Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы
нормативтік құқықтық
актілердің
эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в
электронном виде
70. Сөйлеу тілінің ауыр түрдегі бұзылыстары бар балаларға арналған
арнайы мектепке/сыныпқа төмендегі балалар қабылданады:
1) 1-2 деңгейдегі сөйлеу тілінің жалпы дамымауы,
оның ішінде алалия,
афазия, дизартрия (анартрия) бар;
2) ринолалия, ринофония, ауыр дәрежедегі тұтығу, жазбаша сөйлеу тілінің
ауыр түрдегі бұзылыстары (аграфия, дисграфия, алексия, дислексия) бар;
3) балалар аутизмі және аутистік спектрдегі бұзылыстармен қабаттасқан 1-2
деңгейдегі сөйлеу тілінің жалпы дамымауы (бір
сыныпта аутистік спектрдегі
бұзылыстары бар екі баладан артық емес);
4) кохлеарлық импланты бар.
71. Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларды оқытудың арнайы шарттары:
1) сөйлеу тілі режимін сақтай отырып, барлық сабақтарда және сабақтан
тыс уақытта логопедтік
көмек көрсету;
2) қарым-қатынасы мен мінез-құлқы бұзылған балаларға психологиялық
көмек көрсету;
3) білім алушылардың сөйлеу тілінің даму деңгейін ескере отырып,
екінші
және үшінші тілді үйрену.
4-параграф. Тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар балаларға
арналған арнайы мектептер қызметінің тәртібі
72. Тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы
мектепке/сыныпқа төмендегі балалар қабылданады:
1) өз бетінше қозғалып, жеке қолдауды талап етпейтіндер;
2) арнайы жүріп-тұру құралдары және (немесе)
техникалық орын толтыру
(қосалқы) құралдарының көмегімен қозғалатындар;
3) өз бетімен жүре алмайтындар.
73. Тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар балаларды оқытудың
арнайы шарттары ретінде төмендегі жағдайлар болып табылады:
Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
1) кедергісіз орта құрып, әмбебап дизайн жасау: пандустар, кең жақтауы бар
есіктер, мүгедектер арбасын көтергіштер, баспалдақтар
бойымен құрылатын
көтергіштер, автоматты түрде ашылатын есіктер және т.б.;
2) арнайы ұйымдастырылған қозғалыс режимін сақтау;
3) зердесі, сөйлеу тілі, мінез-құлығы және қарым-қатынас барысында
бұзылыстары болған кезде арнайы педагогикалық, логопедтік және
психологиялық көмек көрсету;
4) топтар бойынша емдік дене шынықтыру сабақтарын өткізу: өздігінен
жүретіндер, жеке қолдауды талап етпейтіндер; қозғалыс белсенділігі орташа
түрде шектелген; қимыл-қозғалысында бұзылыстары айқын (ауыр) (ата-аналары
не заңды өкілдерімен бірлесіп айналысады);
5) арнайы жабдықталған кабинеттерде физиотерапиялық ем-шаралар,
уқалау, ортопедиялық
жұмысты қамтамасыз ету; материалдық-техникалық базасы
болған жағдайда: емдік жүзу, атпен жүру және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: