320
2017 жылы стационарлық бақылау желісінің деректері
бойынша Шымкент қаласының
атмосфералық ауасының ластану деңгейі жоғары болып бағаланды. ИЗА = 10 (жоғары деңгей).
СИ=10 (жоғары деңгей) және НП 4% тең (көтеріңкі деңгей).
2018 жылы стационарлық бақылау желісінің деректері бойынша Шымкент қаласының
атмосфералық ауасының ластану деңгейі жоғары бағаланды, ол ИЗА = 5 (жоғары деңгей), СИ =
4 (жоғары деңгей) және НП =11% (жоғары деңгей) деп анықталды.
2019 жылы стационарлық бақылау желісінің деректері бойынша
Шымкент қаласының
атмосфералық ауасының ластану
деңгейі жоғары деп бағаланды, ол ИЗА=7 (жоғары деңгей),
СИ=4,2 (жоғарылау деңгей) және НП=1% (жоғарылау деңгей) мәнімен анықталды.
Шымкент қаласының өнеркәсібінде мұнай, құрылыс, тоқыма,
химия салалары, өзге де
минералды өнімдер, резеңке және пластмасса өндірісі, машина жасау, металл бұйымдары мен
энергетика тез дамып келеді. Бұл,
өз кезегінде, қаланың атмосфералық ауасына теріс әсерін
тигізуде.
Шымкент қаласы бойынша атмосфераға шығарылған барлық ластаушы заттардың көлемі
2012 жылға дейін жыл сайын орта есеппен 10,7%-ға өсті.
2013 жылдан бастап ластану көлемі төмендеді,оның себептерінің бірі 2012 жылы қаланың
экологиялық жағдайы мен халықтың денсаулығына теріс әсер еткен "Южполиметалл"
зауытының жабылуы болып табылады.
Алайда, қаланың индустриялық аймағында өндіріс саны жыл сайын артып келеді. Қала
шекарасының ұлғаюына байланысты 2014 жылы Сайрам ауданының цемент,
мақта және мата
өндіретін ірі кәсіпорындары: "Стандарт цемент" ЖШС, "Хлопкопром целлюлоза" ЖШС, "Окси
текстиль" ЖШС қала аумағына көшті, яғни 2015 жылдан
бастап ластанудың ұлғаю
ықтималдығы артты. 2019 жылы қала бойынша ластаушы заттардың жалпы шығарындылары
29,8 мың тоннаны құрады.
Алайда қаланың индустриялық аймағында жыл сайын өндірістер саны өсіп келеді. Қала
шекарасының ұлғаюына байланысты 2014 жылы қала аумағына
Сайрам ауданының цемент,
мақта және мата өндіру жөніндегі ірі кәсіпорындары: "Стандарт цемент" ЖШС, "Хлопкопром
целлюлоза" ЖШС, "Окси текстиль" ЖШС көшті, яғни 2015 жылдан бастап ластанудың ұлғаю
ықтималдығы артты. 2019 жылы қала бойынша ластаушы заттардың жалпы шығарындылары
29,8 мың тоннаны құрады.
Атмосфералық ауаның ластануына теріс әсердің бірі
көлік ағындары болып табылады,
атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың 60% - ы автокөлікке тиесілі. Шымкент қаласында
тіркелген автокөлік саны жыл сайын орта есеппен 25% - ға өсуде. Сонымен қатар, күн сайын
қала бойынша басқа аудандардан, облыстардан және қалалардан көліктер жүреді. Бұл проблема
барлық ірі қалаларда бар, осыған байланысты бүгінгі таңда елде тасымалдау көлігі үшін
халықаралық Еуро стандарттарын енгізу мәселесіне көп көңіл бөлінуде.
2 017 жылы көліктен шығарылатын қалдықтарды азайту үшін 372 шағын автобустың 218-і
газға (пропан) ауыстырылды. "Гринбус" ЖШС Шымкентте 2015 жылы 200
жаңа автобус
(метан) сатып алып, қалалық маршруттарға қызмет көрсетеді. 2017
жылы компания газ
отынымен жүретін қосымша 100 көлік сатып алды. 2020 жылға қарай 2650 автобустың 1000
(36,5%) газға ауыстыру жоспарлануда.
Достарыңызбен бөлісу: