Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-параграф. Балалар санатын қоса жұмыс атқаратын арнайы мектептер



Pdf көрінісі
бет41/57
Дата06.10.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41673
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   57
Байланысты:
171200 kaz 20221006

8-параграф. Балалар санатын қоса жұмыс атқаратын арнайы мектептер 
қызметінің тәртібі
91. Арнайы мектептердің контингенті осы Ереженің 43-тармағының 1), 2), 
3), 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген балалар санатынан құрылады. Оқыту 
жетекші бұзылысы бойынша білім алушылардан жинақталатын арнайы 
сыныптарда Санитариялық ережелер, тиісті санаттағы білім алушыларға арналған 
Үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
3-тарау. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация 
қызметінің тәртібі
92. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация балаларды 
тексеруды және оларға консультация беруді, ерекше білім беру қажеттіліктерін 
және білім алу үшін арнаулы жағдайларды бағалауды, білім беру бағдарламасын 
айқындауды жүзеге асыратын, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы 
психологиялық-педагогикалық қолдауға жіберетін білім беру ұйымы болып 
табылады.
93. ПМПК қызметінің негізгі бағыттары:
1) ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау және бағалау мақсатында 
туғаннан бастап 18 жасқа дейінгі балаларды психологиялық-медициналық-
педагогикалық тексеру;
2) балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау, жалпы білім беру 
мен арнайы білім беру ұйымдарында оларды қанағаттандыру жөнінде ұсынымдар 
беру;


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
3) ерекше білім беруді қажет ететін бала үшін білім беру бағдарламасының 
түрін белгілеу;
4) ерекше білім беруді қажет ететін балалар дамуының ауытқуларын 
болдырмау және жеңу, оларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша 
отбасына кеңес беру;
5) ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту және тәрбиелеу 
мәселелері бойынша мұғалімдерге, тәрбиешілерге, мектепке дейінгі және мектеп 
ұйымдарының мамандарына консультациялық-әдістемелік көмек көрсету;
6) білім беру, медициналық, әлеуметтік қызметтері туралы ақпарат ұсыну 
мақсатында білім беру, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау органдарымен, 
қоғамдық ұйымдармен ерекше білім беруді қажет ететін балаларды уақытылы 
анықтау бойынша бірлескен жұмыс;
7) ерекше білім беруді қажет ететін балалардың есебін жүргізу және 
жиынтық есептілікті қалыптастыру.
Облыстық, қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық 
консультацияларға әдістемелік басшылықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту 
министрлігінің Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық 
ғылыми-практикалық орталығы жүзеге асырады.
94. Балаларды ПМПК-ға жіберу ата-аналардың (заңды өкілдердің), білім 
беру, денсаулық сақтау ұйымдарының бастамасы бойынша ата-аналардың (заңды 
өкілдердің) келісімімен жүзеге асырылады.
ПМПК-ға балаларды қабылдау алдын ала тіркеу бойынша ата-аналарының 
(заңды өкілдерінің) еріп жүруімен жүзеге асырылады.
95. ПМПК-дың материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік 
жабдықталуы Жабдықтармен және жиһазбен жабдықтау нормаларына сәйкес 
жүзеге асырылады.
96. Консультацияға алдын ала жазуды, балаларды тіркеуді және 
құжаттамаларын есепке алуды тіркеуші жүзеге асырады.
97. Тексеру мен кеңес беруді дәрігер-невропатолог, дәрігер-психиатр, 
психолог, мұғалім-логопед (логопед), арнайы педагог (дефектолог): 
олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, әлеуметтік педагог және ПМПК 
меңгерушісі жүзеге асырады. Қажет болған жағдайда медициналық бейіндегі 


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
басқа мамандар Үлгілік штаттарға сәйкес 0,5 мөлшерлемеге немесе сағаттық 
еңбекақы төлеу шарттарында тексеруге және консультация беруге тартылады.
98. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды есепке алуды, қызмет 
көрсетілетін аумақтағы балалардың саны мен олардың қажеттіліктері туралы 
жиынтық есептілікті қалыптастыруды статист жүзеге асырады.
99. Бастапқы тексеру баланың дамуы туралы әлеуметтік-психологиялық 
және медициналық мәліметтерді жинауды, психологтің, педагогтердің 
(әлеуметтік педагогтің, арнайы педагогтің, логопедтің) тексеруін, баланың 
психикалық-тілдік және әлеуметтік-коммуникативтік дамуының деңгейі мен 
ерекшеліктерін бағалауды, ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтауды және ата-
аналарына (заңды өкілдеріне) консультация беруді қамтиды. Бастапқы тексеру бір-
төрт қабылдау барысында жүргізіледі. Қабылдау ұзақтығы тексеру мақсатына 
байланысты 15 минуттан 1 сағатқа дейін.
Қайта тексеру ерекше білім беру қажеттіліктерін қайта бағалау, ПМПК-ның 
жалпы қорытындысы мен ұсынымдарын нақтылау немесе өзгерту мақсатында, 
диагностикалық топтардағы сабақтарынан немесе білім беру ұйымдарындағы 
сынақ сабақтарынан кейін, зерде немесе сөйлеу тілінің даму деңгейін нақтылау 
үшін тағайындалады. Бақылау тексеруі баланың даму немесе оқу динамикасын 
бақылау үшін тағайындалады.
100. Тексеру нәтижелері баланың даму картасында көрсетіледі. Тексеру 
нәтижелері негізінде осы Ережелердің 1-қосымшасына сәйкес, дамудың бұзылу 
түрі, білім беру бағдарламасының түрі және басқа да ерекше білім беру 
қажеттіліктері туралы алқалық шешімді қамтитын, ПМПК-ның жалпы 
қорытындысы мен ұсынымдары жасалады.
101. ПМПК баланың жеке қажеттіліктеріне қарай ерекше білім беру 
қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады.
Арнайы білім беру қажеттіліктерін бағалау негізінде келесі шарттар 
ұсынылады, соның ішінде:
1) оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын өзгерту;
2) оқу нәтижелерін (оқушының жетістіктерін) бағалау тәсілдерін өзгерту;
3) оқытудың нұсқалық, арнайы және балама әдістерін пайдалану;


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
4) оқулықтарды, оқу құралдарын таңдау, жеке оқу материалдарын 
дайындау;
5) оқыту формасын таңдау (арнайы сынып, жалпы сынып, психологиялық-
педагогикалық қолдау кабинеті);
6) кедергісіз орта құру және оқу орнын бейімдеу;
7) компенсаторлық және техникалық құралдарға қажеттілік;
8) арнайы психологиялық-педагогикалық көмек (психологтің, логопедтің, 
арнайы педагогтің (дефектолог): олигофренопедагогтің, сурдопедагогтің, 
тифлопедагогтің көмегі);
9) педагог-ассистенттің көмегі;
10) әлеуметтік-педагогикалық көмек.
102. Балалардың мектепке дейінгі және мектептік жалпы білім беру және 
арнайы білім беру ұйымдарына түсуі барысында ПМПК ерекше білім беру 
қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады. ПМПК-да ерекше білім беру 
қажеттіліктерін қайта бағалау ата-аналардың (заңды өкілдердің) бастамасы және 
мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарының сұранысы бойынша және 
психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің шешімі негізінде, кез-келген 
оқу кезеңінде жүзеге асырылады.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдарының сұранысы 
бойынша білім беру бағдарламасы мен ерекше білім беру қажеттіліктерін 
айқындау мақсатында ПМПК денсаулық сақтау ұйымдарының балалар үйінде 
және медициналық-әлеуметтік мекемелерде мүмкіндігі шектеулі балаларға 
тексеру жүргізеді.
103. ПМПК жалпы білім беру және арнайы білім беру ұйымдарындағы 
балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша 
ұсынымдар дайындайды, ата-аналарына консультация береді. Қажет болған 
жағдайда ПМПК мамандары ата-аналарға, мамандарға, мұғалімдерге 
(тәрбиешілерге) ерекше білім беруді қажет ететін балаларды үй жағдайында, 
жалпы білім беру және арнайы ұйымдар жағдайында дамыту, оқыту және 
тәрбиелеу бойынша кеңестік көмек көрсетеді.
104. Ата-аналардың (заңды өкілдердің) қолына осы Ереженің 1-
қосымшасына сәйкес форма бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері, білім 


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
беру бағдарламасының түрі көрсетілген ПМПК қорытындысы мен ұсынымдары 
беріледі. Білім беру ұйымын таңдау құқығы ата-аналарға беріледі.
105. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдары скрининг 
жүргізу нәтижелері бойынша ерте жастағы балаларды жіберген кезде, ПМПК 
баланың консультацияда тексеруден өткені туралы ақпаратты тиісті денсаулық 
сақтау ұйымына ұсынады.
106. Қажет болған жағдайда ПМПК балалар мен жасөспірімдерді денсаулық 
сақтау ұйымдарына жібереді: медициналық тексеру, емдеу, мүгедектікті рәсімдеу 
және үйде оқыту үшін медициналық көрсетілімдерді айқындау үшін.
Психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстары (ауруларға), соның ішінде 
психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалану салдарынан, және де 
суицидтік мінез-құлық бойынша күдіктенген кезде, балалар мен жасөспірімдер 
психикалық денсаулық орталықтарына жіберіледі.
107. Қажет болған жағдайда ПМПК тексеру нәтижелері бойынша балаларды 
әлеуметтік қорғау органдарына әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік көмек 
көрсету мәселесін шешу үшін жібереді.
108. «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру 
ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және 
олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығымен (бұдан әрі - Құжаттардың 
тізбесі) бекітілген 2-қосымшасына сәйкес форма бойынша ПМПК-да жүргізіледі:
1) алдын ала жазылу журналы;
2) баланың даму картасы.
109. ПМПК-да есепте тұрған бала туралы деректер құпия сипатта болады, 
балаланың даму картасынан үзінді көшірмелер Қазақстан Республикасының 2013 
жылғы 21 мамырдағы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына 
сәйкес білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарының, құқық қорғау органдарының 
және білім беру мен денсаулық сақтау саласының орталық уәкілетті органдардың 
жазбаша сұранысы бойынша беріледі.
110. Ата-аналарға (заңды өкілдерге) баланың даму картасынан үзінді 
көшірме мен оны оқыту мен тәрбиелеу жөнінде жазбаша ұсынымдар сұраныстары 
бойынша беріледі.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
111. Қажет болған жағдайда мектеп жасындағы балаларға жалпы және 
арнайы білім беру ұйымдарында сынамалық оқыту жағдайында 3-12 ай ішінде; 
ерте және мектепке дейінгі жастағы балаларға - ПМПК-да құрылған 
диагностикалық топтарда диагностикалық зерделеу жүргізіледі. Диагностикалық 
топтардағы балаларға динамикалық зерделеу психологиялық-педагогикалық 
жұмыс барысында қажетті қызметтерді көрсетумен жүзеге асырылады.
112. Балаларды диагностикалық топқа кіргізу, болу мерзімін ұзарту немесе 
қысқарту, 3 айдан бір жылға дейінгі болу мерзімінің ұзақтығын көрсете отырып, 
ПМПК қорытындысы мен ұсынымдары негізінде жүзеге асырылады.
113. Тексеру нәтижелері бойынша ПМПК мамандары диагностикалық 
топтарда жеке дамыту бағдарламасын жасайды, оқыту формасы (жеке немесе 
топтық) мен апталық оқу-дамыту сабақтарының санын белгілейді.
114. Жеке оқу-дамыту көмегін мамандар балалардың ерекше білім беру 
қажеттіліктеріне байланысты көрсетеді:
1) психолог;
2) арнайы педагог (дефектолог): олигофренопедагог, сурдопедагог, 
тифлопедагог; мұғалім-логопед (логопед);
3) әлеуметтік педагог;
4) тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі;
5) дене шынықтыру мұғалімі (емдік дене шынықтыру бойынша нұсқаушы).
115. Диагностикалық топтарда дамытушы диагностикалық оқыту 
күнтізбелік жыл бойы бір жастық немесе әр-түрлі жастық қағида бойынша жеке, 
кіші топтық және топтық формада ұйымдастырылады.
116. ПМПК мамандарының жұмыс күнінің ұзақтығы – аптасына 24 сағат, 
меңгерушілердің, тіркеушілердің, статисттердің жұмыс күнінің ұзақтығы – 
аптасына 30 сағат.
117. ПМПК-да балаларды тексеру және кеңес беру кезінде осы 
Қағидалардың 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 127, 128, 128 
тармақтарында көрсетілген психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру 
және кеңес беру шарттары, талаптары мен бағдарламалары жүзеге асырылады.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Туғаннан 18 жасқа дейінгі балаларды психологиялық-медициналық-
педагогикалық тексеру келесілерді қамтиды:
1) неврологиялық денсаулығын, сенсомомторлық және психикалық-тілдік 
ерекшеліктерін бағалау, неврологиялық бұзылыстары мен ауруларын анықтау 
және олардың бала дамуына, тәрбиесі мен оқуына келтіретін әсерін анықтау 
мақсатында жүргізілетін неврологиялық тексеру. Балаларды дамытуды, оқытуды 
және тәрбиелеуді қамтамасыз ету үшін емдеу және емдеу (қорғау) режимі 
мәселелері бойынша отбасына консультация береді;
2) психикалық денсаулығын, психикалық-тілдік ерекшеліктерін бағалау, 
психикалық бұзылыстары мен ауруларын анықтау және олардың бала дамуына, 
тәрбиесі мен оқуына келтіретін әсерін анықтау мақсатында жүргізілетін 
неврологиялық тексеру. Отбасына балаларды емдеу және емдік (қорғаушылық) 
режимінің мәселелері бойынша (қажет болған жағдайда) консультация беру және 
ұсынымдар беру;
3) зерде және эмоционалды-тұлғалық дамуының деңгейі мен ерекшеліктерін 
бағалау, психикалық дамуының бұзылыс түрін белгілеу мақсатында жүргізілетін 
психологиялық тексеру. Отбасына баланы психикалық дамыту, оқыту және 
тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңес беру және ұсынымдар әзірлеу (қажет болған 
жағдайда);
4) сөйлеу тілінің даму деңгейі мен ерекшеліктерін бағалау, сөйлеу тілінің 
бұзылыс түрін анықтау мақсатында жүргізілетін логопедтік тексеру; Отбасына 
баланың сөйлеу тілін дамыту, оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңес 
беру және ұсынымдар әзірлеу (қажет болған жағдайда);
5) баланың білім, білік, дағдылары көлемін бағалау, олардың жасына, 
бағдарламасына және оқыту сатысына сәйкестігін анықтау мақсатында 
жүргізілетін педагогикалық тексеру. Отбасына баланы оқыту және тәрбиелеу 
мәселелері бойынша кеңес беру және ұсынымдар әзірлеу (қажет болған жағдайда);
6) балалардың әлеуметтік қолдауға мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін 
анықтау мақсатында балаға және оның отбасына жүргізілетін әлеуметтік-
педагогикалық тексеру. Отбасына әлеуметтік даму, әлеуметтік-тұрмыстық 
дағдыларды қалыптастыру мәселелері бойынша кеңес беру және ұсынымдар 
әзірлеу (қажет болған жағдайда).


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
118. Психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және кеңес беру 
бағдарламаларын орындау кезінде ПМПК тіркеушісі ата-аналардың өтініші 
бойынша ата-аналардың шағымдары мен сұраныстарын анықтайды (баланың 
дамуына не кедергі келтіреді және консультациядан не күтеді). Анамнестикалық 
мәліметтерді және баланың дамуының әлеуметтік жағдайын алдын ала жинау 
жүргізіледі.
Балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және ата-
аналарға консультация беру мынадай тәртіппен жүргізіледі.
1) Медициналық және әлеуметтік-психологиялық анамнезбен танысу. 
Баланың жасына, коммуникативтік, сөйлеу және ақыл-ой даму деңгейіне, басқа да 
бұзылулардың (есту, көру, тірек-қимыл аппараты) болуына байланысты тексеру 
стратегиясы мен тактикасын айқындау. Тексеру жүргізу үшін жағдайларды 
ұйымдастыру.
2) Мамандарды таныстыру, ұсыну. Сұраныстар мен шағымдарды нақтылау. 
Тексеру барысында мамандардың ата-аналармен сұхбаты.
3) Психологиялық тексеру. Баланың жасына, сөйлеу қабілетінің болуына 
немесе болмауына байланысты, сөйлеу қабілеті дамымаған ерте жастағы және 
мектеп жасына дейінгі балаларға, сөйлеу тілі дамыған мектеп жасына дейінгі 
балаларға, сөйлеу тілі дамыған балаларға арналған үш зерттеу стратегиясының 
бірі таңдалады.
4) Логопедтік тексеру.
5) Педагогикалық тексеру.
6) Неврологиялық және психиатриялық тексеру жатады.
7) Әлеуметтік-педагогикалық тексеру.
Әртүрлі тексерістердің реттілігі баланың жеке ерекшеліктеріне және 
тексеру жағдайына байланысты өзгереді.
8) тексеру нәтижелерін алқалық талқылау (психоневрологиялық және 
соматикалық денсаулық проблемаларының (медициналық тексеру нәтижелері 
бойынша) және баланың әлеуметтік-психикалық бейімделуіне эмоционалды-
коммуникативтік және психорекулярлық даму ерекшеліктерінің 
(бұзушылықтарының) әсерін бағалау: нақты жағдай контекстіндегі іс-әрекет, 
қарым-қатынас, мінез-құлық, оқыту және тәрбиелеу).


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
9) отбасында, білім беру ұйымдарында оқыту мен тәрбиелеудің арнайы 
жағдайларын жасау жөніндегі ерекше білім беру қажеттіліктерін және тиісті 
ұсынымдарды айқындау.
10) ПМПК-ның жалпы қорытындысын жасау немесе қосымша тексеру 
жүргізу қажеттігі туралы шешім қабылдау (бастапқы тексеру бір-төрт қабылдау 
ішінде жүргізіледі).
11) баланың даму проблемалары бойынша ата-аналарға кеңес беру, оларды 
еңсеру жолдары мен жағдайлары туралы ұсынымдар беру.
Қажет болған жағдайда ПМПК мамандарымен жеке отбасылық кеңестер 
өткізіледі, медициналық, психологиялық-әлеуметтік-педагогикалық сипаттағы 
нақты жеке ұсыныстар жасалады.
12) кері байланыс (ата-аналардың сұрақтарына жауаптар, ата-аналардың 
ұсынылған ұсынымдарды түсінуін нақтылау).
119. Психологиялық-педагогикалық тексерудің шарттары мен талаптары 
мыналарды қамтиды:
1) Тексеру баланың жақсы көңіл-күйі мен жағымды эмоционалды жағдайы 
жағдайында жүргізіледі. Білім алушы үшін психологиялық жайлылық 
атмосферасын құру керек: эмоционалды түрде қолдау, баланы мадақтау, 
өтініштерді, тапсырмаларды, талаптарды орындауға мәжбүрлемеу, егер ол бас 
тартса, теріс ескертулер мен бағалауды, оның ішінде қателіктерді (сараптама 
жағдайын қоспағанда) болдырмау.
2) тексеру процесінде ата-аналардың қатысуымен баланың мінез-құлқына, 
іс-әрекетіне, жүйке-психикалық денсаулығының жай-күйіне түсініктеме беру 
және бағалау қажет емес. Сондай-ақ, баланың қатысуымен ата-аналардың теріс 
ескертулері мен теріс сипаттамаларын сыпайы түрде тоқтату керек. Қажет болған 
жағдайда тексерудің бір бөлігі бөлмеде ата-анасының қатысуынсыз жүргізіледі.
3) эксперименттік зерттеу барысында тапсырмалардың баланың жасы мен 
мүмкіндіктеріне қол жеткізуін, ал тапсырмаларға нұсқаулар берген кезде – 
олардың іс-қимыл тәртібін түсінуін қамтамасыз ету қажет. Психикалық 
функцияны немесе дағдыларды зерттеу бір емес, бірнеше ұқсас әдістермен жүзеге 
асырылады.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
4) сенсорлық және қозғалыс бұзылыстары бар балаларды тексеру кезінде 
баланы тексеру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін арнайы әдістемелер 
мен қосалқы жабдықтар пайдаланылады.
5) ПМПК-ның оқу қызметін зерттеу үшін мүмкіндіктері шектеулі 
балалардың барлық санаттарына арналған жалпы білім беретін және арнайы 
мектеп ұйымдарының оқу бағдарламалары, бастауыш мектептің жекелеген оқу 
пәндері бойынша оқулықтары болуы тиіс.
120. Психологиялық-педагогикалық тексеру әдістері мыналарды қамтиды:
1) баламен әңгімелесу, бақылау, эксперименттік психологиялық-
педагогикалық тексеру.
2) ата-аналардан сұрау, сауалнама жүргізу, мектеп құжаттамасын зерделеу: 
мұғалімнің педагогикалық сипаттамасы, психологиялық-педагогикалық қолдау 
қызметінің ұсынысы мен қорытындысы, оқу пәндері бойынша үлгерім табелі, 
оқушының жазбаша жұмыстары.
Психологиялық-педагогикалық тексеру үшін ПМПК мамандары үшін 
әдістемелік ұсыныстарға сәйкес әдістер, тесттер қолданылады
121. Ерте жастағы балаларды тексеру кезінде тексерудің мынадай тәртібі 
қолданылады:
122. Байланыс және өзара әрекеттесу орнатылады. Балаға бейтаныс ортаға 
бейімделуге уақыт беріледі.
1) баланың заттармен стихиялық белсенділігі мен іс-әрекетіне бақылау 
жүргізіледі, баланың іс-әрекетіне, бірлескен ойынға біртіндеп қосылу, 
ойыншықтармен іс-әрекетке еліктеуге тарту жүзеге асырылады.
2) баланың өз атына реакциясы тексеріледі, бірге көңіл бөлу реакциясы, 
эмоционалды байланыс (көзқарас, күлімсіреу, сөздер), дене байланысы (жанасу, 
сипау, слоғу) мұқият қолданылады.
123. Моториканы зерттеу жүргізіледі, соның ішінде:
1) ірі моториканы зерттеу (дене қалпын сақтау (өз бетінше отыру (7-9 ай), 
сүйену немесе өз бетінше тұру (11-12 ай – тепе-теңдік және тірек реакциясы), 
дененің бір қалпынан екіншісіне ауысу (бүйіріне жату жағдайынан аунау, 
қолдарына сүйеніп көтерілу, жату жағдайынан отыру, отыру жағдайынан тұру, 


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
сүйеніп тұру), қозғалу (іште еңбектену (7 ай), еңбектеу (8 ай), тіректе сүйеніп 
жүрі, өз бетінше жүру);
2) ұсақ моториканы зерттеу (заттарды алақанмен, бас бармақты тартып, 
ұсақ заттарды пинцетпен және қысқышпен ұстап алу, қолдың функцияларын 
тексерк (қол жеткізу, ұстау, ұстап тұру, босату, заттарды беру), заттарды 
манипуляциялау әртүрлі манипуляцияларды орындау үшін әртүрлі сылдырмақтар 
ұсынылады (шайқау, соғу, лақтыру, аузына тарту, ойыншықты бір қолынан 
екінші қолына беру (6 ай), жұмсақ шарларды, ойыншықтарды қысу, жырту 
(еліктеу), созу, тізбектік (қайталанатын) әрекеттер (7 ай), допты итеріп, лақтыру 
ұсынылады, затты қағу, екі-үш затпен бір уақытта айла-шарғы жасау, 
бимануальдық белсенділік тексеріледі (қол шапалақтау (8 ай), оң және сол қолмен 
әрекет ету мүмкіндігі беріледі).
124. Танымдық дамуды зерттеу жүргізіледі, соның ішінде:
1) көру зейінін (есте сақтау) зерттеу.
2) нақты манипуляцияларға арналған заттармен әрекеттерді зерттеу 
(нәтижеге бағытталған әрекеттер) (сенсорлық әсер алу үшін түймені басады, 
заттарды қораптан шығарады (9 ай), заттардың қасиеттерін есепке алуға 
негізделген функционалды әрекеттер (қораптарды ашады және жабады, заттарды 
қояды және шығарады, машинаны, допты домалатады, пирамида сақиналарын 
алып тастайды, текшені текшеге қояды (10-12 ай).
Егер нәресте заттармен әрекет етпесе, онда еліктеу заттарымен 
цилиндрлермен, пирамидалармен (сақиналарды алып тастау және байлау), 
сенсорлық әсері бар ойыншықпен (түймені басу), барабанмен (барабанды таяқпен 
барабанмен) әрекеттерді орындау ынталандырылады.
125. «Ана-бала» қарым-қатынасының сипатын (айғақтар болған кезде) 
тексеру жүргізіледі. Дамудың әлеуметтік жағдайы туралы анамнез деректері 
пайдаланылады, ата-аналар сауалнамасы қолданылады.
126. Ерте жастағы балаларды тексеру кезінде мынадай шарттар мен 
талаптар орындалады:
Тексеру баланың әл-ауқаты мен жағымды эмоционалды жағдайы 
жағдайында жүргізіледі. Мектеп жасына дейінгі бала үшін психологиялық 
жайлылық атмосферасын құру қажет. Эмоционалды қолдау, баланы мадақтау, 


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
егер ол бас тартса, өтініштерді, тапсырмаларды, талаптарды орындауға 
мәжбүрлемеу. Тапсырмаларды орындау барысында теріс ескертулер мен 
бағалардан, оның ішінде қателерді көрсеткенде (сараптама жағдайын қоспағанда) 
аулақ болу керек.
Қоршаған орта туралы білім мен идеяларды анықтау үшін баламен 
әңгімелесу оны қолдағысы келген жағдайда жүзеге асырылады. Әңгіме тікелей 
емес, жанама мәселелерге негізделуі керек, ол тұрақты сұрау сипатына ие 
болмауы керек.
Тәжірибелік тексеруді жеңіл тапсырмалардан бастау керек, содан кейін 
күрделісін ұсыну керек. Шаршау кезінде балаға демалу ұсынылады.
Ойын әрекетін зерделеу үшін бөлмеде ойыншықтардың тақырыптық 
жиынтығы бар ойын бұрышы болуы керек: «Отбасы» (қуыршақ жиһазы, ыдыс–
аяқ, балаларды бейнелейтін қуыршақтар (жынысы, бойы), ересектер (анасы, 
әкесі), «Аурухана», «Дүкен», сондай-ақ балалар мультфильмдерінен, кітаптардан, 
ойындардан ойыншық кейіпкерлері, машиналар (жүк, жеңіл автомобиль, автобус, 
экскаватор), текшелер мен құрылыс материалдары, дизайнер, жануарлар 
ойыншықтары).
Баланың мектепке дейінгі ұйымдардың бағдарламасын меңгеру дәрежесін 
зерттеу мақсатында (оған барған жағдайда) ПМПК мүмкіндігі шектеулі 
балалардың барлық санаттары үшін жалпы білім беретін және арнайы мектепке 
дейінгі ұйымдардың үлгілік бағдарламаларымен қамтамасыз етіледі.
Сенсорлық және қозғалыс бұзылыстары бар балаларды тексеру кезінде 
арнайы әдістер мен қосалқы жабдықтар қолданылады.
Психологиялық-педагогикалық тексерудің негізгі әдістері – құжаттаманы 
зерттеу, баламен, оның ата-аналарымен әңгімелесу (сұрау), бақылау, әдістерді, 
тесттерді, тапсырмаларды қолдана отырып эксперименттік зерттеу.
127. Мектепке дейінгі жастағы балаларды тексеру кезінде тексерудің 
мынадай тәртібі қолданылады:
1) ПМПК тіркеушісі ата-аналар консультацияға жүгінген кезде ата-
аналардың шағымдары мен сұраныстарын нақтылайды (баланың дамуына не 
кедергі келтіреді және консультациядан не алады деп күтеді);


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
2) консультация мамандары анамнестикалық мәліметтерді және баланың 
әлеуметтік даму жағдайын алдын ала жинауды жүзеге асырады;
3) Медициналық және әлеуметтік-психологиялық анамнезбен танысуды, 
тексеру стратегиясы мен тактикасын айқындауды, тексеру жүргізу үшін 
жағдайлар ұйымдастыруды, танысуды, мамандар ұсынуды, сұраныстар мен 
шағымдарды нақтылауды, тексеру барысында мамандардың ата-аналарымен 
сөйлесуін және тексеру түрлерін (психологиялық, логопедтік, педагогикалық, 
неврологиялық, психиатриялық, әлеуметтік-педагогикалық) қамтитын 
психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру жүргізіледі. Әртүрлі тексеру 
реттілігі баланың жеке ерекшеліктеріне және тексеру жағдайына байланысты 
өзгереді;
4) психоневрологиялық және соматикалық денсаулық проблемаларының 
(медициналық тексеру нәтижелері бойынша) және психикалық-сөйлеу дамуының 
ерекшеліктерінің (бұзылуларының) баланың әлеуметтік-психикалық бейімделуіне 
(іс-әрекеті, қарым-қатынасы, мінез-құлқы, нақты жағдай мәнмәтініндегі оқыту 
мен тәрбиелеу) әсерін бағалауды қамтитын тексеру нәтижелерін алқалық 
талқылау жүргізіледі;
5) отбасында, білім беру ұйымдарында оқыту мен тәрбиелеудің ерекше 
жағдайларын жасау жөніндегі ерекше білім беру қажеттіліктерін және тиісті 
ұсынымдарды айқындау жүргізіледі;
6) ПМПК-ның жалпы қорытындысы немесе қосымша тексеру жүргізу 
қажеттігі туралы шешім жасалады (бастапқы тексеру бір-төрт қабылдау ішінде 
жүргізіледі);
7) баланың даму проблемалары бойынша ата-аналарға консультация беру, 
оларды еңсеру жолдары мен жағдайлары туралы ұсынымдар беру жүзеге 
асырылады.
ПМПК мамандарымен жеке отбасылық кеңестер өткізіледі, медициналық, 
психологиялық-әлеуметтік-педагогикалық сипаттағы нақты жеке ұсыныстар 
жасалады.
8) кері байланыс іске асырылады (ата-аналардың сұрақтарына жауаптар, ата-
аналардың ұсынылған ұсынымдарды түсінуін нақтылау).


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
128. Мектеп жасына дейінгі балаларды тексеру кезінде келесі шарттар мен 
талаптар орындалады:
Тексеру баланың әл-ауқаты мен жағымды эмоционалды жағдайы 
жағдайында жүргізіледі. Мектеп жасына дейінгі бала үшін психологиялық 
жайлылық атмосферасы жасалады. Эмоционалды қолдау, баланы мадақтау жүзеге 
асырылады. Тапсырмаларды орындау барысында теріс ескертулер мен бағалау, 
оның ішінде қателерді көрсету кезінде (сараптама жағдайын қоспағанда) 
пайдаланылмайды.
Қоршаған орта туралы білім мен идеяларды анықтау үшін баламен әңгіме 
өткізіледі. Әңгіме тұрақты сұрауларсыз жанама мәселелерге негізделген.
Эксперименттік тексеру оңай тапсырмалардан басталады, содан кейін 
күрделі тапсырмалар ұсынылады. Шаршау жән кезінде балаға демалу ұсынылады.
Ойын әрекетін зерттеу үшін ойыншықтардың тақырыптық жиынтығы бар 
ойын бұрышы (қуыршақ жиһазы, ыдыс–аяқ, балаларды бейнелейтін қуыршақтар 
(жынысы, бойы әр түрлі), ересектер (анасы, әкесі), сондай-ақ балалар 
мультфильмдеріндегі, кітаптардағы, ойындардағы ойыншық кейіпкерлері, 
машиналар (жүк, жеңіл, автобус, экскаватор), текшелер, құрылыс материалы, 
конструктор, жануарлар ойыншықтары) қолданылады.
Баланың мектепке дейінгі ұйымның бағдарламасын меңгеру дәрежесін 
зерттеу мақсатында (оған барған жағдайда) ПМПК мүмкіндігі шектеулі 
балалардың барлық санаттары үшін жалпы білім беретін және арнайы мектепке 
дейінгі ұйымдардың үлгілік бағдарламаларымен қамтамасыз етіледі.
Сенсорлық және қозғалыс бұзылыстары бар балаларды тексеру кезінде 
арнайы әдістер мен қосалқы жабдықтар қолданылады.
Психологиялық-педагогикалық тексерудің негізгі әдістері-құжаттаманы 
зерттеу, баламен, оның ата-аналарымен әңгімелесу (сұрау), бақылау, әдістерді, 
тесттерді, тапсырмаларды қолдана отырып эксперименттік зерттеу.
Психологиялық-педагогикалық тексеру мектеп жасына дейінгі балалардың 
психикалық даму стандарттарын ескере отырып жүргізіледі, ПМПК мамандары 
үшін әдістемелік ұсыныстарға сәйкес психологиялық-педагогикалық тексерудің 
әдістері мен әдістері қолданылады.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
129. Мектеп жасындағы балаларды тексеру кезінде тексерудің мынадай 
тәртібі қолданылады:
Медициналық және әлеуметтік-психологиялық анамнезбен, баланың 
әлеуметтік даму тарихымен, оқу проблемалары мен қиындықтарымен, мектеп 
құжаттамасымен танысу жүзеге асырылады. Зерттеу стратегиясы мен тактикасы 
анықталады. Тексеру үшін жағдайлар ұйымдастырылады.
Отбасымен танысу, мамандарды таныстыру өткізіледі. Сұраныстар мен 
шағымдар нақтыланады. Тексеру барысында мамандардың ата-аналармен әңгімесі 
өткізіледі.
Баламен байланыс орнатуды, танымдық белсенділікті (ойлауды, зейінді, 
қабылдауды, есте сақтауды, сөйлеуді арнайы зерттеуді) қамтитын психологиялық 
тексеру жүргізіледі. Тиісті айғақтармен, сондай-ақ ата-аналардың өтініші немесе 
шағымдарымен эмоционалды-ерік саласы, тұлғааралық қатынастар зерделенеді.
Логопедиялық тексеру жүргізіледі, оған мыналар кіреді:
1) ауызша сөйлеуді зерттеу (фонетикалық-фонематикалық, лексикалық-
грамматикалық жақтар, фразалық және үйлесімді сөйлеу);
2) жазуды зерттеу жазу және оқу процестерін қамтиды. Тексеру барысында 
сөйлеудің коммуникативті, реттеуші және танымдық функцияларының даму 
деңгейі бағаланады (логопед және психолог).
Педагогикалық зерттеу жүргізіледі, оған жалпы білім қорын және қоршаған 
орта, оқу іс-әрекеті туралы идеяларды зерттеу, мектептегі білім беру 
бағдарламалары мен мінез-құлықтың әлеуметтік ережелерін игеру кіреді.
Даму ерекшеліктерін зерделеу жалпы және ұсақ моториканы, ақпаратты 
сенсорлық өңдеуді зерттеуді қамтиды.
Мектеп жасындағы балаларды тексеру медициналық тексеруді 
(неврологиялық және психиатриялық) қамтиды.
Әртүрлі тексерулердің реттілігі баланың жеке ерекшеліктеріне және зерттеу 
жағдайларына байланысты өзгереді.
Зерттеу нәтижелерін алқалы талқылау жүргізіледі. Психоневрологиялық 
және соматикалық денсаулық проблемаларының (медициналық тексеру 
нәтижелері бойынша) және психо-сөйлеу дамуының ерекшеліктерінің 


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
(бұзылуларының) баланың әлеуметтік-психикалық бейімделуіне әсерін бағалау 
жүзеге асырылады (оқу қызметі, қарым-қатынас, мінез-құлық, нақты жағдай 
контекстіндегі оқыту және тәрбиелеу).
ПМПК-ның жалпы қорытындысы немесе қосымша тексеру жүргізу 
қажеттігі туралы шешім жасалады.
Ерекше білім беру қажеттіліктері анықталады. Ата-аналар, мұғалімдер, 
білім беру ұйымдарының мамандары үшін жалпы ұсынымдар жасалады.
Ата-аналарға тексеру нәтижелері туралы ақпарат және ПМПК 
қорытындысы беріледі, баланы дамыту, оқыту және тәрбиелеу мәселелері 
бойынша отбасына консультация беріледі.
Сондай-ақ емдеу, оқыту, тәрбиелеу және дамытудың түрлі мәселелері 
бойынша мамандардың жеке консультациялары мен ұсынымдары, оның ішінде 
жазбаша түрде жүргізіледі. Жеке консультациялар жеке уақытта өткізіледі.
Ата-аналардың сұрақтарына жауап беру, ата-аналардың ұсынылған 
ұсыныстарды түсінуін нақтылау арқылы кері байланыс жасалады.
130. Мектеп жасындағы балаларды тексеру кезінде мынадай шарттар мен 
талаптар орындалады.
Тексеру баланың әл-ауқаты мен жағымды эмоционалды жағдайы 
жағдайында өткізіледі. Білім алушы үшін психологиялық жайлылық атмосферасы 
жасалады. Эмоционалды қолдау, баланы мадақтау жүзеге асырылады. 
Тапсырмаларды орындау барысында теріс ескертулер мен бағалау, оның ішінде 
қателерді көрсету кезінде (сараптама жағдайын қоспағанда) пайдаланылмайды.
Қоршаған орта туралы білім мен идеяларды анықтау үшін баламен әңгіме 
өткізіледі. Әңгіме тұрақты сұрауларсыз жанама мәселелерге негізделген.
Тексеру барысында ата-аналардың қатысуымен баланың мінез-құлқына, іс-
әрекеттеріне, жүйке-психикалық денсаулығының жай-күйіне түсініктеме беру 
және бағалау қажет емес. Сондай-ақ, әдепті түрде ата-аналардың балаға қатысты 
жағымсыз ескертулері мен теріс сипаттамалары оның қатысуымен тоқтатылады. 
Ата-аналар балаға теріс әсер еткен кезде тексерудің бір бөлігі бөлмеде ата-
аналардың қатысуынсыз жүргізіледі.
Эксперименттік зерттеу барысында тапсырмалардың баланың жасына және 
мүмкіндіктеріне қол жетімділігі қамтамасыз етіледі, ал тапсырмаларға нұсқаулар 


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
берген кезде олардың іс-әрекет тәртібін түсінуі қамтамасыз етіледі. Психикалық 
функцияны немесе дағдыларды зерттеу бір емес, бірнеше, жақын әдістермен 
жүзеге асырылады.
Сенсорлық және қимыл-қозғалыс бұзылыстары бар балаларды тексеру 
кезінде баланы тексеру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін арнайы 
әдістемелер мен қосалқы жабдықтар пайдаланылады.
ПМПК оқу қызметін зерттеу үшін мүмкіндігі шектеулі балалардың барлық 
санаттарына арналған жалпы білім беретін және арнайы мектеп ұйымдарының 
оқу бағдарламаларымен, бастауыш мектептің жекелеген оқу пәндері бойынша 
оқулықтармен қамтамасыз етіледі.
131. Аутизмі бар баланы психологиялық-педагогикалық тексеру шарттары 
мыналарды қамтиды.
1) Тексеру жағдайында баланың назарын қорқытатын және/немесе қатты 
тартатын, оны заттармен әрекеттен алшақтату мүмкін болмайтын заттар болмйды. 
Ата-аналардан баланың қорқатын нәрселері (бейтаныс адамдар, кез-келген заттар, 
ойыншықтар (мысалы, жұмсақ, үлпілдек немесе механикалық ойыншықтар) 
алдын ала анықталады. Балаларды тексеру кезінде медициналық нысанды киюге 
жол берілмейді.
2) тексеру баланың жақсы көңіл-күйі, оң немесе бейтарап эмоционалды 
жағдайы болған жағдайда жүргізіледі. Егер бала соматикалық дисфункционалды 
болса, ұйықтағысы келсе немесе басқа себептермен үнемі байланыс жасаудан бас 
тартса, онда жаңа тексеру тағайындалады.
3) тексеруге арналған бөлменің ауданы баланың кеңістікте еркін қозғалу 
мүмкіндіктеріне сәйкес келеді. Зерттеуге арналған жабдықта ынталандырушы 
эксперименттік материалдан басқа, қарапайым балалар ойыншықтарында аутист 
балалар үшін әдетте қызықты болатын заттар мен ойыншықтар бар (сенсорлық 
әсері бар ойыншықтар мен заттар, физиологиялық доп және сенсорлық доптар, 
сабын көпіршіктері, әртүрлі текстураның беті бар заттар, текшелер, жолақтар, 
цилиндрлер, сақиналар, арқандар, сусымалы материал).
4) аутист бала айқын үрей, бейтаныс адамдар мен жерден қорқу, тексеруге 
негативизм байқалса, байланыс біртіндеп орнатылады.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
132. Аутизмі бар баланы психологиялық-педагогикалық тексерудің негізгі 
әдістері мыналарды қамтиды:
1) анамнестикалық мәліметтер жинау, баланың даму тарихын, медициналық 
және психологиялық-педагогикалық құжаттарды зерделеу;
2) сауалнама және ата-аналармен әңгімелесу (M-CHAT (М-ЧАТ), ата-
аналарға арналған диагностикалық карталар). Бала туралы қосымша ақпарат алу 
үшін ата-аналарға балаға сипаттаманы еркін түрде немесе белгілі бір жоспарға 
сәйкес жазу ұсынылады;
3) баланы бақылау (баланың ата-аналармен, мамандармен қарым-қатынасы 
мен өзара іс-қимылының ерекшеліктері, сондай-ақ оның ойындары мен мінез-
құлқы);
4) әдістемелерді, тестілерді, тапсырмаларды пайдалана отырып, баланың 
психикалық дамуының әртүрлі аспектілерін эксперименттік зерттеу.
Бағдарламада қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттесу 
ерекшеліктерін зерттеу үшін аутизмді диагностикалық тексеру жоспарынан бөлек 
әдістер мен әдістер қолданылады.
Аутизмі бар балаларды психологиялық-педагогикалық тексеру балалардың 
психикалық даму нормативтерін ескере отырып жүргізіледі, психологиялық-
педагогикалық тексерудің әдістері мен әдістемелері пайдаланылады.
133. Психологиялық-педагогикалық тексерудің нәтижесі ерекше білім 
беруді қажет ететін балалардың әлеуметтік-педагогикалық классификациясына 
сәйкес даму бұзылыстарын бағалауды қамтитын ПМПК қорытындысы болып 
табылады.
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды әлеуметтік-педагогикалық 
жіктеуге мыналар кіреді:
1) есту қабілетінің зақымдалуы: нашар еститін, естімейтін және кохлеарлы 
импланты бар бала. Денсаулық сақтау ұйымының сурдолог-дәрігерінің есту 
жағдайы туралы және ПМПК сурдопедагогінің есту-тілдік қабылдауының даму 
деңгейі туралы қорытындысы негізінде қойылады.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
2) көру қабілетінің зақымдалуы: нашар көретін, көрмейтін бала. денсаулық 
сақтау ұйымының офтальмолог-дәрігерінің көру қабілетінің жағдайы туралы және 
ПМПК тифлопедагогінің көріп қабылдауының даму деңгейі туралы қорытындысы 
негізінде қойылады.
3) тірек-қозғалыс аппаратының бұзылысы: жеке күтімді талап етпей өз 
бетінше жүріп-тұратындар; арнайы жүріп-тұру құралдарының және (немесе) 
техникалық компенсаторлық (көмекші) құралдардың көмегімен жүріп-
тұратындар; бірге еріп жүретін тұлғаның көмегін талап етіп өз бетінше жүріп-
тұрмайтындар. ПМПК невропатолог-дәрігерінің және/немесе тірек-қозғалыс 
аппараты функциясының жағдайы туралы денсаулық сақтау ұйымы хирургының 
қорытындысы негізінде қойылады.
4) зерде зақымдалуы: жеңіл, орташа, ауыр және терең зерде зақымдалуы 
(жеңіл, орташа, ауыр және терең ақыл-ой кемістігі диагноздарына сәйкес келеді). 
ПМПК және/немесе денсаулық сақтау ұйымының психиатр-дәрігерінің зерде 
жағдайы туралы және ПМПК психологінің зерденің даму деңгейі туралы 
қорытындысы негізінде қойылады.
5) Психикалық дамудың тежелуі. ПМПК психиатр-дәрігерінің және/немесе 
ПМПК психологының психикалық даму деңгейі туралы қорытындысы негізінде 
қойылады.
6) сөйлеу тілінің дамымау түрі, формасы және деңгейі көрсетілген сөйлеу 
тілінің бұзылысы: фонетикалық-фонематикалық, сөйлеу тілінің жалпы дамымауы, 
тұтығу, ринолалия, дизартрия, дисграфия, дислексия және т.б. ПМПК 
невропатолог-дәрігерінің және ПМПК логопедінің сөйлеу бұзылысының түрі 
туралы қорытындысы негізінде қойылады.
7) қарым-қатынас және әлеуметтік өзара іс-әрекеттің бұзылысы немесе 
қиындықтары (аутизм және аутисттік спектрдің бұзылуы диагноздарына сәйкес 
келеді). ПМПК және/немесе денсаулық сақтау ұйымының психиатр-дәрігерінің 
және/немесе ПМПК психологының әлеуметтік-коммуникативтік даму 
ерекшеліктері мен деңгейі туралы қорытындысы негізінде қойылады.
8) мінез-құлықтың бұзылыстары немесе қиындықтары (гипебелсенділік 
және зейін тапшылығының синдромы диагнозына және басқа мінез-құлық 
бұзылыстарына сәйкес келеді, соның ішінде әлеуметтік-психологиялық 
факторларға байланысты). ПМПК және/немесе денсаулық сақтау ұйымының 


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
психиатр-дәрігерінің және/немесе ПМПК психологының мінез-құлық 
ерекшеліктері туралы қорытындысы негізінде қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет