариф болып табылады.
Аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша 30 компания жиынтық қуаты 804,3
МВт ЖЭК электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен 15 жылға және жиынтық қуаты 162,89
МВт ЖЭК-пен келісімшартқа қол қою сатысында 12 компания келісімшартқа қол қойды.
Елді газдандыру белсенді жүргізілуде. Осылайша, 2018 жылдың қорытындысы бойынша
халықты газдандыру деңгейі 49,68%-ға жетті (шамамен 9 млн.адам), ал 2020 жылға дейін
газдандыру деңгейі бойынша 50%-дық межеден өту жоспарланған болатын. Елді
газдандырудың нақты жалпы деңгейі 2019 жылы халықтың жалпы санының 51,47%-ын (9,5
млн. адам) құрады.
Тұжырымдамада 2020 жылы Ақмола және Қарағанды облыстарын, 2030 жылға қарай
солтүстік және шығыс облыстарды газдандыру міндеті қойылған.
Халықты газдандырудың ең жоғары деңгейіне Маңғыстау, Атырау облыстары мен
Алматы қаласында қол жеткізілді (шамамен 100%). СҚО, Қарағанды, Ақмола, Павлодар
облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы газдандырылмаған күйінде қалып отыр.
Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамада
қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 2030 жылға қарай 40%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға дейін
жеткізу, 2030 жылы халықты ҚТҚ шығарумен 100% қамту, 2030 жылға қарай 95% қоқысты
санитарлық сақтау көзделген.
Қазақстандағы өнеркәсіптік кәсіпорындар өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеуді
арттыру және қайта пайдалану бойынша айтарлықтай күш салуда. Қайта өңделген және кәдеге
жаратылған өнеркәсіптік қалдықтардың үлесі жыл сайын артып келеді және 2017 жылы 30,9%–
ды, 2018 жылы – 32,2%-ды, ал 2019 жылы-34%-ды құрады, нысаналы көрсеткіш 2030 жылға
қарай 40%-ды құрады, бірақ облыстар бойынша сандық көрсеткіштер әркелкі. Мысалы, Шығыс
Қазақстан облысында өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеу үлесі 2019 жылы 74,55%-ды, Атырау
облысында-62,41%–ды, Батыс Қазақстан облысында – 33,45%–ды, Қызылорда облысында-
22,5%-ды, Жамбыл облысында-13,89%-ды, Ақтөбе облысында-13,35%-ды құрады. Қалған
көлемі қалдық қоймалары мен полигондарда орналастырылады.
325
Өнеркәсіптік қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының негізгі көздері тау-кен
өндіру, металлургия, мұнай-газ өндіру, жылу энергетикасы салалары болып табылады.
Өнеркәсіптік қалдықтар аршыма жыныстардан, кенді ұсақтау және байыту қалдықтарынан,
металлургиялық шлактардан, күл мен қож шлактарынан, мұнай өндіру және мұнай өңдеу
қалдықтарынан (мұнай шламдары, бұрғылау шламдары, қышқыл гудрондар, газ конденсаттары)
тұрады. Қалдықтардың бұл түрлері негізгі және ірі тонналы өнеркәсіптік қалдықтарға жатады.
Түзілген өнеркәсіптік қалдықтар көлемінің шамамен 30-35%-ы қауіпті болып табылады,
бұл ретте негізгісі тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу қалдықтары. Статистика
комитетінің деректері бойынша 2017 жылы түзілген қауіпті қалдықтардың жалпы саны 126,9
млн. т., 2018 жылы - 149,96 млн. т., 2019 жылы – 180,5 млн. т. құрады.
ҚТҚ-ны қайта өңдеу мен кәдеге жаратудың олардың түзілуіне қатысты үлесі 2019 жылы
14,9%-ды құрады (2018 жылы-11,51%, 2017 жылы-9,05%).
Қалдықтарды жинау және шығару қызметтерімен 2019 жылы ел халқының 72%–ы
қамтамасыз етілді (2018 жылы – 72%, ал 2017 жылы-68%).
2019 жылдың қорытындылары бойынша республика бойынша жұмыс істеп тұрған 3292
полигон мен қоқыс тастайтын жердің 18,26%–ы экологиялық талаптарға сәйкес келді, 2018
жылы 3520 полигон мен қоқыс тастайтын жердің 623-і (17,7%), ал 2017 жылы 3817 полигон мен
қоқыс тастайтын жердің 611-і (16%) заңдастырылды.
2019 жылы мынадай облыстарда экологиялық нормаларға сәйкес келетін полигондардың
ең аз үлесі болды: Батыс Қазақстан (полигондар мен қоқыс тастайтын жерлердің жалпы
санының 0,96%-ы - 208) Павлодар (полигондар мен қоқыс тастайтын жерлердің жалпы
санының 1,49%–ы-336), Қызылорда (145 полигон мен қоқыс тастайтын жердің 2,76%-ы),
Ақтөбе (366 полигон мен қоқыс тастайтын жердің 3,28%-ы), Солтүстік Қазақстан (458 полигон
мен қоқыс тастайтын жердің 7,71%) және Алматы (313 полигон мен қоқыс тастайтын жердің
4,15%-ы). Нұр-Сұлтан (1 полигон), Шымкент (1 полигон) және Жамбыл облысындағы (162
полигон) полигондар экологиялық нормаларға сәйкес келеді. Медициналық және радиоактивті
қалдықтармен, сондай-ақ құрамында ТОЛ бар қалдықтармен жұмыс істеу жетілдірілуде.
Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін енгізу 2016 жылдан бастап
ҚТҚ-ны бөлек жинау және қайта өңдеу инфрақұрылымын одан әрі дамытуға ықпал етті. 2016-
2019 жылдары ӨКМ аясында өңірлерде сынап шамдарын жинауға арналған 2321 контейнер,
бөлек жинауға арналған 8905 контейнер, электр жабдығына арналған 150 контейнер
орнатылды, қайталама шикізатты қабылдаудың 104 пункті құрылды. Осылайша, 2019 жылдың
қорытындысы бойынша республика бойынша 204 қала мен ауданның ішінде әртүрлі кезеңдерде
бөлек жинау 51 елді мекенге, ал сұрыптау 30 елді мекенге енгізілді.
Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама 2030
жылға қарай қоршаған ортаға күкірт және азот оксидтерінің шығарындылары бойынша
еуропалық деңгейге қол жеткізу көзделеді.
Статистика комитетінің деректері бойынша республикада жыл сайын атмосфераға
көрсетілген ластаушы заттар шығарындыларының саны артып келеді, атап айтқанда:
қатты заттар - 2017 жылғы 475,7 мың тоннадан 2019 жылы 507,7 мың тоннаға дейін (7%-
ға ұлғайған%);
күкіртті ангидрид - 2017 жылғы 786,4 мың тоннадан 2019 жылы 885,7 мың тоннаға дейін
(12%-ға ұлғайған);
азот тотықтары – 2017 жылғы 264,7 мың тоннадан 2019 жылы 314 мың тоннаға (18%-ға
ұлғайған).
Атмосфералық ауаға ластаушы заттардың берілген лимиттерінің (нормативтік
шығарындыларының) көлемі 2016 жылғы 4,5 млн.тоннадан 2017 жылы 4,2 млн. тоннаға және
2019 жылы 4,1 млн. тоннаға төмендеді. Стационарлық көздерден атмосфералық ауаға ластаушы
заттардың нақты шығарындыларының көлемі 2017 жылы 2352 мың тоннаны құрады және
олардың деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 4,2%-ға, 2018 жылы - 2516 мың тоннаға (6,97%-
ға ұлғайды), 2019 жылы-2483,1 мың тоннаға (2,76%-ға азайды) ұлғайды. Бұл ретте, 2019 жылғы
жалпы эмиссиялардың жалпы көлемінің 52%-ы Қарағанды және Павлодар облыстарының
үлесінде.
326
Статистикалық деректер бойынша атмосфералық ауаға шығарылған ластаушы заттардың
жалпы көлемінің 2017 жылы 79,8%-ын газ тәрізді және сұйық заттар, 20,2%-ын қатты заттар
құрады. 2018 жылы - 79,2% газ тәрізді және сұйық заттар, 20,8% - қатты заттар құрады. 2019
жылы - 79,6%-ды газ тәрізді және сұйық заттар, 20,4%-ды қатты заттар құрады.
Жағылатын ілеспе газдың көлемі 90-жылдардағы 4 млрд. м
3
-тен 900 млн. м
3
-ке дейін
төмендеді.
2018 жылдан бастап Қазақстанда Евро 4 стандартынан төмен автомобильдерді әкелуге
тыйым салынды. Автомобиль көлігінен шығарындылардың алдын алу мақсатында мотор
отынын өндірушілер үшін Еуро-5 стандарты енгізілді, соның нәтижесінде көлік
шығарындылары 50%-дан астам төмендеуі тиіс.
Барлық қабылданған шараларға қарамастан, Қазақстанда 10 жылдан астам тіркелген
автомобильдердің саны 2019 жылы 2,1%-ға, 2,6 млн-ға дейін өсті (тіркелген автомобильдердің
жалпы санының 68%-ын құрайды). Ескі жеңіл автомобильдердің ең көбі Алматы облысында -
өңірдегі барлық жеңіл автомобильдердің 79,4%-ы осында, одан кейін тұрған Жамбыл (78,9%)
және Павлодар (78,2%) облыстары.
Еліміздің ірі қалаларында қоғамдық көлікті газ отынына көшіру бойынша жүргізілген
мониторинг бұл іс-шараның Алматы қаласы, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау,
Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе облыстарында сәтті өткенін көрсетті.
2018 жылдан бастап жаңа Экологиялық кодекс әзірленіп жатыр, оны 2021 жылы
қабылдау жоспарда тұр. Реформалардың негізгі бағыттары мыналарды қамтиды: Экологиялық
реттеу саласындағы табиғат қорғау стандарттары мен экономикалық тетіктерді енгізу;
қоршаған ортаға әсерді бағалаудың (ҚОӘБ) қолданыстағы жүйесін қайта қарау; стратегиялық
экологиялық бағалауды (СЭБ) енгізу; "ластаушы төлейді" қағидатын іске асыруды реттеуді
жақсарту; кешенді экологиялық рұқсаттарды іс жүзінде енгізу; мемлекеттік экологиялық
бақылау рәсімін күшейту.
Қазақстан БҰҰ климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының (БҰҰ КӨНК),
оған Киото хаттамасының және 2021 жылдан бастап Киото хаттамасын ауыстыратын Париж
келісімінің бір тарабы болып табылады.
Киото хаттамасы аясында Қазақстан 2020 жылға қарай ЖЖӨОШ секторындағы
эмиссиялар мен сіңірулерді есепке алмағанда, парниктік газдар (ПГ) шығарындыларын 1990
жылғы базалық 95% деңгейінде ұстап тұру міндеттемесін қабылдады.
Париж келісімі шеңберінде 2015 жылы Қазақстан БҰҰ КӨНК хатшылығына өзінің
болжамды ҰДАҮ (ұлттық деңгейде айқындалатын үлес) ұсынып, 2030 жылға қарай ПГ
шығарындыларын 1990 жылғы деңгейден 15%–ға қысқартуға, ал сыртқы көмек (жаңа
технологияларды беру түрінде) және қолайлы экономикалық ахуал жағдайында-көрсеткішті «-
25%-ға» дейін жеткізуге дайындығын білдірді.
Парниктік газдардың жалпы ұлттық шығарындылары 1990 жылы ЖЖӨОШ есепке
алмағанда 401,9 млн.т СО
2
-экв, 2018 жылы-396,6 млн.т. СО
2
-экв. (яғни 1990 жылғы деңгейден
1,3% төмен болды) құрады. 1990 жылы ПГ нетто-эмиссиясы (ЖЖӨОШ есепке алғанда) 386,3
млн.т СО
2
-экв, ал 2018 жылы-401 885,9 мың т.СО
2
-экв-экв. құрады (яғни, 1990 жылғы
деңгейден 4,05%-ға асып түсті).
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап парниктік газдар шығарындыларына квоталар саудасы
жүйесінің жұмыс істеуінің жаңа кезеңі басталды. 2018 - 2020 жылдарға арналған ұлттық
жоспарды әзірлеу кезінде тарихи әдіспен қатар парниктік газдар шығарындыларының үлестік
коэффициенттерін қолдану әдісі қолданылды. Бұл ретте квоталау әдісін кәсіпорындардың
өздері таңдайды.
Германияның Қоршаған орта, табиғатты қорғау, ядролық реакторлар құрылысы және
қауіпсіздігі федералдық министрлігінің «Экономиканың төмен көміртекті дамуы үшін
Қазақстан мен Орталық Азиядағы жасыл экономиканы қолдау» гранттық жобасы аясында ҚР
Энергетика министрлігі GIZ жобасымен (Германия халықаралық ынтымақтастық жөніндегі
қоғамы) бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі төмен көміртекті
даму стратегиясын әзірлеуді жоспарлады.
327
Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамада
негізгі мақсаттардың бірі ретінде «Балық, орман ресурстарын, жануарлар дүниесі ресурстарын,
табиғи-қорық қоры объектілерін сақтау, ұтымды пайдалану және молықтыру» мақсаты
қойылады.
Орман шаруашылығының басым бағыттары: мемлекеттік орман қоры аумағында орман
өсіру, орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстар, ормандарды
молықтыру және орман өсіру, өсімдіктер дүниесі объектілерін жасанды өсіру, орман
шаруашылығын жобалау болып табылады.
Орман шаруашылығы саласындағы негізгі нысаналы көрсеткіш республиканың
ормандылығын 4.8%-ға дейін ұлғайту болып табылады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша
орман қорының ауданы 2010 жылмен салыстырғанда 1,3 млн гектарға ұлғайып, 30,0 млн
гектарды (ел аумағының 4,8%) құрады, 2017 жылы орман қорының ауданы 29,8 млн гектарды,
ал 2018 жылы – 30,04 млн гектарды құрады.
Орманды жерлер көбінесе Қызылорда (6,7 млн.га), Алматы (5,4 млн. га), Жамбыл (4,4
млн. га), Шығыс Қазақстан (3,8 млн. га) және Түркістан (3,4 млн. га) облыстарында
шоғырланған. Бұл ретте аумақтың орманды болу көрсеткішінің позициялары әркелкі. Атап
айтқанда, орманды жерлердің ең үлкен аумағы Жамбыл облысында – 15,9%, одан әрі
Түркістан облысы – 14,2%, Қызылорда облысы – 13,9%, Алматы облысы – 9,4%.
2013-2018 жылдары Қазақстанда тиімді шараларды жүзеге асыру нәтижесінде тұяқты
жабайы жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің (асыл
тұқымды тоғай бұғысы, құлан, қарақұйрық, арқар) санын тұрақтандыруға және киіктер
популяциясы мен жануарлардың аңшылық түрлерінің санын біршама көбейтуге қол жеткізілді,
мысалы, 2019 жылы әуе есебінің нәтижелері бойынша Қазақстандағы киіктердің жалпы саны
334 400 тұяқты құрады, оның ішінде Орал популяциясы 217 000 тұяқ, Бетпақдала популяциясы
111 500 тұяқты және Үстірт популяциясы 5 900 тұяқты құрады.
Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауқымды желісі құрылды, олардың
үлесі 10%-ды құрайды. Бұл ретте функционалдық экологиялық желіні дамыту мақсаты
қойылады (жақында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды байланыстыратын алғашқы
экологиялық дәліздерді құруды қоса алғанда). Қазіргі уақытта Қазақстанда ЮНЕСКО
биосфералық резерватының халықаралық мәртебесі бар Қазақстанның 10 ерекше қорғалатын
табиғи аумағы бар: Қорғалжын қорығы (2012), Алакөл қорығы (2013), «Ақжайық» мемлекеттік
табиғи резерваты (2014), Қатон-Қарағай ұлттық мемлекеттік табиғи паркі (2014), Ақсу-
Жабағылы қорығы (2015), Барсакелмес қорығы (2016), Қаратау қорығы (2017), Алтын-Емел
ұлттық мемлекеттік табиғи паркі (2017), Шарын және Жоңғар ұлттық табиғи паркі (2018).
2017 жылы Қазақстан (Қатонқарағай БР) мен Ресейдің (Катун БР) екі ұлттық биосфералық
резерваты негізінде Азиядағы алғашқы трансшекаралық биосфералық резерват құрылды.
2019 жылы Қазақстан ЮНЕСКО–ға ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік биосфералық
резерваттар желісіне тағы екі ЕҚТА - Батыс-Алтай және Алматы қорықтарын қосу бойынша
өтінім берді (http://www.kazmab.kz).
Сонымен бірге, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қолданыстағы желісі
Қазақстанда ұсынылған табиғи экожүйелердің барлық негізгі типтерін де, жойылу қаупі төнген
жабайы биологиялық түрлердің барлық мекендейтін жерлерін де жеткілікті дәрежеде
қамтымайды.
2018 жылы Қазақстанда 2 табиғат қорғау мекемесі құрылды: Шығыс Қазақстан
облысында жалпы ауданы 143,5 мың га «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және
Алматы облысында жалпы ауданы 415,2 мың га «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты.
Тұжырымдамада балық ресурстарын сақтау саласында балық ресурстарын және басқа да
су жануарларын, оның ішінде: балық аулау объектілері болып табылатын бағалы түрлерін -
балықтың 52 түрін, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін-
балықтың 18 түрін сақтау көзделеді
167
.
167
Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдамасы. Қазақстан
Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы №577 Жарлығымен бекітілген.
328
Қазақстанда балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді-соңғы 7 жылда өсірілген
балық көлемі 800 тоннадан 7 мың тоннаға дейін 9 есеге ұлғайды.. Елімізде балық өсірумен 180
балық шаруашылығы айналысады, онда 1 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
Елдің балық шаруашылығының негізін құрамына Каспий және Арал теңіздерінің
акваториялары, Балқаш, Зайсан көлі, Бұқтырма, Қапшағай, Шардара су қоймалары, Алакөл
көлдер жүйесі және жалпы ауданы 3 млн.гектардан астам және балықтардың 70-тен астам түрі,
оның ішінде коммерциялық тұрғыдан неғұрлым құнды түрлері (бекіре, көксерке, сазан, ақ амур,
дөңмаңдай және т.б.) мекендейтін басқа да су айдындары кіретін су қоймаларының балық
шаруашылығы қоры құрайды.
ҚР-да кәсіпшілік балық аулауды 1 мыңнан астам балық шаруашылығы субъектілері
жүзеге асырады, оларға 1646 балық шаруашылығы су айдыны мен олардың учаскелері
бекітілген. Салада 11 мың адам жұмыс істейді. Негізгі кәсіпшілік аймақтар: Атырау – 13,1 мың
т. (29,2%), Шығыс Қазақстан-8,2 мың т. (18,3%), Қызылорда – 7,4 мың т. (16,4%), Алматы – 6,6
мың т. (14,6%), Маңғыстау – 2,3 мың т. (5,2%) және Түркістан облыстары – 2 мың т. (4,5%)
болып табылады.
«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдаманың нысаналы көрсеткіштерін
орындау қатаң белгіленген мерзімдерге айқындалып отыр және Қазақстанның орнықты даму
жолында ілгерілеуінің оң трендтерін ғана емес, сондай-ақ осы бағыттағы қозғалысты жеделдету
және жұмысты қазіргі заманғы халықаралық реалиялар мен жаңа халықаралық құжаттарға
сәйкес түзету қажеттілігін де көрсетеді.
329
Достарыңызбен бөлісу: |